Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет113/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
109 
Табандарында жиналмалы темірбетон элементтер немесе болат қаңқалар орнатылған 
тартпалары бар тоғыспаларды табандарды орналастырып болғаннан кейін бірден қалауға 
кірісу керек.
4.7.8.6 Екі қисықты тоғыспалардың іргелес толқындарының жанасатын қырлары 
қалыпта 10 °С жоғары сыртқы ауа температурасында 12 сағаттан кем емес уақыт бойы 
ұсталады. Оң температура бұдан төмен болған жағдайда тоғыспаларды қалыпта ұстаудың 
ұзақтығы 4.7.11 бөлім нұсқауларына сәйкес көбейтіледі.
Ауа температурасы 10 

С болған жағдайда қалыптары шешілген аркалар мен 
тоғыспаларды қалау аяқталғаннан кейін 7 тәулік өтпей жүктеуге болмайды. Оң 
температуралар бұдан төмен болған жағдайда ұстау мерзімдері 4.7.11 бөлімге сәйкес 
көбейтіледі. 
Жылытқышты тоғыспалардың бойымен тіректерден құлыпқа қарай симметриялы 
түрде төсеген кезде тоғыспалардың бір жағына жүктелуіне жол бермеу керек.
Аркалар мен тоғыспаларда кергіштерді қалау аяқтала салысымен керу қажет.
4.7.8.7 Аркаларды, тоғыспаларды және табандарын қысқы мезгілде аязға қарсы 
қоспалары бар ерітінділермен және 4.7.1 бөлімге сәйкес орташа тәуліктік температура 
минус 15 

С төмен болмаған жағдайда, салуға жол беріледі. Төмен температурада 
салынған тоғыспалар толқындары қалыпта 3 тәуліктен кем емес уақыт бойы ұсталады.
4.7.9 Кесек тастан және кесектасты бетоннан қалау
4.7.9.1 Кесек тастан және кесектасты бетоннан жасалған тас конструкцияларды 
қисық пішінді кесек тасты пайдалану арқылы салуға жол беріледі. Қалаудың сыртқы 
жақтары үшін төсеме тас қолданылады.
4.7.9.2 Кесектасты қалаудың бет жақ тасын қазу, шағыл тастармен толтыру және бос 
ойықтарға ерітіндіні толтырып салу, сондай-ақ жіктерді байлау арқылы 25 см биіктікке 
дейін көлденең қатарлармен қалайды.
Шөкпейтін топыраққа салынатын биіктігі 10 м дейінгі ғимараттардағы 
конструкцияларда кесектасты қалау үшін тастар арасындағы жіктерге құйылма ерітінді 
салынады.
4.7.9.3 Қалаумен қатар кесектасты қалауды кірпішпен немесе қисық пішінді таспен 
қаптау кезінде қаптаманы қалаумен әр 4-6 бүкқалаулар қатары, бірақ 0,6 м аспайтын 
қашықтық сайын тік қатармен байлап отыру керек. Кесектасты қалаудың көлденең жіктері 
қаптаманың байлайтын тік қатарларымен үйлесіп отыруға тиіс.
4.7.9.4 Кесек тастан жасалатын қалауда үстіңгі қатар тастарының арасындағы 
аралықтарға ерітінді толтырып салынғаннан кейін ғана үзіліс жасауға болады. 
Жұмыстарды ерітіндіні үстіңгі қатар тастарының бетіне төсеу арқылы қайта бастайды.
4.7.9.5 Кесектасты бетоннан жасалған конструкцияларды салу кезінде келесі 
ережелер сақталу керек:
- бетон қоспасын биіктігі 0,25 м аспайтын көлденең қабаттармен қалау керек;
- бетонға батырылатын тастардың өлшемі салынып жатқан конструкция 
салыңдығының 1/3 бөлігінен аспауға тиіс:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет