ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
107
4.7.6.5 Аражабын, арқалық, маңдайша плиталарын
тікелей силикат блоктарына
маркасы М100 және одан жоғары қалыңдығы 15 мм аспайтын цемент ерітіндісі қабаты
арқылы тірейді.
4.7.6.6 Ірі силикат блоктарын монтаждау кезінде грейфер қамтуының көмегімен жүк
көтергіштігі 500 кг төмен емес кран қолданылады.
Өлшемі 248 мм × 248 мм × 250 мм блоктарды кран қолданбай (қолмен)
қалауға
болады.
Ғимараттың әр қабатын қалау үшін алдымен барлық өлшемдерді,
қырлары мен
бұрыштарының көлденеңдігін, тік сызықтығын мұқият тексере отырып, қалыңдығы 80 мм
бастап 123 мм дейiнгі бақылау қатарын қалайды.
4.7.6.7 Ірі силикаттық блоктардан жасалған қабырғаларды қиятын жерлерде
байламды әрбір қатар сайын өткізу қатарының есебінен жүзеге асыру.
4.7.6.8 Силикатты панелді ойық-адыр арақабырғаларын
қабырғаларға және бір-
бірімен бекіту үшін перфорацияланған жолақтық тоттануға төзімді болаттан жасалған
және әр ерітінді жігіне салынатын анкерлермен орындау қажет.
Монтаждау кезінде панелді арақабырғалардың
тұрақтылығын инвентарлық
бекіткіштермен қамтамасыз етеді.
4.7.6.9 Уақытша бекіткіштермен ажыратылмаған силикатты ойық-адырлы панелді
арақабырғалардың биіктігі қалыңдығы (7-8) см арақабырғалар үшін 1
метрден және
қалыңдығы 10 см арақабырғалар үшін – 1,5 м артық болмауы керек.
Үстіңгі бөлігі аражабындарға бекітілетін қалыңдығы 70 мм силикатты панелді
арақабырғаларының биіктігі 2,5 м-ден; қалыңдығы 80 мм болса – ұзындығы 6 м
аспауы
тиіс
Ірі көлемді арақабырғаларда ғимараттың көтергіш конструкцияларына бекітілген
жауырындық қабырғалар немесе тіреуіштер (ұстындар) қарастырылу керек.
Достарыңызбен бөлісу: