Свод правил республики казахстан


 Аркалар мен тоғыспаларды қалаудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет112/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

4.7.8 Аркалар мен тоғыспаларды қалаудың ерекшеліктері
4.7.8.1 Аркаларды (оның ішінде қабырғалардағы аркалы маңдайшаларды) және 
тоғыспаларды цемент немесе аралас ерітіндіден жасалған дұрыс пішінді кірпіштен немесе 
тастардан қалайды.
Аркаларды, тоғыспаларды және олардың табандарын қалау үшін портландцемент 
негізінде дайындалған ерітінділер қолданылады. Төменгі оң температурада баяу қататын 
қожпортландцементті және пуццолан портланцементін пайдалануға рұқсат етілмейді.
4.7.8.2 Аркалар мен тоғыспаларды екі қисықты тоғыспаларды қалауға арналған 
қалыптың жұмыс сызбалары бар жоба бойынша қалау керек.
4.7.8.3 Екі қисықты тоғыспалар қалыптары өлшемдерінің жобалық өлшемдерден 
ауытқулары: тоғыспаның кез-келген нүктесіндегі көтерілу жебесі бойынша көтерілудің 
1/200, қалыптың ортаңғы қимадағы тік жазықтықтан жылжуы бойынша тоғыспаның 
көтерілу жебесінің 1/200, тоғыспа толқынының ені бойынша – 10 мм аспауы тиіс.
4.7.8.4 Екі қисықты тоғыспалар толқындарын қалыпта белгіленетін жылжымалы 
үлгілер бойынша қалау керек.
Аркалар мен тоғыспаларды табанынан құлыпқа қарай бірден екі жағынан қалау 
керек. Қалаудың жіктерін толығымен ерітіндіге толтыру керек. Қалыңдығы кірпіштің
1/4 құрайтын екі қисықты тоғыспалардың үстіңгі бетін қалау барысында ерітіндімен 
ысқылау керек. Кірпіштер мен тастардан жасалған тоғыспалардың ені бұдан жоғары 
болған жағдайда қалаудың жіктеріне сұйық ерітінді құю керек, бұл жағдайда 
тоғыспалардың үстіңгі беті ерітіндімен ысқыланбайды.
4.7.8.5 Екі қисықты тоғыспаларды олардың табандары салынып болғаннан кейін 
сыртқы ауа температурасы 10

С жоғары болған жағдайда, 7 тәулік өтпей қалауға 
болмайды. Ауаның температурасы 10 

С бастап 5 

С дейін болған жағдайда бұл мерзім
1,5 есе, 5 

С бастап 1 

С дейін болған жағдайда – 2 есе көбейеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет