ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
117
Ұңғымаларды қабырға қалыңдығының 1/2 бөлігінен аспайтындай (10 - 30) см
тереңдікке бұрғылау қажет.
4.7.14.7 Тас қабырғаларын алдын ала кернеленген болат тартпалармен нығайту
кезінде тартпалардың дәлме-дәл керілу күшін динамометриялық кілттің көмегімен немесе
өзгерістерді бөлік бағасы 0,001 мм сағат типті индикатормен өлшеу арқылы бақылап
отыру керек.
Тартпаларды қысқы уақытта жылытылмайтын үй-жайларда орнату кезінде оларды
жаз мезгілінде температуралардың айырмаларын ескере отырып тарту қажет.
4.7.14.8 Аралық қабырғалар мен ұстындарды жаңа қалауға ауыстыруды жұмыс
сызбаларына және ЖАЖ сәйкес уақытша бекіткіштерді орнатудан және терезе
толтырмаларын бөлшектеуден бастайды. Аралық қабырғаны жаңадан қалаған кезде жік
жұқа болу үшін кірпішті тығыздап шөктіру қажет.
Жаңа қалауды ескі қалауға (3 - 4) см дейін жеткізу қажет. Саңылауды М100 төмен
емес қатты ерітіндімен мұқият шекімелейді. Уақытша бекіткішті жаңа қалаудың беріктігі
жобалық беріктіктің 70 % кем емес мөлшеріне жеткеннен кейін алуға рұқсат етіледі.
4.7.14.9 Ұстындар қабырғаларын, аралық қабырғаларды болат немесе темірболат
құрсаулармен, сондай-ақ жұмыс сызбалары бойынша көмірпластиктерден жасалған
құрсаулармен нығайтуға болады.
4.7.14.10 Тас қалауын нығайту кезінде төмендегілер тексеріледі:
- тас қалауы бетінің дайындық сапасы;
- нығайту конструкцияларының жобаға сәйкестігі;
- конструкциялар элементтерін кернелегеннен кейін бекіткіш бөлшектердің
дәнекерлену сапасы;
- нығайту конструкцияларының тоттануға қарсы қорғауының бар болуы және
сапасы.
4.7.15 Тас конструкцияларын қабылдау
Тас конструкциялары өлшемдері мен орналасуларының жобалық шамалардан
ауытқуы 41-кестеде көрсетілген шамалардан артық болмауы керек.
41-кесте – Тас конструкциялардың өлшемдері мен орналасуындағы ауытқулар
Тексерілетін
конструкциялар
(бөлшектер)
Шекті ауытқулары, мм
Бақылау (әдісі,
тіркеу түрі)
қабырғалардың ұстындардың
Іргетас-
тың
Қабырға-
лардың
Ұстын-
дардың
кірпіштен, пішіні қисық
керамикалық және табиғи
тастардан, ірі блоктардан
кесек тастан және
кесектасты бетоннан
Конструкциялард
ың қалыңдығы
± 15
± 10
± 30
± 20
± 20 Өлшеу, жұмыс
журналы
Тірек
беттерінің
белгілері
- 10
- 10
- 25
- 15
- 15
Жоғарыдағыдай
|