Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет123/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
122 
дәнекерлеуші орындаған кезде - жапсардың басына және аяғына. Клеймоны қоюды 
ауыстыруда дәнекерлеушілер қолдарымен атқару схемасын құрастыруға жол
беріледі.
4.8.1.12 Дәнекерлеу жұмыстары үшін сапаны өндірістік бақылауды ГОСТ 16037 
бойынша және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізу
керек.
4.8.2 Болат конструкциялардың монтаждалған қосылыстарын құрастыру және 
дәнекерлеу
4.8.2.1 Дәнекерленетін элементтер жиектерінің жіктер орналасқан жерлерін және 
беттерін қолмен немесе механизациялап доғалы дәнекерлеу кезінде оған іргелес ені 20 мм 
кем емес беттерді, және автоматтандырып дәнекерлеу кезінде ені 50 мм кем емес беттерді, 
сондай-ақ бастапқы және шықпа жұқатақтайшалардың жанасқан жерлерін тоттан, 
майлардан, бояудан, кірден, ылғалдын және т.б. тазартып отыру керек. Сонымен қатар 
аққыштық шегі 390 МПа (40 кгс/мм
2
) асатын болат конструкциялардың дәнекерлеп 
қосылған жерлері мен құрылғылардың жанасатын беттерін де тазалау қажет.
4.8.2.2 Дәнекерлеуді тұрақты режимде жүргізу қажет. Автоматтандырылған 
дәнекерлеу кезінде дәнекерлеу тогі мен доғалыдағы кернеудің берілген шамаларының 
шекті ауытқулары 

5 % артық болмауы керек.
Конструкцияларды аққыштық шегі 390 МПа (40 кгс/мм
2
) асатын болаттардан 
дәнекерлеу кезінде тікелей қыздыру немесе кептіру пешінен алынған электродтарды екі 
сағат бойы пайдалану керек.
4.8.2.3 Конструкцияларды қолмен және механизацияланған доғалы дәнекерлеуді 
қыздырмай, 43-кестеде келтірілген ауа температурасында жүргізуге рұқсат етіледі. 
Температура төменірек болған жағдайларда дәнекерлеу кезінде болаттың 100 м енін 
қосылыстың әр жағынан 120 

С - 160 

С дейін алдын ала қыздырады. 
4.8.2.4 Монтаждық құрылғылардың аққыштық шегі 440 МПа (45 кгс/мм
2
) және одан 
жоғары, қалыңдығы 25 мм жоғары болаттан жасалған конструкциялар элементтеріне 
дәнекерленген жерлерін алдын ала 120 

С - 160 

С дейін қыздыру қажет.
4.8.2.5 Флюспен автоматтандырылған доғалы дәнекерлеуді жылытпай 44-кестеден 
келтірілген ауа температурасында жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
43-кестеде көрсетілген температурада флюспен автоматтандырып дәнекерлеу үшін 
120 

С - 160 °С алдын ала жергілікті жылыту қажет.
4.8.2.6 Коспасы аз немесе көміртекті болаттардан жасалған конструкцияларды 
элементтерді қалыңдығына қарамастан минус 65 

С дейінгі ауа температурасында алдын 
ала жылытпай атоматтандырып электрқожды дәнекерлейді.
4.8.2.7 Есептік температурасы минус 40 

С төмен аудандарда салынатын немесе 
пайдаланылатын конструкцияларда механизацияланған әрлеуді, ақаулары бар 
дәнекерленген жіктер орындарын оттегі және ауа-доғал үстірт кесу, сондай-ақ қалпына 
келтірілетін жерді 43-кестеде көрсетілген температурада пісіру үшін дәнекерленген 
қосылыс аймағын 120 

С - 160 °С дейін алдын ала жылыту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет