ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
124
орналасуына сәйкес келетін дәнекерлеу режимдері (ірілендіру кезінде) немесе абразивті
құралмен механизацияланған тазарту қамтамасыз етілуге тиіс.
4.8.2.12 Автоматтандырылған дәнекерлеу түрлерімен жүзеге асырылатын түйіспелік,
бұрыштық және таврлық қосылыстар жігінің басы мен соңын дәнекерленетін
элементтердің сыртына бастапқы және шықпа жұқатақтайшаларға шығару керек.
Дәнекерлеу аяқталғаннан кейін жұқатақтайшаларды оттегімен кесу арқылы алып тастау
қажет. Жұқа тақтайшалар орнатылған жерлер абразивті құралмен тазартылуға тиіс.
Қолмен дәнекерлеу және механизацяланған доғалы дәнекерлеу кезінде бастапқы
және шықпа жұқатақтайшалардың қолданылуы БМК сызбаларында қарастырылу керек.
Доғаны қозғауға және ойықты негізгі металға жіктің сыртына шығаруға рұқсат
етілмейді.
4.8.2.13 Дәнекерленген қосылыстың көп қабатты жігінің әрбір келесі білікшесін
(қабатын) алдыңғы білікшені (қабатты) қоздан және металл шашырандыларынан мұқият
тазартқаннан кейін жасайды. Жіктің жарықтары бар жерлерін келесі қабаттарды салғанға
дейін алып тастау қажет.
4.8.2.14 Дәнекерленген конструкциялардың және дәнекерленген қосылыстардың
жасалған жіктерінің беттерін дәнекерлеу аяқталғаннан кейін қождан, балқытылған
металдың шашырандылары мен қатпарларынан тазарту керек.
Дәнекерлеп қосылған құрастырмалы және монтаждау құралдарын негізгі металды
бұзбай және соққы әсерлерін пайдаланып алып тастау керек. Олардың дәнекерлеп
қосылған жерлерін негізгі металмен бірдей тазартып, жосықсық ақауларды түзету қажет.
Дәнекерлеу аяқталғаннан кейін монтаждық дәнекерленген қосылыстардағы
жинақтау бұрамаларын алып тастау қажеттігін монтаждау ұйымы анықтайды.
4.8.2.15
Құрастырмалы
және
монтаждау
құрылғылары
бекіткіштерінің
дәнекерленген қосылыстарының, іліндірулерінің сырттан байқау арқылы анықталатын
сапасы негізгі дәнекерленген қосылыстардың сапасынан төмен болмау керек.
4.8.2.16 Дәнекерленген қосылыстардың жиектері мен монтаждау кезінде жасалған
жіктерінің конструктивтік элементтерінің өлшемдері, және дәнекерленген қосылыстар
жіктері қималарының өлшемдерінің шекті ауытқулары ГОСТ 5264, ГОСТ 11533,
ГОСТ 11534, ГОСТ 8713, ГОСТ 14771, ГОСТ 15164, ГОСТ 23518 көрсетілген шекті
ауытқуларға сай болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |