ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
127
қапсырма шегелер немесе дөңгелек бастырмалар монтаждалатын конструкцияларды
уақытша бекіту үшін қолданылатын кондукторларды бөлшектемей бекіткеннен кейін
жылыту керек;
- ванналық тәсілдермен дәнекерленген шыбықтар қосылыстарының салқындау
жылдамдығын асбестпен орау арқылы төмендету; қалыптайтын түгендеу элементтері бар
болған жағдайда аталған элементтерді дәнекерленген қосылыс 100 °С дейін және одан
төмен суығаннан кейін шешіп алу керек.
Жалпақ элементтерді, салма және байланыстыратын бұйымдарды қолмен және
механизацияланған дәнекерлеу кезінде 4.8.2.3 талаптары сақталады.
4.8.3.10 Шыбықты арматураны минус 50˚С дейінгі қоршаған орта температурасы
кезінде дәнекерлеуге ДЖАЖ келтірілген арнайы әзірленген технология бойынша жол
беріледі.
4.8.3.11 Шыбықтардың теріс температурада дәнекерленген бастырмалары немесе
қапсырмалары және салма бұйымдар элементтері бар қосылыстарындағы жіктердің
ақауларын дәнекерленген қосылыстың іргелес жерлерін (200-250) °С дейін жылытқаннан
кейін жояды. Қалпына келтірілетін жерді де жылытқаннан кейін дәнекерлеп бітеу қажет.
4.8.3.12 Арматура, арматуралық және салма бұйымдар объектіге ҚР СТ EN 10080,
ГОСТ 10922 бойынша дайындаушы зауыттың сапасы жөніндегі құжатпен (төлқұжатпен,
сертификатпен) және сәйкестік сертификатымен бірге жеткізіледі.
4.8.3.13 Жобада талап етілетін арматуралау параметрлерін қамтамасыз ету үшін
арматураны төсер алдында және темірбетон конструкциялары элементтерін құрастырар
алдында шыбықты арматура кластары мен диаметрлерінің, болат маркаларының және
салма
бұйымдардың
жалпақ
элементтері
мен
байланыстыратын
бөлшектер
қалыңдықтарының, ұштастыратын элементтер өлшемдері мен құрастыру дәлдіктерінің, ал
дәнекерлеу алдында – ұштастырылатын шыбықтар өлшемлері мен дайындау дәлдіктерінің
жобаның ТК маркалы сызбаларына және ГОСТ 14098, ҚР СТ EN 10080, ГОСТ 10922
талаптарына сәйкестігін анықтау қажет.
Дәнекерлеу аяқталғаннан кейін дәнекерленген қосылыстарды қож бен металл
шашырандыларынан тазарту керек.
4.8.3.14 Қабылдау кезінде дәнекерленген қосылыстар сапасы ГОСТ 10922 және
ГОСТ 23858 бойынша бақылаудан өткен соң ДЖАЖ сәйкес конструкциялардың жасалған
арматуралық және салма бұйымдар партиялары бетондауға рұқсат беретін жасырын
жұмыстар актілерімен рәсімделеді. Оларға көзбен шолып, аспаптық және
ультрадыбыстық бақылау жөніндегі хаттамалар тіркеледі.
4.8.3.15 Ақаулары табылған дәнекерленген қосылыстарды түзетіп, қабылдау
бақылауының оң нәтижелеріне қол жеткізілгеннен кейін тоттануға және оттан қорғау
шаралары қабылданады.
|