Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет127/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
126 
Жылыту тәсіліне, жабдықтарға және температураны бақылауға қойылатын талаптар 
дәнекерлеу жұмыстарын атқару жобасының (ДЖАЖ) технологиялық регламентінде 
(карталарында) келтірілу керек.
 
46-кесте –Арматура класы
Арматура 
класы 
Дәнекерлеуге арналған электродтардың ұсынылатын типтері
ванналық, ванналық-жікті және түйіспе 
қосылыстарына көп қабатты жік салу 
арқылы доғалы 
түйіспе және айқаспа 
қосылыстардың созылған 
жіктерімен
доғалы қолмен 
іліндірмелі
А-I 
Э42, Э46, Э42А, Э46А 
А-II 
Э50А, Э55 
Э42А, Э46А, Э50А 
Э50А, Э55 
A-III; 
Ат-IIIС 
Э55, Э60 
Ат-IVС 
Э50А, Э55, Э60 
Ескертпе -Э55 және Э60 типті электродтар жоқ болған жағдайда А-III, Ат-IIIС және Ат-IVС класс 
болатын ванналық-жікті және көп қабатты жіктермен доғалы дәнекерлеуді Э50 А электродтарымен жүргізуге 
рұқсат етіледі
4.8.3.4 Дәнекерлеу (ванналық, көп қабатты немесе созылған жіктермен) алдында 
арматуралық шыбықтардың қосылған жерлерін дәнекерленген жіктен немесе түйіспеден 
10 мм – 15 мм асатын ұзындығы бойынша тазарту қажет.
4.8.3.5 Ендірмелерді түйісетін шыбықтар класы мен диаметрімен бірдей кластағы 
және диаметрдегі арматурадан жасайды. Шыбықтарды бастырмалармен түйістіріп 
дәнекерлеу кезінде саңылаудың жеңсырықтарын бастырма ұзындықтарын сәйкесінше 
ұзарту арқылы теңестіру қажет.
4.8.3.6 Түйісетін арматуралық өзектер арасындағы регламенттелген саңылаулар 
артқан кезде ұзындығы кемінде 80 мм бір аралық ендірмені қолдануға жол беріледі.
4.8.3.7 Арматуралық шыбықтардың конструкция бетонынан шығу ұзындығы 
нормативтік құжаттарда регламенттелген саңылаулар бар болған жағдайда 150 мм төмен, 
және ендірмені пайдаланған жағдайда 100 мм төмен болмау керек.
4.8.3.8 Құрастырмалы темірбетон конструкцияларының элементтерін олардың 
жобалық орналасуын бекітетін құрылғылар мен құралдарды пайдаланып құрастыру қажет. 
Салмалы тірелу бұйымдары бар конструкцияларды негізгі жіктерде қолданылатын 
дәнекерлеу материалдарын қолдану арқылы іліндірмелермен қосымша құрастыру керек.
Іліндірмелерді келесі жік салынатын жерлерге орналастырады.
4.8.3.9 Қоршаған ауа температурасы минус 30 

С болған жағдайда қолмен немесе 
механизацияланған дәнекерлеу үшін:
- ауа температурасын әр 3 °С төмендеген сайын (0 °С бастап) дәнекерлеу тогін 1 % 
арттырып отыру;
- арматура шыбықтарын түйіспеден (90 - 150) мм ұзындыққа газ жалынымен
(200 – 250) 

С дейін алдын ала жылыту; шыбықтарды оларға түгендеу қалыптары, болат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет