Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет136/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
136 
а) айнала тегістемелерде немесе салынған конструкциялардың үстінде бөлшектер 
мен кесілмелі материалдарды шабуға, жонуға және басқа да жолдармен өңдеуге, немесе 
конструкциялар бөлшектерін дайындауға (бөлшектерді орны бойынша қиюластыруды 
қоспағанда);
б) ағаштар мен төсеніштер тіректерін тақта кесінділерімен, кірпіштермен және басқа 
да штаттан тыс құрылғылармен және материалдармен сыналауға;
в) төсеніштерді, жалғамалы сатыларды, басқыштарды астарға немесе төбенің 
тікпесіне қоюға;
г) төсеме төбелер мен төбе жапсарында жүруге және тұруға. Қызметкерлердің 
көзделген жерлерден өтуі үшін арқалықтарға ені кемінде 0,7 м уақытша төсемдер төсеу 
қажет; 
д) ағаштарды, төсеніштерді және төсемдерді құлату және аудару тәсілімен 
бөлшектеуге; 
е) төсеніштердің астына кесетін материалдар, бөренелер, өңделген бөлшектер 
тастауға және т. б.
5.11 Көтергіш және қоршау конструкцияларды салу және монтаждау жұмыстарын 
жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек.
Бетонмен жасалатын жұмыстарды жүргізу кезінде санитарлық және өрт қауіпсіздігі, 
өндірістік орындарындағы жарылыс қауіпсіздігі, оның ішінде пішіндерді майлау үшін 
қолданылатын заттектерді, химиялық қоспаларды пайдаланумен, олардың су ерітінділерін 
және химиялық қоспалары бар бетондарды дайындаумен байланысты қауіпсіздік 
талаптарын сақтау қажет.
5.12 Жоба құжаттамасында көтергіш және қоршау конструкцияларды салу және 
монтаждау жұмыстарын орындау барысында қабылданған шаралар бойынша 
қарастырылған қоршаған ортаны қорғау шаралары қалдықтардың шығарылуын азайту, 
шуыл деңгейін төмендету және басқа да жағымсыз әсерлерді азайту арқылы қоршаған 
ортаға жағымсыз әсерлердің барынша азайтылуын қамтамасыз ету керек.
5.13 Атмосфераға шығарылатын фракциялары әртүрлі шаң түйіршіктерінің 
мөлшерін азайту үшін шаң ұстайтын және шаңнан тазартатын қондырғыларды орнату 
қажет.
5.14 Конструкцияларды салу және монтаждау кезінде топырақ пен топырақ 
суларының ластану деңгейін төмендету мақсатында ағын суларды тазарту жұмыстарын 
ұйымдастыру керек.
5.15 Қоршаған ортаны қорғау үшін айналымға өнеркәсіптік қалдықтардың мейлінше 
салынуына жағдай жасайтын шараларды қарастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет