Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет15/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
10 
4.1.35 Қолмен қалау кезінде ерітіндінің қалыпты жалғасу беріктігін бақылауды 7 
тәул. мөлшерінде жүргізу керек.
4.1.36 Жалғастыру көлемі 28-күндік мөлшердегі беріктіктің кемінде 50 % құрауы 
тиіс. Жобалық көлемдегі тас қалауды жалғастыру беріктігінің сәйкессіздігі кезінде 
жобалық ұйым мәселені шешкенге дейін жұмысты атқаруды тоқтату қажет.
4.1.37 Ғимараттарды салу кезінде қабырғалардағы текшелер мен жарылуларды, 
аражабын плиталарының арасындағы аралықтарды және темірбетон қосымшалары
белдеулер мен орамдар, сондай-ақ оларда орналастырылған арматуралар үшін белгіленген 
басқа да жерлерді ерітінділермен және құрылыс қоқыстарымен ластауға жол берілмейді.
4.1.38 Жобада көзделген сейсмикаға қарсы жапсарлардың енін азайтуға тыйым 
салынады. 
4.1.39 Сейсмикаға қарсы жапсарларды қалыптар мен құрылыс қоқыстарынан босату 
қажет.
4.1.40 Сейсмикаға қарсы жапсарларды кірпішпен, ерітіндімен, кесетін 
материалдармен және т.б. бітеуге тыйым салынады. 
4.1.41 Қосу және матау шығырларын орнату кезінде жобада көзделген саңылау 
арқылы тік арматураға еркін кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
4.1.42 
Құрылыс-монтаж 
жұмыстарының 
сапасын 
өндірістік 
бақылауды 
қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асыру тиіс. 
Қабылдау бақылауында мынадай құжаттамалар ұсынылуы тиіс: 
- конструкцияларды даярлаушы кәсіпорын, сондай-ақ жобалық ұйыммен – сызба 
әзірлеушімен келісілген монтаждау ұйымы рұқсат еткен енгізілген негіздер бар (олар 
болған кезде) атқарушылық сызбалар және оларды келісу туралы құжаттар; 
- болат, темірбетон және ағаш конструкцияларға зауыттық техникалық паспорттар
- құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын материалдардың 
сапасын қанағаттандыратын құжаттар (сертификаттар, паспорттар); 
- жасырын жұмыстарды куәландыру актілері; 
- конструкцияларды аралық қабылдауға жауаптылар актілері
- конструкцияның жағдайының атқарушылық геодезиялық схемалары; 
- жұмыс журналдары; 
- дәнекерлеу қосылыстарының сапасын бақылау туралы құжаттар; 
- конструкцияларды сынау актілері (егер сынау осы ережелер жиынының ережесінде 
немесе жұмыс сызбаларында көзделсе); 
- қосымша ережелерде немесе жұмыс сызбаларында көзделген басқа да құжаттар. 
Тиісті негіздеме кезінде жобаларға осы ережеде көзделгендерден айрықшаланатын 
параметрлер дәлдігіне, бақылау көлемі мен әдісіне талаптар белгілеуге жол беріледі. Бұл 
жағдайда конструкциялардың геометриялық параметрлерінің дәлдігін ГОСТ 21779 және 
ГОСТ 21780 бойынша дәлдікті есептеу негізінде белгілеу керек.
4.1.43 Жобада жұмысты атқаруда (ЖАЖ) арнайы нұсқаулар болмаған жағдайда, 
элементтердің ауытқушылық мөлшері орнату кезінде қабылдауға арналған шекті 
ауытқушылықтың 0,4 аспауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет