ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
7
Ішкі бақылау нәтижесі құжатталуы тиіс.
Алынатын материалдар мен бұйымдарды ішкі бақылау кезінде көзделген
материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын айғақтайтын жеткізімшінің
(өндірушінің) ілеспе құжаттарының болуы мен мазмұны тексеріледі.
Нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келмейтін материалдар мен бұйымдар
қолданылған жұмыстарды оларды ауыстырғанға немесе жөндегенге дейін тоқтату керек.
Құрылыс салушы (тапсырысшы) жұмысты тоқтағаны және оның себептері туралы
хабардар болуы тиіс.
4.1.13 Бақылау мен сынақтарды тартылған аккредитацияланған зертханалар
орындаған жағдайда, олар қолданатын бақылау мен сынақ әдістерінің бақыланатын
өнімдерге белгіленген нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру.
4.1.14 Стандарттық емес бұйымдарды (конструкцияларды) тасымалдаған, сақтаған
кезде мынадай талаптарды сақтау керек:
- конструкциялар, әдеттегідей, тиісті жобалық (арқалықтар, фермалар, плиталар,
қабырға панельдері және т.б.) жағдайдағыдай болуы тиіс, ал осы шартты орындау мүмкін
болмаған кезде – олардың беріктілігін қамтамасыз ету шартымен тасымалдау мен
монтажға беру (колонна, сатылық марштар және т.б.) үшін ыңғайлы жағдайда болуы тиіс;
- конструкциялар жобада көзделген орындарда орналастырылған құрал-жабдықтар
төсеміне және тік бұрышты қималар төсеміне тірелуі тиіс; көп қабатты арту және бір типті
конструкцияларды қалау кезінде төсемдер мен аралықтар көтергіш құрылғылардың желісі
(ілмек, саңылау) бойынша тігінен немесе жұмыс сызбасында көзделген басқа жерлерге
орналастырылуы тиіс;
- конструкциялар аударылудан, бойлық және көлденең жылжудан, бір-бірінен
немесе көлік құралдары конструкцияларының өзара соққыларынан қорғалуы үшін сенімді
бекітілуі тиіс; бекіту қалғандарының орнықтылығын бұзбай, көлік құралдарынан әрбір
элементті түсіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
- фактураланған үстіңгі бет зақымдану мен ластанулардан қорғауы қажет;
- арматураларды шығару және шығыңқы бөлшектер зақымдалудан сақталуы тиіс,
зауыттық таңба тексеру үшін қолжетімді болуы тиіс;
- монтаждық қосылыстардың ұсақ бөлшектерін салу элементтеріне бекіту немесе бір
мезгілде бөлшектер белгілері мен олардың саны бар биркалармен жабдықталған
ыдыстағы конструкциялармен бірге салу керек; осы бөлшектерді шатырдың астында
сақтау керек;
- бекіткіш бұйымдарды түрі мен таңбасы бойынша, бұрандамалар мен сомындар –
беріктілік санаты мен диаметрі бойынша, ал жоғары беріктілікті бұрандамалар, сомындар
мен тығырықтар – партиялар бойынша сұрыпталған жабық үй-жайда сақтау қажет.
4.1.15 Егер қалау мен сақтаудың белгіленген ережесінің бұзылғаны анықталса,
жұмысты орындаушы оларды кешіктірмей қалпына келтіруі тиіс. Жұмысты орындаушы
дұрыс қаланбаған және сақталмаған материалдар мен бұйымдарды қолданғанда, мәселені
шешкенге дейін қажет жағдайда жобалаушы өкілін және мемлекеттік бақылау (қадағалау)
органын тарту арқылы құрылыс салушының (тапсырысшының) құрылыс сапасына залал
келтірусіз оларды қолдану мүмкіндігі тоқтатылуы тиіс. Бұл шешім құжатталуы тиіс.
|