Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет16/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
11 
4.1.44 Орындалған жұмыстар сәйкестігін бағалауды орындаған кезде бақылау 
рәсімдеріне мемлекеттік қадағалау, авторлық қадағалау тиісті органдарының өкілі, 
сондай-ақ қажет жағдайда тәуелсіз сарапшылар қатыса алады.
4.1.45 Жұмысты орындаушы үш жұмыс күнінен кешіктірмей қалған қатысушыларға 
көзделген рәсімдерді өткізу мерзімі туралы хабарлайды. 
4.1.46 Кезекті жұмыстармен жасырылатын жұмыстарды қабылдау нәтижелері 
(жасырын жұмыстарды куәландыру) жобалық және нормативтік құжаттамалар 
талаптарымен жасырын жұмыстарды куәландыру актілерімен ресімделеді.
Құрылыс салушы (тапсырысшы) анықталған ақаулықтарды қалпына келтіргеннен 
кейін қайтадан куәландыруды талап етеді.
4.1.47 Жекелеген конструкциялардың, конструкциялар ярустарының (қабаттарының) 
сәйкестігін бағалау рәсіміне жұмысты орындаушы осы конструкциялардың, геодезиялық 
атқарушылық схемалардың құрамына кіретін барлық жасырын жұмыстарды 
куәландыратын актілерді, сондай-ақ жобалық құжаттамада және (немесе) мердігерлік 
құрылыс шартында көзделген жағдайда, конструкцияларды сынау хаттамаларын 
тапсыруы тиіс.
4.1.48 
Құрылыс салушы (тапсырысшы) жұмысты орындаушы тапсырған 
атқарушылық геодезиялық схемалардың дұрыстығына бақылау жүгізеді. Осы мақсатта 
жұмысты орындаушы қабылдауды аяқтағанға дейін заттай бекітілген бөлу осьтері мен 
монтаждық бағдарларды сақтау ытиіс.
4.1.49 Жекелеген конструкцияларды қабылдау нәтижелері конструцияларды аралық 
қабылдау актілерімен ресімдеуі тиіс.
4.1.50 Көтергіш және ғимараттар мен имараттардың қоршау конструкцияларын салу 
кезінде қолданылатын материалдар мен бұйымдарды (конструкцияларды) ішкі 
бақылаудың құжатталған нәтижелері, осы материалдарға, бұйымдарға (конструкцияларға) 
сертификаттар мен паспорттар, операциялық бақылау мәліметтері, жасырын жұмыстарды 
куәландыру актілері, жекелеген конструкцияларды аралық қабылдау актілері, басқа 
құжаттар қатарындағы геодезиялық атқарушылық схемалар құрылыс аяқталған 
ғимараттар мен имараттарды қабылдауда тапсырылады.
4.1.51 Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау туралы мәліметтер, оның ішінде 
операциялық бақылау нәтижелерін күнделікті құрылыс конструкцияларын монтаждау
дәнекерлеу жұмыстары, дәнекерлік қосылыстарды тот басудан қорғау, монтаждық 
түйыстер мен тораптарды монолиттеу, бақыланатын кернеу бар бұрандамаларда 
монтаждық қосылыстарды орындау бойынша жұмыс жоспарына сапа менеджменті 
жүйесінің тиісті құжаттарына енгізу, сондай-ақ конструкцияларды монтаждау барысы 
бойынша олардың геодезиялық атқарушылық схемалардағы жағдайын белгілеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет