Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет13/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 

4.1.16 Қалау кезінде бұйымды (конструкцияны) таңбасы бойынша сұрыптау және 
монтаж кезектілігін ескере отырып қалау тиіс.
4.1.17 Кез-келген бұйымды (конструкцияны) сүйретпемен ауыстыруға тыйым 
салынады. 
4.1.18 Тасымалдау мен сақтау кезінде ағаш конструкциялардың сақталуын 
қамтамасыз ету үшін тіреуіш және конструкциялардың жұмсақ аралықтарымен және 
төсемдермен жанасу орындарына орнатылған құрал-жабдық құрылғыларын (ложементті, 
қамыттарды, контейнерлерді, жұмсақ стропаларды) қолдану, сондай-ақ оларды күн 
радиациясының ықпалынан, кезекпе-кезек ылғалдану мен құрғаудан сақтау қажет.
4.1.19 Құрама конструкцияларды, әдеттегідей, көлік құралдары немесе ірілендіру 
стендтері арқылы орнату керек.
4.1.20 Әрбір монтаждық элементті көтеру алдында мыналарды тексеру қажет: 
- оның жобалық таңбаға сәйкестігін; 
- салма бұйымдар мен орнату сызығының жағдайын, кірдің, қардың, қақтың, 
өңдеуде, тегістеуде және бояуда зақымдалудың жоқтығын; 
- жұмыс орнында қажетті біріктіру бөлшектері мен қосалқы материалдардың 
болуын; 
- жүк қармағыш құрылғылар бекіткішінің ақаусыздығы мен сенімділігін; 
- сондай-ақ ЖАЖ сәйкес тас төсеу құралдарымен, сатылармен және қоршаулармен 
жабдықтау. 
4.1.21 Монтаждалатын элементтер стропын жұмыс сызбаларында көзделген 
орындарда орындау және олардың көтерілуін және жобаға жақын жағдайға орнату орнына 
беруді қамтамасыз ету қажет. Строптау орнын өзгерту қажеттілігі кезінде олар жұмыс 
сызбасын әзірлеуші – ұйыммен келісілуі тиіс.
4.1.22 Монтаждалатын элементтерді кез-келген жерде строптауға тыйым салынады.
4.1.23 Ірілендірілген жазық және кеңістіктік элементтерді строптау элементті көтеру 
кезінде олардың беріктігін, орнықтылығын және геометриялық көлемі мен пішінінің 
өзгермеушілігін қамтамасыз етуі тиіс. 
4.1.24 Монтаждалатын элементтерді жұлқымай, шайқамай және айналдырмай
әдеттегідей тартқышты қолдану арқылы бірқалыпты көтеру қажет.
4.1.25 Монтаждық элементтерді орнау кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс: 
- монтаждың барлық сатысында олардың жағдайының орнықтылығы мен 
өзгермеушілігі; 
- қауіпсіз жұмыс өндірісі; 
- тұрақты геодезиялық бақылау көмегімен олардың жағдайының дәлдігі; 
- монтаждық қосылыстардың беріктігі.
4.1.26 Элементтерді қабылданған бағдарлар бойынша (сызық із, қадалық істік, 
тіреуіш, шек және т.б.) жобалық жағдайға белгілеу қажет.
Арнайы салма немесе басқа тіркеуші құрылғылар бар элементтерді осы құрылғылар 
бойынша орнату керек.
4.1.27 Қалыптауға дейін орнатылатын монтаждық элементтер сенімді бекітілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет