Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет43/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

 


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
39 
4.3.2 Негіздер мен іргетастарды орнату 
4.3.2.1 Негіздерді, іргетастарды және қадаларды орнату
Негіздер мен іргетастарды орнату жұмыстары ҚР ЕЖ 5.01-102, ҚР ЕЖ 5.01-101 
талаптарына, осы тараудың және жобаның нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қадалар мен қабық-қадаларды батыру, бұрғы қадаларын орнату, құдық жасау және 
тереңдету, ұсақ салынатын іргетастарды салу ҚР ЕЖ 3.03-112 және қолданыстағы 
нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес бойынша жүргізіледі. 
 
4.3.2.2 Іргетастар блоктарын және ғимараттардың жерасты бөліктерінің 
қабырғаларын орнату 
4.3.2.2.1 Стакан типті іргетастар блоктарын және олардың элементтерін іргетастардың 
осьтік кертпелерін негізге бекітілген бағдарлармен қосарлай отырып немесе орнату 
дұрыстығын геодезиялық құралдармен тексере отырып, екі өзара перпендикулярлы бағыттар 
бойынша бөліктеу осьтеріне қатысты орнату қажет.
4.3.2.2.2 Ленталы іргетастар блоктары мен жертөле қабырғаларын орнатар алдында
ғимарат бұрыштарында және осьтердың қиылысқан жерлерінде күйбелгі блоктарын 
орнатылады. Күйбелгі блоктарын орнату кезінде олардың осьтік кертпелерін бөліктеу 
осьтерінің кертпелерімен екі өзара перпендикулярлы бағыттар бойынша қосарлайды.
Қатардағы блоктарды күйбелгі блоктарының жоспардағы және биіктіктің бойымен 
орналасуын тексергеннен кейін орнатады.
4.3.2.2.3 Іргетас блоктарын, жобалау белгісіне дейін тегістелген құм қабатына дейін 
орнатады. Тегістейтін құм қабатының жобаланған белгіден шекті ауытқуы минус 15 мм кем 
болуы керек.
Іргетастар блоктарын суланған немесе қарлы негіздерге орнатуға тыйым
салынады.
Іргетастар стакандары
мен тірек беттері ластанудан қорғалған болу керек.
4.3.2.2.4 Жертөле қабырғалары блоктарын байлау талаптарын сақтай отырып орнатады. 
Қатардағы блоктарды орнату кезінде олардың астын төменгі қатар блоктарының жиегі 
бойынша, үстін – бөліктеу осі бойынша бағыттайды. Сыртқы қабырғалардың топырақ 
деңгейінен төмен блоктарын қабырғаның ішкі жағы бойынша, ал одан жоғары – сыртқы жағы 
бойынша тегістеу керек. Блоктар арасындағы тік және көлденең жіктер ерітіндіге 
толтырылып, екі жағынан тігілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет