Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет45/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
41 
4.3.4.2 Беларқалар, ұстынаралық (байланыстық) плиталар, фермалар (итарқа 
арқалықтары), фермалар (арқалықтар) бойынша аражабындар плиталары құрғақ күйде 
көтергіш конструкциялардың тірек беттеріне орналастырылады.
4.3.4.3 Аражабындардың плиталарын төбе жақтағы жіктің бойындағы іргелес 
плиталардың беттерін қосарлай отырып, қалыңдығы 20 мм артық емес ерітінді
қабатының үстіне қою керек.
4.3.4.4 Кранасты арқалықтарды биіктігі бойынша тексеру кезінде болат табағынан 
жасалған төсемдерді пайдалана отырып, аралықтағы немесе тіректегі ең жоғарғы белгіге 
бағытталу керек. Төсемдер пакеті қолданылған жағдайда олар бір-бірімен дәнекерленген, 
пакет тірек пластинасына дәнекерленген болуға тиіс.
4.3.4.5 Фермалар мен итарқа арқалықтарын тік жазықтықта олардың тік сызыққа 
қатысты тіректердегі геометриялық осьтерін тексеру арқылы орнатады.
 
4.3.5 Қабырға панельдерін орнату
4.3.5.1 Бір қатарлы қиылған сыртқы қабырға панельдерін келесідей теңестіру
қажет:
- қабырға жазықтығында – панельдің астыңғы жақ деңгейіндегі осьтік кертпесін 
бөліктеу осінен шығарылған аражабындағы бағдар кертпесімен қосарлау арқылы. Панельдер 
түйіспелерінде жиналған дәлсіздіктерді қалпына келтіру аймақтары бар болған жағдайда 
(панельдер лоджиялар, эркерлер және ғимараттың басқа да шығыңқы немесе басылып қалған 
жерлерде түйіскен жағдайда) теңестіруді панельдер арасындағы жіктің жобалық өлшемін 
белгілейтін үлгілер бойынша жүргізуге болады;
- қабырға жазықтығынан – панельдің төменгі қырын бөліктеу осьтерінен 
шығарылған аражабындағы орнату кертпелерімен қосарлау арқылы;
- тік жазықтықта – панельдің ішкі қырын тік сызыққа қатысты теңестіру
арқылы.
4.3.5.2 Монтаждық қабатқа қатысты маяктар белгілерінің ауытқушылығы 

5 мм 
аспауы тиіс. Жобада арнайы нұсқаулықтар болмаған кезде маяк қалыңдығы (10-30) мм 
құрауы тиіс.
4.3.5.3 Қаңқалы ғимараттардың сыртқы қабырғаларының белдеу панельдерін 
төмендегідей орнатады:
- қабырға жазықтығының ішінде – панельдер жетжақтары мен ұстындар осьтері 
кертпелерінің арасындағы ара қашықтықты панельдің орнатылу деңгейінде түзету арқылы 
ұстындар арасындағы оське қатысты симметриялап;
- қабырға жазықтығынан: панель асты деңгейінде – орнатылатын панельдің төменгі 
ішкі қырын төмен тұрған панельдің қырымен қосарлау арқылы; тақта үсті деңгейінде – 
панельдің қырын ось кертпесімен немесе ұстынның қырымен қосарлау арқылы (үлгінің 
көмегімен).
4.3.5.4 Қаңқалы ғимараттардың сыртқы қабырғаларының аралық қабырға 
панельдерін төмендегідей салыстырып тексереді:
- қабырға жазықтығының ішінде – орнатылып жатқан панель асты осінің кертпесін 
белдеу панелі салынған бағдар кертпесімен қосарлау арқылы;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет