Свод правил республики казахстан


 Қалау барысында қабырғаларды қаптау



Pdf көрінісі
бет111/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

4.7.7 Қалау барысында қабырғаларды қаптау
4.7.7.1 Қаптау жұмыстары үшін портландцемент және пуццолан цементі негізінде 
жасалған цемент-құм ерітінділерін пайдалану керек. Цементтің құрамындағы сілтілердің 
мөлшері 0,6 % артық болмауы керек. Ерітіндінің стандартты конусты батыру арқылы 
анықталатын жылжығыштығы 7 см артық болмауы керек, ал плитканы болат 
байланыстармен бекіткен жағдайда қабырға мен плитканың арасындағы саңылауды 
толтыру үшін – 8 см жоғары болмауға тиіс.
4.7.7.2 Кірпіш қабырғаларын ірі бетон плиталарымен қалаумен қатар қаптау кезінде 
келесі талаптарды сақтау қажет:
- қаптау үшін алдымен ғимарат қабаттарының арасындағы аражабындар деңгейінде 
қалауға салынатын қаптама плиталарының тіректік Г-үлгілі қаптама плиталары қатарын 
қалайды, содан кейін қабырғаға бекіту отырып, қатардағы жалпақ плиталарды орнатады;
- қаптама плиталарының қалыңдығы 40 мм жоғары болған жағдайда қаптама қатары 
қалаудан бұрын, қаптау қатарының биіктігіне дейін тұрғызылады;
- плиталардың қалыңдығы 40 мм төмен болған жағдайда алдымен плита қатарының 
биіктігіне дейін қалайды, содан кейін қаптама плитасын орнатады;


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
108 
- жұқа плиталарды қабырға қалауын тұрғызғанға дейін плиталарды ұстап тұратын 
бекіткіштер орнатылған жағдайда ғана орнатуға рұқсат етіледі;
- кез-келген қалыңдықтағы қаптама плиталарын қабырға қалауынан екі плиталар 
қатарына биік орнатуға тыйым салынады.
4.7.7.3 Қаптама плиталарын оның сұлбасының бойына ерітінді жік сала отырып 
немесе бір-біріне тығыз орнату қажет. Соңғы жағдайда плиталардың түйісетін қырлары 
әрлену керек.
4.7.7.4 Қабырғаларды төмен температураларда қабырғамен (алдыңғы бет кірпішімен 
немесе таспен, силикат және ауыр бетоннан жасалған плиталармен) қатты байланыстырып 
қаптаумен қатар тұрғызу кезінде натрий нитритінің аязға қарсы қоспасы бар ерітіндісін 
пайдалану керек. Алдыңғы беттік керамикалық және силикат кірпішпен және таспен 
қаптау арқылы қалау кезінде 4.7.11 нұсқаулары бойынша мұздату әдісін пайдалануға 
болады. Бұл жағдайда қалау және қаптау үшін қолданылатын ерітіндінің маркасы М50 
маркасынан төмен болмау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет