Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет49/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бағалау критерийлері: анықтауыш болатын сөз таптарын, олардың анықтауыш қызметіндегі тұлғалық және мағыналық ерекшелігін, күрделі анықтауыштың түрлерін, үйірлі анықтауыш және оның тұлғалық, мағыналық ерекшелігін меңгеру және айқындауыш, оның түрлері мен олардың анықтауыш мүшеден айырмашылығын «Венн диаграммасы» арқылы көрсете білуі, ауызша баяндау дағдысы, теориялық білімдерін бекіту мақсатында орындаған практикалық тапсырмалардың дұрыстығы, топта және жеке жұмыс жасай білуі ескеріледі.
Әдебиеттер: 4, 6, 9
Қосымша әдебиеттер: 2,7, 13, 16


Семинар №9
Тақырыбы: Толықтауыш, түрлері, ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: толықтауыштың түрлері, тура толықтауыштың жасалу жолдары, олардың мағыналық ерекшеліктері, барыс және жатыс, шығыс және көмектес септік септік жалғаулы жанама толықтауыштардың мағыналық ерекшелігі, тура толықтауыштың жалғаулы және жалғаусыз түрде жұмсалу ерекшелігі мен ол туралы қазақ, түркі тіл біліміндегі зерттеулерге шолу жасау, ауызша баяндау, практикалық тапсырмалар орындау арқылы теориялық білімдерін бекіту.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. Тура толықтауыштың жасалу жолдары: зат есімді, сын есімді, сан есімді, есімдікті, етістікті, үстеулі, модаль сөзді тура толықтауыштардың мағыналық ерекшеліктері.

  2. Барыс және жатыс септік жалғаулы жанама толықтауыштардың мағыналық ерекшелігі.

  3. Шығыс және көмектес септік жалғаулы жанама толықтауыштардың мағыналық ерекшелігі.

  4. Тура толықтауыштың жалғаулы және жалғаусыз түрде жұмсалу ерекшелігі мен ол туралы қазақ, түркі тіл біліміндегі көзқарастар.

Әдістемелік нұсқаулық: тура толықтауыштың жасалу жолдары: зат есімді, сын есімді, сан есімді, есімдікті, етістікті, үстеулі, модаль сөзді тура толықтауыштардың мағыналық ерекшеліктерін, барыс және жатыс септік жалғаулы жанама толықтауыштардың мағыналық ерекшелігі мен шығыс және көмектес септік жалғаулы жанама толықтауыштардың мағыналық ерекшелігін көрсету, тура толықтауыштың жалғаулы және жалғаусыз түрде жұмсалу ерекшелігі мен ол туралы қазақ, түркі тіл біліміндегі көзқарастарға шолу жасап, практикалық тапсырмалар орындау, мысалдар келтіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет