Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет50/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Өткізу формасы: жеке жұмыс, семантикалық карта толтыра отырып жаттығу тапсырмаларын орындау
Бағалау критерийлері: зат есімді, сын есімді, сан есімді, есімдікті, етістікті, үстеулі, модаль сөзді тура толықтауыштардың мағыналық ерекшеліктерін, барыс және жатыс септік жалғаулы жанама толықтауыштардың мағыналық ерекшелігі мен шығыс және көмектес септік жалғаулы жанама толықтауыштардың мағыналық ерекшелігін білуі, тура толықтауыштың жалғаулы және жалғаусыз түрде жұмсалу ерекшелігі мен ол туралы қазақ, түркі тіл біліміндегі көзқарастарды білуі, практикалық тапсырмалар орындап, мысалдар келтіруі, жазбаша орындаған тапсырмаларының дұрыстығы ескеріледі.
Әдебиеттер: 6, 8
Қосымша әдебиеттер: 2, 9, 15, 15
Семинар №10
Тақырыбы: Пысықтауыштың мағыналық түрлері мен жасалу жолдары, тұлғалық ерекшеліктері. Сөйлемнің үйірлі, бірыңғай мүшелері.
Сабақтың мақсаты: Пысықтауыштың мағыналық түрлері мен жасалу жолдары, тұлғалық ерекшеліктері мен сөйлемнің үйірлі, бірыңғай мүшелері туралы баяндау, теориялық білімдерін практика жүзінде дәлелдеу мақсатында тапсырмалар орындау
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1.Пысықтауыштың мағыналық топтары. Мезгіл және мекен пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігі.
2.Себеп және мақсат пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігі.
3.Амал және мөлшер пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігі.
Әдістемелік нұсқаулық: зерттеу еңбектеріне шолу жасап, пысықтауыштың мағыналық топтарын: мезгіл және мекен пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігі, себеп және мақсат пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігі, амал және мөлшер пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары мен тұлғалық, мағыналық ерекшелігін айту, жаттығу, тапсырмалар арқылы бекіту.
Өткізу формасы: жеке жұмыс: пысықтауыштың барлық мағыналық түрлеріне көркем әдебиеттен мысалдар келтіру, жұптық жұмыста бекіту сұрақтарын дайындап, жауап беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет