2-аралық бақылау тапсырмалары (тест)
1. Атрибуттық қатынастағы сөз тіркесі:
А) көп балалы
В) үкімет үйі
С) қолтаңба
Д) таудың басы
Е) ағаш есік
2.Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын шылаулар:
Себебі, өйткені,сондықтан
Кейін ,дейін, шейін
Не, немесе, кейде, бірде
Және, әрі, да, де
Қатар, қабат, жайында
Сияқты, секілді,тәрізді
Үшін,арқылы,туралы
3.Күрделі анықтауыштардың жасалу жолдары қандай? Мысалмен келтір.
4.Сөйлемде толымсыз етіп құру:
Үнемдеп сөйлеу амалы
Стильдік көрсеткішті көрсету амалы
Жедел пікірлесу амалы
Пікірді нақтылап жеткізу амалы
Пікірді жан-жақты жеткізу амалы
Стильдік қайталауды болдырмау амалы
5.Екі негізді сөйлем ерекшелігі:
Тұрлаулы мүшелердің екеуіне негізделіп құрылады
Сөйлем жақты болып құрылады
Екі тұрлаусызө мүшеге негізделіп құрылады
Құрылымдық потенциалы тар болады
Ауызекі сөйлеуде аз қолданылады
6. Тура толықтауыштың жалғаулы және жалғаусыз түрде жұмсалу ерекшелігі.
7.Бір негізді сөйлем түрлері:
Жалпылама жақты сөйлем
Белгілі жақты сөйлем
Жақсыз сөйлем
Жалаң сөйлем
Толымсыз сөйлем
8.Жалпылама жақты сөйлем:
Бастауыш қатыспаған, баяндаушы негізінен екінші, үшінші жақта болып келетін сөйлем
Бас мүшесі белгілі жақта тұрғанымен, семантикасы жалпыланған сөйлем
Мақал-мәтелдер мен афоризмдердің құрылысындағы сөйлем
Баяндауышы үш жаққа ортақ болатын сөйлем
Логикалық бастауыш қатысқан сөйлем
Бастауышы жоқ, бірақ оны баяндауыштар арқылы табуға болатын сөйлем
Грамматикалық бастауышы қатысқан сөйлем
Иесі белгісіз іс-әрекеттің орындалуы жайлы айтылатын сөйлем
9. Сөйлемге тән модальділік белгінің түрлері.
10.Леп белгісі қойылатын эмоциялы сөйлем:
Ойлануын ойланам-ау
Жап есікті
Қап, ертерек ойлансамшы
Оған не жоқ десеңші
Ойланбақ түгіл ойланамын
Ойландым да қалдым
11.Есім баяндауышты сөйлем:
Отбасымызбен кешке жиналамыз
Әкем – сәулетші
Әпкем-университет студенті
Анам жұмыс істемейді
Ағам-банк қызметкері
12.Айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы?
13.Етістік бастауышты сөйлем:
Бір көрген- таныс,екі көрген-біліс
Көрмес түйені де көрмес
Кішіпкйілдік-кісінің көркі
Жұмыс-өмірлік іс
Тіршілік негізгі-еңбек
Балалы үйдің ұрлығы жатпас
Мәуелі ағаш-майысқақ
14.Сөйлемдегі пысықтауыштың ерекшеліктері:
A) сөйлемге баяндауышпен тіркесіп енеді
В) етістіктің есіммен тіркесуінен жасалады
C) табыс септік арқылы байланысады
D) ілік септігі арқылы байланысады
E) үстеу сөз табынан жасалады
F) сөйлемге бастауыш мүшемен тіркесіп енеді
G) жатыс септіктер арқылы байланысады
15. Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай қандай түрлері бар? Мысал келтір.
16.Толықтауыш қатысқан сөйлем:
A) Жемісті ағаштың басы төмен
В) Ағайынды жігіттердің мінездері ұқсас
C) Білімді өміріне серік ет
D) Ағайынды алыстан сыйлаған дұрыс
E) Жемісті күзде тойып жейміз
17. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің коммуникативтік мақсаты:
A) предикаттық қимыл мен сапаны нақтылау
В) субъект пен предикатты толық сипаттау
C) пікірді ықшамдап жеткізу
D) пікірді тиянақтау
E) пікірді экспрессивті баяндау
F) ақпаратты жеткізу
18. Бір негізді сөйлемдерге сипаттама бер.
19. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлем:
A) Мұғалім оқушыларды түгендеді, сабақты бастады
В) Жастардың киінісі жеңіл, әрі ыңғайлы
C) Үйімізге тезірек жетуге асығып, көлікті шыдамсыздана қүтіп тұрмыз
D) Түс қайта күн бұлттанып, аспан түнере бастады
E) Бүгін күн жылып, қар еріді
F) Түнде алдымен жаңбыр, сосын қар жауатынын хабарлады
G) Мұғалім оқушыларды түгелдеді, сабақ басталды
20. Жалаң болып құралған сөйлем:
A) Жүргізуші күтіп тұр екен
В) Көлікке отырдық
C) Көлік жылдам оталды
D) Концерт аяқталды
E) Біз де есікке қарай аяңдадық
21. Синтаксистік оралымды күрделенген жай сөйлемдерге 5 мысал келтір.
22.Талап ету мәніндегі бұйрықты сөйлем:
A) Сендер үйді жинаңдар
В) Әкең біраз демалып алсын
C) Түсінсеңіздер, қайта беріңіздер
D) Мен тамақ істейін
E) Енді әркім өз шаруасымен айналысатын болсын
23.Іс иесімен оның қимыл- әрекеті қатынасына құрылған сөйлем:
A) Осылай келе жатқаны - бір- бірін ұнатқандығынан
В) Аспан ашық
C) Қол ұстасып келе жатқан - екеу
D) Жігіттің де орнынан тұрғаны - шарасыздықтан ғана
E) Жігіт пен қыз өзен жағалап ұзақ қыдырды
F) Жұлдыздар жарқырайды
G) Қайтатын мезгілдің жақындағанын меңзеген қыз орнынан тұрды
24. Ықшамдалған сөйлемдердің ерекшелігі.
25. «Шегеру» амалымен құрылған сөйлем:
А) Әкесі баласын ойлаған жоқ
В) Әйтсе де баласы оған кінә таққан жоқ
С) Баласын ойлаған әке жоқ
D) Әкесі баласын ойламады
E) Бірақ мұны түсінген әке жоқ
F) Әйтсе де оған кінә таққан бала жоқ
G) Бірақ әкесі мұны түсінген жоқ
26.Жай сөйлемнің ерекшеліктері:
А. Компоненттері сөз тұлғалар, сөз тіркестері
В. Сөйлем ішіндегі интонация кідіріс компоненттер ара жігін ажыратады
С. Бірнеше предикативтік қатынасқа негізделеді
D. Бір ғана предикативтік қатынасқа негізделеді
Е. Жай пікірді хабарлайды
F. Күрделі пікірді хабарлайды
27. Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің орын тәртібі қандай заңдылыққа бағынады?
28. Еліктеу сөз қатысқан экспрессивті – эмоциялы сөйлем:
А) Ол тып-тыныш сабақ оқып отырған еді
В) Ақырын тұрып, тырп-тырп басып, терезеге жақындады
С) Желдеткішті ашып жіберді
D) Бөлмеде басқа селт еткізер дыбыс жоқ
E) Ылғалды ауа лап етіп ішке енді
F) Сыртта жауын да тырс-тырс тамшылап тұр
29. Қазақ тіліндегі меншіктіліктік қатынас:
А) тәуелдік формалы зат есімнен, заттанған есім тұлғасынан көрінеді
В) жіктік жалғаулы сөз тіркесінен болады
С) ілік септігінің нолдік тұлғасы мен тәуелдеулі сөз тіркесі тұлғасынан жасалады
D) атау септігі тұлғасынан көрінеді
E) ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөз тіркесінен байқалады
F) орын тәртібі арқылы байланысқан сөздер тіркесінен көрінеді
30. Жай сөйлем құрылысындағы тема-ремалық қатынас дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |