9. Аралық бақылау тапсырмалары
1-аралық бақылау тапсырмалары (тест)
1. Негізгі синтаксистік ұғым-категориялар
А) Синтаксистік тұлға, синтаксистік құрал, синтаксистік байланыс, синтаксистік қатынас
В) Матасу, қабысу, жанасу, қиысу, меңгеру
С) Еркін тіркес, тұрақты тіркес, түйдекті тіркес
Д) Есімді тіркес, салаласқан тіркес, етістікті тіркес
Е) Басыңқы сыңар, бағыныңқы сыңар
2. Сөз тіркесі, жай сөйлем синтаксисі мәселелеріне арнап еңбек жазған ғалымдар және олардың еңбектері.
3. Синтаксистік байланыс ережесі
А) Өзара тілдік тұлғалар арасындағы тең дәрежелі байланыс
В) Бір-біріне бағынышты тілдік тұлғалардың арасындағы байланыс
С) Байланысушы сыңарлардың арасынан туындайтын грамматикалық мағына
Д) Тұрлаулы мүшелер арасындағы жақтық, шақтық, модальдық мағына
Е) Тілдік бірліктердің бір-бірімен байланысу заңдылықтары
4. Сөз тіркесі мен сөздің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
5. Аралас байланыс ережесі
А) Өзара тілдік тұлғалар арасындағы тең дәрежелі байланыс
В) Бір-біріне бағынышты тілдік тұлғалардың арасындағы байланыс
С) Байланысушы сыңарлардың арасынан туындайтын грамматикалық мағына
Д) Сөйлем ішіндегі негізгі тұлғалардың жақтық, шақтық байланысы
Е) Күрделі тілдік бірлік сыңарларының бағына, әрі тең дәрежеде байланысы
6. Матаса байланысқан күрделі сөз тіркестеріннің ерекшеліктері.
7. Предикаттық қатынас қатары
А) Анықтауыштық, баяндауыштық
В) Толықтауыштық, бастауыштық
С) Пысықтауыштық, баяндауыштық
Д) Мекендік, мезгілдік.
Е) Бастауыш-баяндауыштық
8. Жанасудың қабысудан айырмашылығы.
9. Синтетикалық тәсіл амалдары
А) Аналитикалық тәсіл, орын тәртібі амалы, лексикалық тәсіл
В) Аналитикалық тәсіл, синтетикалық тәсіл, аралас тәсіл
С) Жалғау түрлері: жіктік, көптік, септік, тәуелдік
Д) Интонация, орын тәртібі, шылау сөздер
Е) Синтетикалық тәсіл, аралас тәсіл, орын тәртібі амалы
10. Күрделі бастауыштың жасалу жолдары.
11. Түйдекті тіркес қатысқан тіркесім
А) Қаңтарда күн суытты
В) Айтқаннан кейін жақындады
С) Науқастың беті бері қарады
Д) Қатты қардан әрең жүріп келеді
Е) Боран да, жел де тоқтамады
12. Модаль сөзді бастауыштары бар 5 сөйлем жаз.
13. Есім сөз тұлғалардың ешбір қосымшасыз байланысуы
А) Жанасу
В) Матасу
С) Меңгеру
Д) Қиысу
Е) Қабысу
14. Сөйлемге тән басты белгілер.
15. Ертерек келді тіркесімінің дұрыс талдануы
А) Сабақтас байланыс, предикаттық емес, аналитикалық тәсіл: орын тәртібі, қабысу
В) Сабақтас байланыс, предикаттық емес, аналитикалық тәсіл: интонация, қабысу
С) Орайлас байланыс, предикаттық емес, синтетикалық тәсіл: тәуелдік жалғау, қабысу
Д) Салалас байланыс, предикаттық емес, аналитикалық тәсіл: орын тәртібі, жанасу
Е) Сабақтас байланыс, предикаттық емес, аналитикалық тәсіл: орын тәртібі, жанасу
16.Бастауыш:
А) Зат есімдердің сапасын анықтайды
В) Қимылдың субъектісі болатын мүше
С) Ойды тиянақтап тұрады
Д) Айтылатын ойға негіз болатын мүше
Е) Субъектінің сындық сапасын білдіреді
17.Үйірлі бастауыштың күрделіден айрмашылығы.
18.Етістік баяндауышты сөйлем:
А) Отбасымызбен кешке жиналамыз
В) Әкем – сәулетші
С) Әпкем-университет студенті
Д) Анам жұмыс істемейді
Е) Ағам-банк қызметкері
19.Күрделі баяндауыштың жасалу жолдары. Мысал келтір.
20.Сөйлем:
А. Пікір алу үшін жұмсалатын тілдік тұлға
В. Атрибуттық қатынастағы сөздер тобы
С. Құрылымдық, коммуникативтік дербестігі
D. Күрделенген атауыштық тұлға
Е. Пысықтауыштық қатынастағы сөздер тобы
21. Баяндауыштың грамматикалық тұлғалары:
А) табыс септік жалғаулары
В) жіктік жалғауы
С) жатыс септік жалғаулары
Д) атау септік жалғаулары
Е) барыс септік жалғаулары
22. Тілдік бірлік ішіндегі сөз тіркесі:
А)Қырық тоғыз.
В) Үйге келді
С) Алып денелі.
Д) Кілт тоқтады.
Е) Жәрдем ету.
23. Меңгерудің негізгі белгілерін көрсет.
А.сөздердің барыс, табыс, шығыс, көмектес септіктері арқылы байланысуы.
В.сөздердің орын тәртібі арқылы байланысуы
С.сөздердің атау мен іліктен басқа септік жалғауы арқылы байланысуы
Д.сөздердің пысықтауыштық қатынаста келуі.
Е. сөздердің шылаулар арқылы байланысуы
24. Жай сөйлем құрылысындағы тема мен рема дегеніміз не?
25. Қабыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз:
А) талапты азамат
В) түймедейді түйедей ету
С) үлкен үй
Д) жаны ашу
Е) анамның моншағы
26. Тұрақты тіркестің бағыныңқы сыңарда жұмсалуы:
А) Айтқаның есімнен шығып кетті.
В) Дұшпаның салы суға кетті.
С) Науқастың беті бері қарады.
Д) Көзіне көк шыбын үймелейтінін айтып салды.
Е) Көзді ашып-жұмғанша барып келді.
27. Үстеулі жанаса байланысқан тіркес:
А.Әдейі келу.
В.Қалаға бару.
С.Кілтпен ашты.
Д.Қасақана бару.
Е.Әдепті студент.
28. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қай сөйлемде қойылуы тиіс?
А) Олардың сөзіне еру азғындау.
В) Айтқаның есімнен шығып кетті.
С) Ән деген қиын өнер
Д) Жолаушы ауылға сәскеде жетеді
Е) Қазақтың осынысы ұнайды.
29. Синтетикалық тәсіл арқылы байланысқан сөзтұлғалар қатары.
А) Сендер балықшысыңдар.
В) Ол – мұғалім.
С) Менің айтып отырғаным мынау
Д) Ертерек келді
Е) Көркем өнер.
30. Жеке сөзтұлғалардың интонация арқылы байланысуы
А) Жанасу
В) Матасу
С) Қиысу
Д) Меңгеру
Е) Қабысу
Достарыңызбен бөлісу: |