11.Курстық жұмыстар жазу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар: Қарастырылмаған.
12. Бағалау критерийлері:
Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша пайызбен анықталады::
Қ% = 1Р(30%) +2Р(30%) +Е(40%)
түсіндірме:
1Р – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;
2Р – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;
Е – емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші.
Аудиториялық жұмысты бағалау критерийлері
90-100
|
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
|
Студенттің сабаққа белсенді қатысуы, оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап беруі, арнайы терминдерді білуі, дұрыс сөйлеу нормаларын ұстануы, өз ойын, көзқарасын дәлелді жеткізе білуі, салыстырмалы анализ жасай алуы, зерттеу еңбектері, монографиялармен жұмыстана білуі, материалды қорытындылай, өз тұжырымын жасап, мысалдар келтіріп, өз пікірін айта алуы есепке алынады.
|
70-89
|
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
|
Студенттің тапсырманы уақытында орындауы, көркем әдебиетпен жұмыстана білуі, бірақ толық жауап бермеуі, өтілген материалдармен байланыстыруда, мысалдар келтіруде қиналуы, студенттің пікірі, дәлелдемелері нақты болмаған жағдайда.
|
50-69
|
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
|
Студент қойылған сұрақтарға ішінара дұрыс жауаптар береді, бірақ нақты мысалдар мен дәлелдемелер келтірмей, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз пікірін айта алмай қателіктер жіберсе немесе толық жауап бере алмаған жағдайда.
|
0-49
|
Практикалық жұмыстары жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
|
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе қате жауап беріп, ойын талдап-жинақтай білмесе, курс бойынша материалдарды мүлде меңгермесе.
|
Достарыңызбен бөлісу: |