Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет38/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Бұйрықты сөйлем дегеніміз қандай сөйлем, жасалу жолдары қандай?
2.Лепті сөйлем, реплика ретіндегі лепті сөйлемнің ерекшелігі қандай?
27-дәрістің тақырыбы: Болымды және болымсыз сөйлемдер
Дәрістің мақсаты: Болымды және болымсыз сөйлемдер, олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1.Болымды және болымсыз сөйлемдер.
2.Болымсыз сөйлемдердің жасалу жолдары мен мағыналық ерекшелігі.
Сөйлемдер мағынасына, формасына қарап өзара болымды, болымсыз болып сараланып, мазмұны болымды, болымсыз пікірлерді білдіреді. Болымды пікір затқа белгілі бір сапаның тән, қатысты екенін білдірсе, болымсыз пікір тән емес, қатысты емес екенін көрсетеді: Шойын – металл, ағаш - металл емес. Болымды, болымсыздық форма баяндауыштардың тұлғасы арқылы көрінеді. Өйткені болымды және болымсыз пікір субъект пен предикаттық сапаның қатысына қарай: көше кең, көше кең емес. Сөйлемнің құрамында болымсыздық мағыналы сөз бастауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қызметінде жұмсалады, бірақ бұндай сөйлемдер болымсыз қатарына жатпайды, олар субъект зат пен предикат сапаның қатынасын білдірмейді.Болымсыз сөйлемдердің жасалу жолдары мен мағыналық ерекшелігі:
Болымсыз баяндауыштардың жасалуы.
1.Етістіктердің болымсыз формасы арқылы жасалады. Сен ақталма, бүлдіріп жүрген сен (Б. М.)
2.Болымсыз баяндауыш –ған, -ген тұлғалы есімше –жоқ құрамында жасалады: келген жоқ, көрген жоқ.
3.Тәуелдік жалғауы негізі компонент – есімшеге жалғанады: көргенім жоқ, келгенім жоқ.
4.Жақтық мағынаны білдіру үшін жұмсалатын негізгі форма – жіктік жалғаулар: көрген жоқпын, көрген жоқсың, көрген жоқ.
5.Есімше сөздің болымсыз тұлғасын тудыратын морфологиялық амалы бар: көрмеген - көргенім жоқ – көргенім бар.
6. Болымсыз ұғымды білдіретін сөздер: ешкім, ешқашан, ешнірсе, сол сияқты, еш адам, еш кісі, еш колхозшы еш құрылысшы, еш үй т.т. Бұл сөздер тек болымсыз сөйлемнің құрамында жұмсалып, оның болымсыздық мағынасын күшейте түседі. Қарашаш кіріп еді, кісілер қозғалмады – Қарашаш кіріп еді, ешкім қозғалмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет