Ақсу-Жабағылы атауы қайдан шыққан?
(Тамыры түркілік кезеңнен бастау алған түркібасының топонимикасы)
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдараламасы Қазақстан халқының рухани танымына үлкен қозғау салды. Сол бағдарламаның бір тармағы өлкетануға арналған. Біз шынында осы уақытқа дейін топонимикамызды коммуникативті жүйеде зерттеп келдік. Енді өлкетануды түркілік, исламдық, ұлттық таным аясында, бүгінгі заман тұрғысынан, қарастыруымыз қажет. Осындай игі істердің бастамасы ретінде Жабағылы, Абайыл, Иірсу, Алатау атауларының танымдық және атаудың шығу этимологиясын зерттей отырып, оның тарихымызбен сабақтастығын қарастырсақ. Ақсу-Жабағылы қорығының атауымен жабағылы сөзі бүкіл елімізге, қала берді, әлемге етене таныс. Жабағылы деп Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының солтүстік шығысындағы Алатаудың жотасымен, сол тау етегіндегі алқап аталады. Осы алқапта Абайыл елді-мекені де орналасқан. Жабағылы мен Абайл, Майлыкент елді-мекен атауларының қатар жатуы жай кездейсоқтық емес. Бұл атаулардың сыры ана сөзі ме, әлде алқапта осы күнге дейін мекендеп келе жатқан аюлардың тіршілік етуіне байланысты ма, мұны аба сөзін зерттеу барысында көз жеткіземіз. Патшалы Ресейдің дәуірінде: «Джабағылы Шымкеттен 85 шақырым жерде, 22 отбасы, барлығы қазақтар, оның 60-ы еркек, 53-і әйел», - деп көрсетілген. Кеңес империясы тұсында Ново-Николаевка деп аталса, қазіргі уақытта Жабағылы ауылы деп тарихи атауына қайта өзгертілген.
Осы Алатау сілемдерінің Жабағылы атанған тау бөктеріндегі аңғарлардан Жабағылы өзені бастау алады. Ұзындығы шамамен 20-25 шақырымға жуық. Жабағылы өзені Ақбиік ауылының бас жағында Арыс өзеніне құяды. Осы Жабағылы мен Абайл сөздерінің этимологиясына біраз барлау жасасақ. Жабағы сөзіне Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде төмендегідей анықтама берген:
ЖАБАҒЫ зат. Алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі. Құнанбайға сыбаға деп арнаған семіз қойлар, жұнттай жабағылар, арда емген тайлар да болатын (М.Әуезов, Шығ.).
ЖАБАҒЫ зат. Қой мен түйе малының жазғытұрымғы ұйысқан қысқы жүні. Сараң кісілер шыжыған ыстыққа қарамай қойын құрттап, жабағысын қырқып жатыр (Б.Майлин, Шығ.).
ЖАБАҒЫДАЙ сын. Тұтасып, ұйысып қалған, жабағы сияқты. Жайлау беті – тұщы сулы толған көл. Түгін тартса майы шығатын, құнарлы топырақ. Жабағыдай ұйысып жатқан қалың бетеге (С.Мұқанов, Есею жыл.).
ЖАБАҒЫЛАН ет. Кірігіп, ұйысып қалу. Белгіқұлов сол диссертациясын стол үстіне қайта алып қойды. Терезені ашып сартылдатып шаңын қақты. Жабағыланып кеткен шетін қиып, тәртіпке келтірді (С.Шаймерденов, Болашақ.).
ЖАБАҒЫЛАНУ жабағылан етістігінің қимыл атауы.
ЖАБАҒЫЛАУ сын. Жабағыға жақындау.
ЖАБАҒЫЛЫ сын. Жабағысы бар, жабағы ілескен. Отар станциясының үйлері анық көріне бастады. Шет жақта жайылып жүрген жабағылы көк биенің, ешкі-лақ аралас аз ғана қойдың жанынан өттік (Ж.Жұмақанов, Соқпақ.).
Жабағылы атауының шығуы туралы халық арасында әр-түрлі аңыздар сақталған. Соның бірі: ел жігіттері аңға шығып бара жатып суға ағып келе жатқан жылқының бір жабағысын ұстап жағаға шығарып алады. Ол малды өсіріп елдің ортақ төл малына айналдырған. Алғашқы атауымен Жабағы деп аталып кетеді. Кейін одан көп жылқы тарап, жер Жабағылы атанған деседі.
Жоғарыдағы мысалдар мен аңыздарды тұжырымдай келе, Жабағылы атауы – бұл жердің қарының кеш еруіне байланысты деп пайымдауға болады. Себебі, таудың бұл беткейінің қары көктемде кеш ериді. Қалың қардың жабағы жүндей түлей еруіне байланысты аталуы. Екінші, өлкенің ағаш пен жеміс-жидектерге және өсімдіктерге бай болуына байланысты аталуы мүмкін. Себебі, Алатаудың бұл беткейінің қары кеш еріп, жауын-шашын көп түсіп, жерде ылғал мол болғандықтан, жердің ұйыса шыққан шөбіне байланысты Жабағылы аталуы. Үшінші болжам, Көне түркілер рулар мен тайпаларды шенге қарай атағандықтан, Жабағылы тайпаның немесе рудың атауы болуы да мүмкін деп болжам жасағанбыз.
Көп іздену нәтижесінде Жабағылы, Абайыл сөздерінің шығу этимологиясы Ана сөзі екендігіне көз жеткіздік.
Абайыл – Түлкібас аумағындағы Түркістан - Сібір теміржол бойындағы станция. Осы жерде қарсы бағыттағы теміржол айрығы салынған. Сондықтан да Абайл станциясын «Обгонный пункт» деп те атайды. Қарсы бағытта пойыздың болмауына байланысты машинист жоғарғы жылдамдықпен ертеде паравозды, кейіннен тепловозды, қазіргі уақытта электровоздарды жүргізетіндіктен «басып озар жер» деп те әзілдеп атайды. Бұл жердің тарихи-этимологиясын осындай оймен қорытындылағысы келетін адамдар да кездеседі. Шын мәнінде Абайл сөзі көне дәуірден басталады. Темір жол салынбаған уақыттан бұрын да, бұл аймақты Абайл атағандығын тарихтан білуімізге де болады. Негізінен Абайл мен Жабағылы сөздерінің жазылу емлесіне үңілсек, Абайл емес Абаайл, Жабағылы емес Жабаағлы деп жазылу керек. Қазақ тіліндегі жер-су аттарының жазылу емлесінде зат есімдердің бірігуінен жасалған топонимикалық атауларда дауысты дыбыстардың қатар келуінде, ешқандай дауысты дыбыс түспей толық жазылады. Мысалы: Сарыағаш, Мақтаарал.
Енді Абайыл мен Жабағылының дұрыс жазылуын дұрыстағаннан кейін, бұл атаудың шығу этимологиясына біраз барлау жасасақ. Бірінші Аба – сөзінің беретін мағынасы туралы «Көне түркі сөздігенде» былай дейді:
Аба – мать – ана
Аба – отец – әке
Аба – медведь – аю деп, Махмуд Қашқаридың көне түркі сөздігінің 55 бетіндегі 12 - 13 - 14 қатарына сілтеме көрсетсе,
Аба – родительский предки – ата-тек
Аба – междометие – одағай деп Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасының Герат нұсқасының 100 ші бетінің 21 жолына және 116 - бетінің 30 - жолына сілтеме жасайды.
Аба сөзіне орта ғасырдағы қос ғұламада назар аударып көзқарастарын білдірген. Біз осыны назарда ұстай отырып, М.Қашқаридың Аба – медведь – аю деген сөзіне тоқталамыз. Себебі, қазіргі Ақсу-Жабағылы қорығында аюдың қоңыр аю, қара аю, төсі ақ аю деген үш түрі мекендейді. Сондықтанда мұндағы Аба – аю деген мағынадан шығуы мүмкін. Бүгінгі шор халқы аюды (медведь) – апшақ, азып, ада, аба деп атайды. Ал, құлынды (жеребенок) – чабаға, чабақ. Алтай халық тілдерінде аю – айу, айузы, маjалай, маjалайы, абагай, абагайы. Мысалы: Абайгайының ичегени – аюдың апаны. Енді Аил сөзіне келсек: алтай тілдерінде үй (дом) – айыл, айлы, айыл-jурт, jтура, jуразы.
Аил
У киргизов и алтайцев в прошлом поселек кочевого или полукочевого типа, обычно состоявший из родственников различных степеней. У алтайцев А. называлось и отдельное жилище (юрта или шалаш) с усадьбой.
У монгольских народов кочеваю семейная группа.
В Киргизской ССР сельская административно-территориальная единица. В соответствии с этим сельские Советы Киргизской ССР именуются: 'аилные и сельские Советы депутатов трудяшихся'.
Большой энциклопедицеский словарь 2012г.
Аул
Аул (от тат. агыл[1] – традиционное поселение сельского типа, стойбище, община у тюрских народов, а также у других народов Средней Азии и Кавказа[2].
Ойымызды қорытындылай келе Абаайл сөзінің қазіргі мағынасы ана үйі немесе аналардың пірінің мекені. Ал, Абағылы сөзінің мағынасы – ана аулы, ана алқабы деп түсінуіміз қажет. Мұндай топонимикалық атауларға Батыс-Сібір жеріндегі Новокузнецк қаласынан электричкаға 15 минуттық жердегі Абагур-Лесной елді-мекені және Абакан қаласын мысалға келтіруге басталады. Енді бүгіндегі Абағылы сөзінің алдына қыпшақ тіліндегі ж, ю, д дыбыстарының сөйлеу ерекшеліктерінде ж дыбысы қойылып, Абағылы сөзі алдымен Ябағылы кейіннен Жабағылы сөзіне айналған деп болжам жасаймыз.
Жоғарыдағы болжамдар, сөздіктер мен қазіргі түркі тілдеріндегі сөздерді саралай келе аба сөзінің ең бастапқы Махмұд Қашқари көрсеткен ана, әке деген мағынасына тоқталуды жөн көрдік. Себебі Жабағылы алқабы Иірсу алқабының төменгі жағында жатыр. Сондықтан Тәңіртау (Тянь-Шань), Алатау, Ұлытау – деп атаған түркілер тауды әке, етегі Жабағылы ана, Майлыкент – Ұмайлыкент – әйелдердің пірі. Ал Абайл – ананың ауылы, көне замандарда аналардың пірі тұрған ауыл болуы мүмкін. Болжамымызға Иірсу, Абағылы, Абайыл, Майлыкент, Майтөбе атауларының бір аумақта қатар орналасуы дәлел болса керек.
Осы Абағылы алқабынан ағып шыққан Ақсу өзені «ананың сүті» деген мағынаны берсе керек. Бұл топонимикалық атау да тәңірлік наным-сенімнің негізінде туғандығында күмән жоқ. Бүгінгі күнде қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі кейіпкер Жиренше шешен айтты деген:
Әке – Асқар тау
Ана – Баурайындағы бұлақ
Бала – Жағасындағы құрақ, – деген нақыл сөзінің төркінінің өзі сонау тәңірлік наным-сенім негізінде туған философиялық ой таным деп түсінуіміз қажет.Түркілер табиғатқа өте жақын болып, оның тылысым күшін ұғынуға тырысты. Табиғат байлығының бәрін түркілер тәңірдің сыйы деп түсінді. Көкті жұлма, көктей соласын. Ал, ағын суды былғаса немесе жас балалар ағын суға кіші дәрет сындырса, анаңның омырауына жара шығады деп жас балаларды табиғатты аялауға баулыған. Осы аймақтан яғни Алатаудан бастау алатын өзендердің барлығында су атауы бар. Мысалы: Ақсу, Сайрамсу, Қасқасу. Бұл атаулардың барлығы да ақ деген ұғымды береді. Ал Қаратау атырабындағы өзендердің ешқайсысында су деген қосымша мағына жалғайтын зат есім жоқ. Сондықтан да түркілер суды (вода) – су деп емес, сүт деп түсінген. Халқымыздың сүттен ақ, судан таза деген нақылының қатар айтылуының өзі дәлел болса керек. «Қырық жыл өсіп тұрған ағашта, кие пайда болады» - деп оны оны кеспеген. Аң мен құсты көп етіп аулауға, набыт етіп қыруға тиым салған. Соның бір дәлелі ретінде Ақсақ Құлан аңызын айтуға болады. Әрбір нәрсенің киесі бар деп ұғынған. Түлкібас аймағы ежелгі дәуірде қағандардың ордасы болғандығын мұндағы топонимикалық жер-су аттарының өзі дәлел болып тұр. Себебі, Түркілер жылына үш рет қаған ордасына жиналатын жері, Түркібасы төбесі яғни қаған ордасы болса, Тәңірге мінәжат етіп, тасаттық беретін жері Иірсу болған. Сондықтана да бұл болжамға «Құдайдың құдіретін көргін келсе, тауға бар» деген нақыл сөзінің бүгінгі күнге дейін сақталғаны дәлел болса керек. Қазіргі Тянь-Шань тауын Тәңіртау, Алатау, Ұлытау деп бабаларымыздың атағаны шүбәсіз шындық. Ұлытау дегеніміз Ұлықтау деген мағынаны береді. Халқымызда бүгінгі күнге дейін
Ұлытауға шықтың ба,
Ұлар етін жедің бе? – және Ұлардай шулап – деген сөз тіркестерінің өзі Ұлытауымыз Алатау екендігі дәлелдеп тұр. Ұлар құсы – Алатаудың қарлы шыңын мекендейтін құс. Бұл құс осы күнге дейін Ақсу-Жабағылы қорығында тіршілік етеді. Қазіргі Торғай өлкесіне есте жоқ ескі заманда Ұлытауға Ұлытау атын апарған қазіргі құлан қыпшақтары болса керек.
Ойымызды қорытындылай келе, түркілердің қасиетті жер-суы атанған Иірсу жері Ирусалим, Қағба сияқты Тәңірлік наным-сенімнің негізіндегі қасиетті жер саналғандығын Жабағылы, Абайыл, Майлыкент, Майтөбе атауары дәлелдеп тұрғандай.
Достарыңызбен бөлісу: |