немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа
капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.
Экзокринді
бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол
мүшеге шығарады [5].
Рецепторлар және гормондардың әсерлерінің бастамасы. Гормондар жасушалармен
әрекеттесе алады. Бұл процесс рецепторлар арқылы жүреді. Аталған құбылысты гормондар
рецепциясы дейді [6]. Гормондардың тиісті рецепторлармен әрекеттесулері нәтижесінде
гормон-рецепторлық комплекс түзіледі. Гормондар қан арқылы барлық ұлпалар мен
жүйелерге жеткенімен, өздерінің арнайы рецепторларымен ғана қарым-қатынасқа түсе
алады. Гормондар рецепциясы жасушалар ішінде немесе жасуша мембранасының сыртқы
бетінде жүреді [7].
Әр жасушаның мембраналық құрылымында орналасқан арнайы
рецепторлар болады,
олар тек белгілі бір гормондар молекуласын ғана қабылдайды. Ондай жасушаларды нысана
жасушалар деп атайды. Жасуша рецепторлары - белокты заттар, олардың молекуласының
белгілі бір бөлігі гормон молекуласының белгілі бір фрагментіне сәйкес келеді [8]. Бұл
сигналдарды қабылдауды, яғни гормон мен жасушаның өзара қарым-қатынасын
қамтамасыз етеді. Егер гормонды қабылдайтын рецептор болмаса, жасуша гормонмен
қарым-қатынасқа түсе алмайды, яғни оны танымайды. Сөйтіп рецепторлар гормондық
сигналдарды қабылдап оларды жасуша ішіне өткізіп,
гормондардың физиологиялық
жұмысын тікілей жүзеге асыруда қажетті компоненттердің бірі болып табылады [9].
Рецепторлар гормондардың кейбір құрылымдық қасиеті жағынан ұқсас аналогтармен
қосылысқа түсе алады. Рецепторлармен әрекеттескенмен гормондар тәрізді әсер туғыза
алмайтын, бірақ нағыз гормондар қосылысына кедергі тудыратын заттарды антогонистер
немесе литиктер деп атайды [10].
Қазіргі мәліметтер бойынша гормон сезгіш рецепторлар мынадай функциялар
атқарады: 1) гормондық сигналды дискриминациялық қабылдау және оны жинықтау; 2)
гормондық сигналдың жасушаның реттеушілік акцепторымен әрекеттесуі барысында
гормондық әсердің бастамасы пайда болады; 3) қабылданған
гормондық сигнал жасуша
ішілік молекулалардың конформациялық өзгерістері нәтижесінде жаңа сигналға айналады
[11]. Бір-бірімен өзара тығыз байланысқан бұл функциялар гормонның жасуша ішілік
метобализмге тигізетін ықпалын жүзеге асыру үшін керек. Сонымен, гормондар жасушадан
тыс қызмет атқарса, рецепторлар оларды қабылдап, сырттан түскен сигналдарды жасуша
ішілік метаболизм тіліне айналдыратын аппарат болып табылады [12].
Гормондық циторецепцияның типтері
. Рецепторлардың жасушада орналасулары мен
гормондық сигналдарды өткізу ерекшеліктеріне және гормон – рецепторлық комплекстің
акцепторлық аймақты стимулдау деңгейіне қарай гормондар циторецепциясы екі типке
бөлінеді: 1) циторецепцияның жасуша ішілік типі [13]. Бұл типке стероидты және
тиреоидты гормондар жатады. Олардың рецепторлары жасуша ішілік құрылымдарда
орналасқан және әр түрлі вариантта рецепторлармен әрекеттесе алады; 2) циторецепцияның
мембраналық типі. Бұл типке белокты-пептидті гормондар мен катехоламиндер тобы кіреді
[14]. Аталған гормондардың рецепторлары жасуша мембранасының сыртына орналасқан.
Сондықтан олардың рецепторлармен әрекеттесулері жасуша сыртында жүреді [15].
Жасуша ішілік циторецепция
. Бұл типке жататын гормондардың рецепторлары жасуша
ішілік құрылымда орналасқан және реакция барысында түзілетін гормон – рецептор
комплексі генетикалық
ақпаратқа тікелей әсер етіп, заттар жасалуына ықпалын тигізеді
[16].
Стероидты гормондар
. Стероидты гормондар майларда жақсы ериді. Осы қасиетіне
байланысты олар жасуша мембранасынан тоқтаусыз өтіп, жасуша ішінде орналасқан
рецепторлармен химиялық байланысқа оңай түсе алады [17]. Бірақ аталған гормондардың
жасуша мембранасынан өтуі туралы бір тоқтамға келген тұжырым әлі қалыптаса қойған
жоқ. Бұған дейн стероидты гормондар жасушаның плазмалық мембранасының бислойлық
қабатында еріп кетеді деп тұжырымдаған. Бірақ қазіргі кезде жасуша мембранасында бұл
гормондарды тасымалдаушы арнайы рецепторлар болуы мүмкін деген де болжам бар.
Рецепторлармен жасуша ішінде әрекеттесетін гормондар аралық функция атқаратын
медиаторларды қажет етпейді [18]. Стероидты және тиреоидты гормондардың нысана-
жасушалармен әрекеттесулерін төмендегі сурет-1 көруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: