Т. М. Блисов Жерге орналастыру


Өндіріс бөлімшелері мен шаруашылық орталықтарын орналастыру



бет12/16
Дата28.03.2024
өлшемі235.5 Kb.
#496827
түріНұсқаулар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
m u po zemleust dly sroppot201415gg

Өндіріс бөлімшелері мен шаруашылық орталықтарын орналастыру төрт өзара байланысқан сұрақтарды қарастырады:
1) ұйымдастыру-өндірістік құрылымына қарай өндіріс бөлімшелерінің түрлерін, санын, мөлшерін және шаруашылық ішкі мамандандыруын анықтайды;
2) сол кездегі елді мекендердің даму болашағын айқындайды, ал қажетті жағдайда жаңа елді мекендерге орын қаралады;
3) бөлімшелерге бекітілген жер массивтерін орналастыру;
4) елді мекендерге қажетті алаңдарды анықтау, мекен-жайындағы жерлерді реттеу және әр елді мекендердің шегін жобалау.
Шаруашылық аралық жолдар, су шаруашылық және басқа да инженерлік ғимараттардың орналастыруда қарастырылады:

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы шаруашылық аралық автомобильдік жолдар шаруашылық орталықтары, сонымен қатар басқа да агроөндірістік объектері, алқаптар арасында сенімді қатынас болуы үшін жобаланады.
Алқаптарды ұйымдастыру келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:

  • жерлерді олардың табиғи қасиеттеріне байланысты толық, ұтымды және тиімді пайдалану;

  • топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру, эрозиялық процестерді тоқтату және болдырмау;

  • мал шаруашылығына тұрақты мал азықтық қорын жасау;

  • салалардың мамандандыруын үйлестіру;

  • еңбек өнімділігін арттыруға қолайлы жағдайлар жасау және тиімділігі жоғары техниканы қолдану;

  • тасымалдау шығындарын және басқа да жылдық шығындарды азайту.

Сонымен қатар су қоймаларына, шаруашылық аралық ғимараттар мен жолдарға алаңдарды бөлу, орман жолақтарын және табиғатты қорғау шараларын жобалау жұмыстары қаралады.
Алқаптарды трансформациялау немесе ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, егістікке құнарлы жерлер қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет