Т. М. Блисов Жерге орналастыру


Шабықдық аумақтарын орналастыру



бет15/16
Дата28.03.2024
өлшемі235.5 Kb.
#496827
түріНұсқаулар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
m u po zemleust dly sroppot201415gg

Шабықдық аумақтарын орналастыру
Шабындық аумақтарын орналастыру мыналардан тұрады:
бригадалар мен шабындықайналымы учаскелерін орналастыру;
жол торабы;
сумен қамтамасыз ету көздері.
Геоботаникалық зерттеулер негізінде шабындықтар ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекеленген бөлімшелеріне бекітіледі, сонымен қатар шабындықайналымдары орналастырылады.
Шабындық ауыспалы егістері нақтылы учаскеге байланысты.
Шабындықайналымы учаскелерін орналастыруда келесі талаптарды ескеру керек:

  • шөп жамылғысының бір текті болуы, бұл жағдайда өсімдіктердің даму фазаларының бір мезгілде өтуі қамтамасыз етіледі;

  • көлемінің және жасыл массасының шығымының шамамен бірдей болуы;

  • шөпті механикалық тәсілмен жинауға жинақылығы жне жарамдығы бірдей болуы;

  • ылғалдану және мәденитехникалық жағдайынан біртекті болуы.

Шабындықайналымы учаскелерімен ыңғайлы байланыс болу үшін жол торабы жобаланады және егіс қостары орналастырылады. Жолдардың ені 3 – 4 м шамасында болады. Жұмысшылардың тұрмыс жағдайын қанағаттандыру үшін, техникаға қажетті су және малдарды суару үшін шабындықтар сумен қамтамасыз етіледі.
Көп жылдық екпе ағаштар алқаптарын орналастыру
Көп жылдық екпе ағаштар алқаптарын орналастыру мыналардан тұрады:

  • өндіріс бөлімшелері мен шаруашылық орталықтарының жасыл массивтерін орналастыру;

  • кварталдарды жобалау;

  • магистралдық және квартал ішіндегі жол торабтарын жобалау;

  • эрозияға қарсы және табиғатты қорғау шараларын жобалау;

  • суармалы егіншіліктегі суландыру желісін орналастыру және қайта құру.

Көп жылдық екпе ағаштар алқаптарын жобалауда аумақтық бірлік болып квартал саналады.
Бақша үшін кварталдың оптималды мөлшері – ұзындығы 400 – 600 м, ені 250 – 400 м (10 – 25 га).
Квартал арасындағы жолдар кварталдың ұзын жағында екпелердің қатарларына параллель орналастырылады, ені 5 – 6 м.
Екпе ағаштардың жан-жағында желге қарсы бақшаны қорғайтын екпе ағаштар жобаланады..


4. 4 Шаруашылық ішкі жерге орналастыру жобасын дайындау оны жүзеге асыру жоспарымен аяқталады, онда жобаланған шаралардың көлемі, құны, кезегі және жүзеге асыру мерзімі анықталады. Жоспарда көрсетіледі:

  • жобаны жергілікті жерге апарып салу немесе жобаның жергілікті жерде ақтарылуы;

  • жобаланған ауыспалы егістер мен жайылымайналымын игеру;

  • мал азығына арналған алқаптарды жақсарту;

  • сортаңдарды немесе кебірлерді игеру;

  • эрозияға қарсы агротехникалық шараларды игеру;

  • эрозияға қарсы гидротехникалық ғимараттарды құру, егісті қорғау, жыралар маңындағы, сайлардағы орман жолақтарын құру және қайта құру;

  • жаңа жеміс-жидек екпе ағаштар алқаптарын құру және бұрынғыларды қайта құру;

  • суландыру желістерін құру және қайта құру, суармалы жерлерді қайтадан тегістеу;

  • шаруашылық аралық жолдарды орналастыру;

  • жерлерді қалпына келтіру.

Шараларды жүзеге асыру мерзімдері мен кезегі олардың шаруашылықтық маңыздылығы мен технологиялық өзара байланыстылығына, жұмыстардың жалпы көлеміне, жарықтың ұзақтылығына және ауыл шаруашылық кәсіпорынның экологиялық мүмкіншіліктігіне қарай жүзеге асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет