Т. М. Блисов Жерге орналастыру


Камералдық дайындық жұмыстарға кіреді



бет10/16
Дата28.03.2024
өлшемі235.5 Kb.
#496827
түріНұсқаулар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
m u po zemleust dly sroppot201415gg

Камералдық дайындық жұмыстарға кіреді:

  • жоспарлы-картографиялық негізді дайындау;

  • шаруашылықтың агроклиматтық жағдайларын зерттеу;

  • жер-кадастрлық құжаттарға қажетті материалдарды жинау;

  • қорғау белдемдері мен аумақтарды айқындау және анықтау;

  • статистикалық және өндірістік-шаруашылық есеп беруді талдау;

  • жерге орналастыратын шаруашылық аймағында орналасқан тәжірибе станциялары, алдыңғы қатардағы шаруашылықтар, мемлекеттік сортсынау учаскелерінің өсімдік және мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштерін жинақтап қорыту;

  • топырақты су және жел эрозиясынан қорғау, сонымен қатар мелиорацияның бар түрлері жайында материалдарды зерттеу.

Шаруашылықтың агроклиматтық жағдайларын сипаттау үшін келесі мәліметтер талданады және жинақтап қорытылады:

  • жауын-шашындар мөлшері және олардың жыл бойында бөлінуі, сонымен қатар вегетациялық кезеңде;

  • жылдық орташа температура және оның жыл бойында бөлінуі, сонымен қатар вегетациялық кезеңде;

  • жоғары температураның қосындысы, көктем мен күзде +100С тұрақты өту күні;

  • вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, кеш және ерте көктемгі үсіктер болатын күндері;

  • қар жамылғысының қалыптасуы, ұзақтығы және қалыңдығы;

  • жел эрозиясы аудандарында вегетациялық кезеңдер мен қысқы уақыттағы жел режимі;

  • жылдамдығы 5 м/сек артық жел болатын күндер саны – шаңды дауылдардың ұзақтығы, бағытталған желдердің қайталануы және жылдамдығы.

Топырақтық, топырақ-эрозиялық, агрохимиялық, геоботаникалық, су шаруашылық, жолдық және басқа да зерттеулер арқылы айқындалады:

  • ауыл шаруашылық алқаптары топырақтарына сапалық жағынан сипаттама беру;

  • топырақтарды нақтылы эрозияға шалдығу мен жел және су эрозияға деген қауіптілігі жағынан топтау;

  • сортаңдарды немесе кебірлерді агромелиоративтік топтау;

  • маз азығы алқаптарын шөп жамылғысының сапасына қарай сипаттама беру;

  • гидрографиялық тораптарын, аумақтың сулануына сипаттама беру, жер асты суларының тереңдігі;

  • жолдарға олардың сапасына, жолдағы ғимараттарына қарай сипаттама беру (жалпы пайдалану және шаруашылық аралық).

Тексеру, зерттеу, жобалау және болжау дайындықтары материалдарын жинақтап қорту негізінде сызба жасалады, онда мына элементтер бейнеленеді:

  • басқалар пайдаланатын учаскелер;

  • мал шаруашылық комплекстері;

  • суармалы жерлер;

  • шекаралар, жер санаттары мен класстарының нөмірлері;

  • жел және су эрозиясына шалдыққан және шалдығуы қауіпті ауыл шаруашылық және басқа да алқаптар учаскелері;

  • қарқынды пайдалануға белгіленген учаскелер;

  • құдықтар, тоғандар, өзендер, бұлақтар, көлдер, су құбыралары;

  • жолдар, мал айдау жолдары;

  • елді мекендер шектері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет