Мал азығына арналған алқаптар аумағын орналастыру
Мал азығы алқаптарына жайылымдар мен шабындықтар жатады.
Мал азығына арналған алқаптарды орналастыру мал азығы алқаптарын пайдалануды шабындықтар мен жайылымдарды жайылымайналымы мен шабындықайналымы жүйесінде жақсарту мақсатында мәденитехникалық жұмыстарды жүргізуді қарастырады. Шабындықтар мен жайылымдарды жақсартудың екі негізіг түрі бар: беткі қабатты жақсарту (табиғи маз азығы алқаптарының өнімділігін арттыру – шымды қабатын аудармай немесе жартылай аударып) және түбегейлі (шымды қабатты жою, мәдени шөптерді егу) жақсарту.
Жайылымдар аумағын орналастыру
Мал жаю жүйелерінің келесі түрлері бар: бос немесе еркін (жүйесіз); үлкен өрістер, ұсақ өрістер және парциалды.
Жайылымдарды орналастырудың негізгі элементтері:
Табындардағы мал басын қалыптастыру мына есеппен жүргізіледі:
Сыйырлар - 100 – 200 бас;
Тайыншалар - 200 – 300 бас;
Бұзаулар - 100 – 150 бас;
Биязы жүнді қойлар отарлары - 600 – 800 бас, қылшық жүнділер - 1000 – 1200 бас.
Әрбір табынға, отарға немесе малдар тобына жеке учаске бөлінеді. Лагердің суаттан немесе қосымша жем-шөп алатын жерден қашықтығы мынадан алыс болмауы керек:
сыйырлар - 1,5 км;
1 жасқа дейінгі бұзаулар- 1,0 км;
1 жастан үлкен тайыншалар - 2,5 км;
қойлар - 3 км.
Табын учаскелері дала және орманды дала аудандарында бір қатар факторларға (учаскенің пішіні, жер бедері, эрозияға шалдыққан дәрежесіне байланысты және с.с.) байланысты шамамен 20 – 40 га болуы мүмкін.
Жазғы лагерлерде қара малдардың бір басына 50 – 60 м2 алаң жобаланады.
Су көздері шөлді және шөлді-дала аймақтарындағы жайылымдарда лагерлердің жанында болады және суат радиусы: қой бағатын жерлерде - 6 км, қара малдар - 6 км, сүтті сыйырлар - 2,5 км, жылқылар - 8 км; ал далалар мен орманды далаларда сәйкесті 4; 4; 2,5; 5 км.
Мал айдайтын жолдардың ені:
Ірі малдың табыны - 15 – 20 м;
Қойлардың отары - 25 – 30 м.
Жайылымайналымы – бұл жайылымдарды өнімді пайдаланудың өндірістік аумақ бірлігі, ол мал жаюды алмастыруға, шөп жамылғысын жақсарту мен бекітуге, табиғатты қорғауға арналған шаралар.
Құрғақ далада үш танапты ауыспалы егіс ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |