Т. М. Блисов Жерге орналастыру


а. Жобаны заңды рәсімдеу мынадан тұрады: қарау, келісу және бекіту және мына ретпен жүргізіледі



бет7/16
Дата28.03.2024
өлшемі235.5 Kb.
#496827
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
m u po zemleust dly sroppot201415gg

а. Жобаны заңды рәсімдеу мынадан тұрады: қарау, келісу және бекіту және мына ретпен жүргізіледі:
1. Жоба барлық жерге орналастыру жүргізілген шаруашылықтармен қаралады және келісіледі, құжаттар жер ресурстарын басқаратын комитетке беріледі.
2. Комитет ұсынылған материалдарды жер заңдарына қарасты тексереді және қарайды, жобаны келістіреді және бекітеді (қол қойылады).
3. Комитет өздерінің шешімін жобалау құжаттарымен бірге аудан әкіміне бекіту мен қол қоюға ұсынады.
Егер жоба ҚР субъектері жерлеріне қатысты болса облыс әкімшілігі бекітеді және аудандық әкімшілік жобаны қарайды және келістіреді, ал тексеру, қарау және бекітуді облыстық комитет жүргізеді.
Бекітілген жобаны жергілікті жерге (в натуру) салады.
б. Жобаны жергілікті жерге апарып салу (перенесение проекта в натуру).
Жобаны жергілікте жерге апарып салу ауыл шаруашылық және басқа да кәсіпорындары, ұйымдар, мекемелердің жер пайдалану жобалау шекарасын және олардың жергілікті жердегі дәл орнын техникалық жағынан белгілеу және межелік белгілермен бекіту болып саналады. Межелік белгілер жергілікті жердің шекарасында жерге орналстыру мамандары мен шаруашылық мамандарының қатысуымен қойылады.
Жобаны жергілікте жерге апарып салу үшін жұмыс сызбасы жасалады, ол арқылы қажетті дәлдікте жаңа шекара салынады және мемлекеттік геодезиялық торапқа қосылады.
Жұмыс сызбасында сәйкесті жазулармен қажетті графикалық элементтер көрсетіледі:
а) жергілікті жерді бағдарлауға мүмкіншілік беретін ситуация;
б) бұрыштар мен сызықтарды өлшеу жұмыстарын жүргізуге қажетті геодезиялық мәліметтер;
в) аспаптардың жүріс бағыты, бұрылу нүктелері (аспаптарды бекіту орны);
г) жежелік белгілерді қою орындары.
Жергілікті жерде салынған жер пайдалану және жер иелену шекарасы жерге орналастыру жүргізілген шаруашылық әкіліне көрсетіледі және беріледі. Сонымен қатар шекараны бейнелейтін сызба мен хаттама дайындалады, содан кейін рәсімделеді және жер учаскесіне жеке меншік және пайдалануға құқығы бар деген құжат беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет