132 Соттақолданылатын шешендік сөздер Сотта қолданылатын шешендік сөздерді екіге бөліп қарастыру
керек: қазақтың ескі әдетғұрып заңы бойынша жүргізілген дауларда
орын алған шешендік сөздер және біздің дәуіріміздегі сот жұмысында
айтылатын айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері.
Бұрынғы билікте айыптаушының да, қорғаушының да сөздерінде
дәстүрлі модельдер: мақалмәтелдер, фразеологизмдер, салыс ты
рулар т.б. басты рөл атқаратын болса, қазіргі сотта айтылмақ ойдың
дәлдігі, пікірдің айқындылығы басты орынға шықты.
Соттағы шешендік қарсыластармен бетпебет өтетіндіктен, ерекше
жинақылықты, кез келген сұраққа тез жауап беру үшін қарсы жақтың
осал жағын да, мықты жағын да нақты тани білуді, байқағыштықты
қа жет етеді. Соттағы шешендікте тек барды баяндау емес, даулы,
кере ғар сауалдар туындатуға қарсыласының пікірін жоққа шығаруға
мән беріледі. Соттағы шешендікке қойылатын талаптар:
• сөздің айқындылығы;
• ойдың жинақылығы;
• логикалық қисынның күштілігі.
4. «Абай институты» хабаршысында жарияланған заңгер-ғалым
Са лық Зимановтың «Абай – ұлы билердің соңғысы және оның бітім-
би лік тері ту ралы» мақаласын оқып, «Практикалық талқылау»
әді сі мен тал даң дар.
Талқылаушы
Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
Белгілеуші
Мәтін мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер
айтады.
Байланыстырушы
Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады.
Топ шешені
Абайдың шешендігіне мәтіннен мысалдар
келтіреді.
Қорытындылаушы
Мәтіннің құндылығын айтып, баға береді.
5. Қа зақ стан да ту ри зм ді да мы ту мә се ле сі бой ын ша өз ой ла рың ды
дә лел деп, ке лі су/ке ліс пеу эс се сін жа зың дар.
6. Баспасөз бен қосымша әдебиеттерден қазіргі шешендік сөздердің
барлық түріне мысалдар келтіріңдер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217