127
Діни мазмұнды шешендік сөздер
Діни мазмұнды
шешендікке діни уағыздар, діни мейрамдарда
халыққа айтылатын сөздер жатады.
Діни шешендіктің моральмен, жалпыадамзаттық
құндылықтармен
байланысты болуы оның тағылымдық, ізгілік сипаттарын танытады.
Басты мақсаты – тыңдаушыларды иландыру,
олардың ішкі сезімдеріне
қозғау салып, өз пікіріне сендіру. Қазіргі діни шешендікте жалаң
уағыздан гөрі саламатты танымдық көзқарас басым. Діни мазмұнды
шешендікте діни сауаттылықтың маңызы зор.
Діни шешендік халықты
иландыру, үгіттеу сипатында айтылатындықтан, оған ауызекі сөйлеу
стилінің белгілері тән.
Онда дінге қатысты терминдер, имандылыққа
шақыратын, ізгілікке үндейтін сөздер мол кездеседі.
5.
Үлкен кісілердің көмегімен «Қадыр түні» туралы мәлімет жи нақ тап,
онда орындалатын шарттарды «Төрт сөйлем» әдісімен тү йін дең дер.
Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар
Пікірталас сәтті өтуі үшін тақырып
жөніндегі біліммен қоса, пікір та
лас өт кізудің негізгі қағидаларын, пікірталас мәдениетін жетік меңгеру
қажет.
Жалпы қағидалар
Пікірталасқа дайындық қажет. Тақырыпты зерттеп, іздену керек.
Пікірталаста қарсыластың жеке басының мінін қазбалау әбестік бо
лып саналады.
Қарсыласты құрметтеп, оны сабырлылықпен тыңдай білген жөн.
Қарсыласқа
дөрекі жауап беруге, күлкі етуге, ұрыскеріске баруға
бол май ды.
Достарыңызбен бөлісу: