Т. Н. Ермекова, К.Ә. Бер ті леуова, Р. Н. Мұ на саева 11 Қ азақ тілі


Шешеннің­көпшілік­алдында­өзін­ұстау­мәдениеті



Pdf көрінісі
бет38/118
Дата21.12.2023
өлшемі3.86 Mb.
#487532
түріУчебники
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   118
50
Шешеннің­көпшілік­алдында­өзін­ұстау­мәдениеті
Шешеннің мәдениеті тыңдаушы ортаның ерекшелігін ескеруден
және соған қарай өзін бейімдеуден анық көрінеді. Сөйлегенде мынадай
нәрселер ескерілуі тиіс:
1) сөйлеу интонациясын қалыптастыру, атап айтсақ, да уыс саз ды лы­
ғы, мақам, сөз ырғағы, керекті жерінде кідіріс жасай білу;
2) сөз саптауда тың даушылардың жас ерекшелігі мен әлеу мет тік
ерек шелігін еске ру;
3) бет­жүз, дене қимылдары, ым­ишаралардың сөз әсер лі лі гін арт­
ты ру мақсатында жұмсалып, барынша табиғи болуы;
4) қолды сермеуге, қатты күлуге, аса қатты сөй леу ге немесе міңгірлеп
сөйлеуге жол бермеу;
5) өзі туралы айта беру, барлық сөзді өзінен бастау – әдепсіздік,
сондай­ақ білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ;
6) дауыс көтеріп сөйлеген адамға дәл солай жауап бермей, байып пен
сөйлеу керек.
6.
Мәтінді негізге алып, өздерің білетін шешеннің көпшілік ал дын да 
өзін ұстау мәдениетіне сыни тұрғыда баға беріңдер. 
Үлкен дипломат әрі ғалым, академик Төлеген Тәжібаев 
ту ра лы айтқанда, оның тамаша ұстаз дық, тәлімгер лік, дәріс-
кер лік қасиеттерін ерекше атап көр сет кен дұрыс. Психология 
саласында оқыған дәрістерінің маз мұны аса те рең, ғылыми 
өрісі кең, тыңдаушыға тартымды да әсер лі болған. Ғалым-
ұс таз лекциясы ның жинақы, логи ка сы көкейге қонымды
мазмұнды, ғылыми құндылығы жоға ры бо луына баса назар 
аударатын. Аудиторияны бірден бау рап алатын, мейлін ше 
бай салды да байыпты, биязы, майда қо ңыр дауыс ырға ғы да 
оның ұстаз дық тұлға сын да ра лай түсе тін. Оның жүзі қан дай 
жарқын болса, ойы да сон дай ай қын, сөзі де сондай сы па йы әрі 
салмақты бола тын, бі реу мен сөй ле се келгенде, оның сө зі нен 
білімді, мәде ниет ті адам екені бір ден сезілетін… Т.Тә жі баев-
тың ізеттілігі оның қа ны на сің ген қа сиет бо ла тын.
(Мәулен Балақаев)
7.
«Дү ниежү зі лік эко ло гия лық дағ да рыс» тақырыбында де рек тер 
жинап, сіл те ме жа сап, мақала жазыңдар. Шешендерше сөз сап тап, 
мәселені шешу жолдарын ұсының дар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет