Т. Н. Ермекова, К.Ә. Бер ті леуова, Р. Н. Мұ на саева 11 Қ азақ тілі



Pdf көрінісі
бет94/118
Дата21.12.2023
өлшемі3.86 Mb.
#487532
түріУчебники
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   118
118
Ой дың ай қын ды лы ғы 
Сөз дәлдігімен тікелей байланысты ұғымдардың бірі – ойдың ай­
қын дылығы. Сөз дәлдігі жекелеген сөздер мен тіркестердің қол да ны­
сы на бай ланысты болса, ой айқындылығы тұтас сөйлемнің ма ғы на­
сы на қа рай ажы ратылады және сөйлеушінің әдеби тілдің байлы ғы
мен нормасын жетік білуімен, грамматикалық формаларды орын ды
қол дануымен өлшенеді. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіндікте рін:
тура мағынасын, көпмағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омо­
ним дік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыс па лы
ма ғы нада, тұрақты тіркестер мен мақал­мәтелдерді орынды қол да на
біл месе, ой айқындылығына нұқсан келеді.
Мысалы: Қасымды айтып жіберші, тезірек үйге кірсін! Үйде бала­
сын жалғыз тастап, «қой да тыныш» дейтін ата­ана бар. Алғашқы
сөйлемде табыс септігінің ­ды жалғауы барыс септігі нің ­ға жалғауы­
ның орнына қол да ныл ған дықтан, сөйлемнің алғашқы бөлігіндегі ой
айқын емес. Ал екін ші сөйлемде «Қой да тыныш, қойшы да тыныш»
мәтелін түгел қол дан бағандықтан, ой айқындылығына нұқсан кеп тұр.
Сол сияқты «Қор (қаражат) болмағанда қор болғандай екен» (газет­
тегі мақала атауы) сөйлемінде омонимдерді орынсыз қабаттас ты ра
қолдану да мағына айқындығын көмескілейді.
3.
Аудио жаз ба дан (09. mp3) «Қар қа ра лы ұлт тық саяба ғы» мә ті нін 
тың дап, негізгі ойды анықтаңдар. Көп ші лік ал дын да дұ рыс сөй леу, 
тың дау шы лар ға ық пал ету қа ғи да ла рын сақ тап, мә тін ді қай та ба ян-
даң дар.
Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік сөздер
Әлеуметтік­саяси мазмұнды шешендік сөздерге саяси шолушылар­
дың, радио және теледидар шолушыларының сөздері, саяси та қы рып­
тағы баяндамалар, митингіде сөйленетін сөздер, әскери­пат риот тық
сөз дер жатады. Әскери­патриоттық тақырыптағы шешендік сөздер
Отан қорғауда сарбаздардың рухын көтерген. Ұлы Отан соғысы жыл­
дарында Б.Момышұлы сияқты қолбасшылардың шешен дік сөздері
жауынгерлерді жеңіске жігерлендіріп, Отан үшін аянбай соғысуға
үндеген.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет