Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары


Алакөл қазаншұңқырының ландшафт ерекшеліктерін анықтаудағы топонимикалық деректердің рөлі



бет11/19
Дата25.02.2016
өлшемі12.31 Mb.
#19338
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

3.5.1 Алакөл қазаншұңқырының ландшафт ерекшеліктерін анықтаудағы топонимикалық деректердің рөлі. Алакөл қазаншұңқыры Қазақстанның оңтүстік-шығысында Жоңғар Алатауы және Тарбағатай тау жүйелері арасында шамамен ауданы 10 мың шаршы км болатын тау аралық көлдік ойыс. Қазаншұңқыр солтүстігінде Тарбағатай жотасымен (2992 м) шектеседі тау алды жазық (400–800 м) келетін жотаның оңтүстік етегі бойымен 180км-ге Алакөл және Сасықкөл көлдерінің солтүстік жағаларына дейін 50–70 км-ге созылып жатыр және Қаракөл, Егін Су, Үржар, Қатынсу, Еміл және т.б. өзендер аңғарларымен тілімденген. Бұл жердің жазықтық сипатын Жайтөбе, Балатөбе сияқты жеке таулар бұзады. Қазаншұңқырдың солтүстік-шығыс бөлігінде Арқарлы, Ақалы және Қарақас жоталары Тарбағатайдың тау сілемдері орналасқан. Қазаншұңқырды шығысынан Майлы және Барлық сияқты үлкен емес жоталары шектейді, соңғысы Алакөл және Жалаңашкөл көлдеріне тығыздай енеді. Барлықтың төбелі-жонды лессті тау алды бөлігі (теңіз деңгейінен 500–1100 м), 750 км ауданды қамтып, мемлекет шекарасы бойымен Еміл өзенінен Шүршіт өзеніне дейін 50 км-ге созылып жатыр. Жоңғар Алатауы жотасы қазаншұңқырды оңтүстігіндегі Сайқан, Текелі т.б. қырқалар жүйесінен шектейді. Осы жотаның шөлді тау алды бөлігі ұзындығы 180 км және ені 25 км-ге дейінгі жіңішке тау асты шлейф ретінде Алакөл өзенінің оңтүстік-батыс жағалауына еңістеліп төмендейді де, тасты-тақырлы болып келеді. Барлық және Жоңғар Алатауы арасындағы «Қаптағай» деп аталатын таулы өткел Алакөл қазаншұңқырын Қытайдағы Ебі-Нұрмен қосады. Бұл өткел арқылы бұрынғы замандарда б.з.д. II ғасырдан б.з. XIII ғасырына дейін Орталық Азияда стратегиялық маңызды рөл атқарған Ұлы Жібек жолының керуендері өткен. Француз саяхатшысы Вильгельм де Рубрук жазбаларында Алакөл жағалауында 1253ж «монғол провинциясының басты қаласы» болғандығын және белгілі таулы өткел «Каптағай тарлы жері» деп аталғандығын жазған қазаншұңқырдың батыс шекарасы Сарықұм және Қарақұм құмды шөлдерімен шартты түрде өтеді. Қазаншұңқырдың орталық бөлігінде Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл және Қошқаркөл (Ұялы) көлдер тобы орналасқан.

Қарастырылып отырған аумақта палеозойдың соңында таулы ел болған Мезозойда қарқынды эрозиялық денудациялық үдерістер нәтижесінде пенепленге айналғандығын Жетісу Алатауы, Барлық және Тарбағатайда сақталған тегістелу беттері куәлайды. Палеозойлық тау жыныстары қалдықтарынан тұратын жайпақ-төбелі жазық біршама және ыстық құрғақ климат жағдайындағы қызыл түсті құмтасты саздардың шайылуына әкеп соқтырды. Төрттік кезең басында Жетісу Алатауы және Тарбағатайдың қарқынды көтерілуімен қатар Алакөл қазаншұңқыры төмендеді, ал эрозиялық үдерістер Жетісу Алатауы және барлық етектерінде аллювиальді-пролювиальді шлейфтердің қалыптасуына әкеп соқтырған.

И.В. Мушкетов болжамына сай, Балқаш-Алакөл ойпаты үштік кезеңде Жоңғар қақпасы арқылы Арал-Каспий алабы және Ханкай теңізі арасында кең бұғаз түрінде мұхит астында болған. Геолог А.Влангалидің пікірінше: және олар үштік кезеңнен кейін бөлінген, оның ойынша бойынша Балқаш, Алакөл, Сасықкөл көлдері ежелгі үштік теңіздердің қалдықтары болып келеді. Тәңіртау, Жетісу Алатауы жоталарының мұздану кезеңінде Алакөл тобының көлдері мұзданудан кейінгі кезеңде ауданы- 6250 км2 жеткен біртұтас су қоймасы болған. Балқаш-Алакөл жүйесі шамамен 1 млн жыл бұрын Лихвинск мұздануынан кейін пайда болған деп есептелінеді, бұл кезеңге Таулы-Азиялық зоогеографиялық өтпелі облысының гидрофаунасы қалыптасуы жатады.

Кейін Сасықкөл, Қошқаркөл, Алакөл көлдеріне бөлінген, тіпті XIX ғ. Бірінші жартысында олардың деңгейлері мен өлшемдері өзгеріске ұшыраған, 1840 ж бұл көлдерді А.Шренк зерттеп олардың деңгейін өте төмен деп тапты. «Бұл Алакөлдің ең оңтүстік бөлігіндегі құм қалқан» Алакөлді Кіші Алакөл көлінен бөліп тұрғандығын көруге болады.

Тарихи құжаттарды (юань династиясы жазбаларынан бастап қытай әдебиет көздерінде де, Алакөл туралы мәліметтер кездеседі) игеру XIII ғасыр саяхаттарының сипаты және XVI–XVIII ғ.ғ. сақталған географиялық карталар (А. Шренк, А. Голубев, В. А. Обручев, П. П. Семенов-Тяншанский, К. В. Курдюков) Балхаш-Алакөл теңіз алабы басында Балқаш және Сасықкөл-Алакөл су қоймаларынан бөлінгендігін дәлелдейді.

Бұл құм қалқанды қырғыздар Алакөлдің бір жағынан екінші жағына өтуге пайдаланған. Ол арқылы А. Шренк те өткен. Сонымен бірге ол Алакөлдің екі ірі аралдарының бірі үлкен арал-төбе өз кезінде түбек болғандығын айтты.

Балқаш пен Алакөл шараларының пайда болуы мен геологиялық тарихының ұқсастығын алғашқы болып жазып қалдырған қазақтың ұлы ғылымы Ш. Уәлиханов, оның тұжырымы бойынша, Алакөл тобы бір кездегі Үлкен Балқаштан бөлініп қалған. Бұл уақытқа А. И. Сильвергельмнің Алакөл көліндегі екі тауаралық қалқанмен қосылып түбек түзетіндігін және ол теңіз деңгейінің өте төмен болуына себепкер екендігін айтқан хабарламасы жатады. Алакөл және Сасықкөл арасындағы мойнақ туралы А. И. Сильвергельм ол батпақты жер екендігін, ал «кейбір жыл мезгілдерінде және кейбір жылдарда мойнақ су астында қалатындығын» жазады. 1862 ж бұл өзендерге А. Ф. Голубев барды. Ол Шренк барған кездегіт Кіші Алакөл көлін басты суқоймасынан бөліп тұрған Нарын-өзек мойнағы 1862 ж су астында қалғандығына көңіл бөлді. Ол былай жазады: «Бірнеше жыл бұрын бұл мойнақпен қазақтар емін-еркін көшіп-қонып, керуендер өткен, ал қазір екі мойнақ та су астында және онымен өтуге жол жоқ». 1881 ж мұнда Тихменев және Пославский сияқты топографтар жұмыс істеді және олар Алакөл өзенінің оңтүстік бөлігінің шамамен ортасын қосатын және Кіші Алакөл көлін бөлетін екі құмды қалқан ретіндегі тұтас мойнақтың болғандығын жазды. Бірақ онымен өту әрқашанда мүмкін болған жоқ, өйткені солтүстік-батыс желдер кезінде толқындар, қолайлы жағдай кезінде мойнақтың ені ең тар жерінде шамамен 150 қадам екендігіне қарамастан, мойнақты жауып тастайды. Бұл мәліметтерге сай, 1881ж. Алакөл көлінің деңгейі төмен болған, бірақ А. Шренк болған кезде көлдің деңгейі 1840 жылдармен салыстырғанда жоғары. Алакөлдің өте төмен деңгейлі кезеңін В. В.Сапожников анықтады.

766 ж Қарлұқ мемлекетінен бастап 960 ж Қарахандар династиясына дейін қарлұқтардың батыс шекарасы Ыстық көл (Түрік көлі), ал шығыс шекарасы кезінде Шаған деп аталған Алакөл көлі, оның оңтүстік шығыс жағалауында Карантия қаласы болды. Тентек өзенін Шария деп атады. Қарлұқтар мен қимақтар арасындағы солтүстік шекара сол кезде Тохама деп аталған Балқаш көлі арқылы өтті, оның оңтүстік батысында Дамиртач қаласы орналасты. Алакөл 12–19 ғасырлада Гурге-Нор (монғ. Көпіркөл), кейін Алактагол, Алатеңіз, Алакта деп те аталған. Көл теңіз деңгейінен 247,3 м. абс. биіктікте орналасқан. Көлдің аумағы (аралдармен қоса есептегенде) 2696 км², ұзындығы – 10 км, ең кен ені – 52 км. Жағалауларының ұзындығы – 384 км, орташа тереңдігі – 22,1 (ең терең жері –54 м). Көлдің су көлемі – 58,56 км³, су жинайтын алабы – 47859 км². Бұл көлдердің аумағы, орналасқан жағдайы, көлемі мен суының түсі де ала-құла, алуан түрлі. Осы жағдайды жете біліп, дұрыс аңғарған халық көл атын Алакөл деп атаған. Біздің пікірімізше, қамыс-құрақ өсімдіктері басым келетін көл суының түсін анықтайтын минералдық заттардың (тұздардың) көп мөлшерде болуына және тарғылданып жататындықтан да аталуы мүмкін.

Осы жерлерді 1857 ж көрген П. П. Семенов Тянь-Шянский жазды: «Алакөл көлі алабы біздің кезімізде (1840–1858) екі басты көлден – Батыс және Шығыстан тұрды, олар бірінен-бірі ені 20 верст қамыстар басып жатқан батпақты мойнақпен бөлініп тұрды. Кейбір жыл мезгілдері немесе жылда мойнақ екі өзен бір-бірімен араласып кететін жағдайға дейін су астында қалатын». Өткен жүз жылдықтың алғашқы екі он жылдығында Алакөл көлінің деңгейінің күйі В. Н. Шнитников байқауларынан кейін анықталады. 1914 ж өзінің бір экспедициясында Сасықкөл көлі арқылы өтіп, В. Н. Шнитников мұнда «бірнеше жыл бұрын қамыс өскен құрғақ жол болғандықтан мәліметтер алдыңғы минимум деңгей 70–80 жж болғандығын, ол сол уақыттан бастап деңгейдің көтерілгендігін анықтайды.

Алакөл көлінің солтүстік-шығыс жағалауының топонимиясын зерттеген ғалым К. Д. Каймулдинова масштабы 1:500 000 карта негізінде аумақта кездесетін 100-ге жуық топонимдерді (потамоним, комоним, ороним, қыстау аттарын) жіктеп көрсеткен. Оның зерттеулерінде (39 қыстау), (22 өзен), (24 комоним), (7 ороним) атаулары сипатталып берілген. Өзен аттарында фитонимдер кездесуін «Топонимдердің салыстырмалы негативтілігі» туралы заңдылықпен түсіндіруге болады. Шөл, шөлейт белдемдердің ағашсыз ландшафттары жағдайында өзен бойларындағы белдемсіз орналасқан тоғай бірлестігін құрайтын кейбір ағаш түрлері ерекшеленіп, өзен аттарында суының түсі (Айран, Лай, Лайбұлақ), сипаты (Ұзынбұлақ, Көлденең, Жалаңаш) бейнеленген.

Кешенді физикалық – географиялық аудандастыру сызбасы бойынша қарастырылған ауданның басым бөлігі қоңыржай белдеудің шөлдік ландшафтық белдеміндегі Тұран-Балқаш маңы аймағының Балқаш маңы Іле-Алакөл провинциясына жататын Шығыс Балқаш-Алакөл округіне еніп жатыр. Ауданның Солтүстік Тарбағатай етегіндегі тау алды жазығына ауысады. Алакөл ойысында сортанды-жусанды өсімдіктерден тұратын шөл тараған, тау алды жазығында биіктік белдеулікке сәйкес шөлейт (500 м дейін) және дала (500-800 м аралығында) ландшафттары, батыста, оңтүстік-батыста сортанды алаптар басымырақ келеді. Ірі өзендері Алакөлге құятын Ұржар, Қатынсу, Еміл. Ауданда төрттік дәуірдің борпылдақ жыныстарына шоғырланған жерасты суларының едәуір мол қоры бар. Арасан өзенінің бойында Барлық-Арасан курорты орналасқан.Алакөл қазаншұңқырының қазіргі табиғи кешендері мұзданудан кейінгі кезеңінің ксеротермикалық кезеңінде қалыптасты. Көлдің жер бедері жайылымдар, кейде шабындықтар ретінде қолданылатын сортанды және шалғынды батпақты, сортаң ландшафттар басым аталған көлдердің жан-жағын 10–25 км алып жатқан ежелгі теңіздік және көлдік тұзданған шөгінділерден түзілген ойпатты террасалы жазықты келеді. Қазіргі ландшафттар құрылысында әр түрлі жастағы және шығу тегі әр түрлі элементтер өзара әрекеттесетін, тарихи қалыптасқан геожүйелер Б. Б. Полынов көрсеткендей қазіргі ландшафттар ежелгі, консервативті және прогрессивті түзілімдерден қалыптасады, яғни бір элементтер табиғи кешендердің дамуы тарихында өтіп кеткен фазалар көрінісі болса, басқа элементтер қазіргі фазалар көрінісі болып табылады.

3.5.2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін қалыптастыратын географиялық атаулар. Ландшафтарды қорғаудың ең жоғарғы формасы – қорықтар ұйымдастыру болып табылады. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибелерге сүйенсек жер шарының жекеленген елдерінде қорық ұымдастыру XIX ғасырдың басқы кездерінен бастап жүзеге аса бастағанын көрсетеді. Қазіргі уақытта жер шарында қорықтарға қарағанда ұлттық бақтардың саны әлдеқайда көп. Бұрынғы Кеңес үкіметінің жағдайына тоқталсақ, КСРО, қазіргі ТМД елдері бойынша 141 мемлекеттік қорық, 2700 қорыққор, 12 ұлттық парк, бірнеше мың табиғат ескерткіштері болған. Әрине, шет елдермен салыстырғанда бұл өте аз екенін ұмытпаумыз қажет. Біздің Елімізде қазіргі таңда 9 мемлекеттік қорық, 66 қорықор (оның 44 зоологиялық, 20 ботаникалық, 2 палеонтологиялық) 6 ұлттық парк (бақ) және 24-тен астам табиғат ескерткіштер бар. Әрине біздің аумақтың көлеміне шаққанда қорғалатын жерлер барлық жердің 3 пайызын қамтиды.

Дегенмен, республикамызда қорықтар ұйымдастыру соңғы жылдары қолға алына бастады. Мәселен Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Батыс Алтай мен Алакөл қорығының ұйымдастырылуы, сонымен қатар Алтынемел, Ордабасы, Қарқаралы, Іле Алатау, Қатонқарағай ұлттық парктерінің құрылуы осының айғағы екенін аңғартады. Қазақстан жеріндегі экожүйелердің антропогендік өзгерістері байырғы табиғатты пайдалану үрдістер мен тәжірибесін кеңінен ғылыми ізденістерді және арнайы жобалар енгізу ісін жеделдетуді талап етеді.

Зерттеу аймағында табиғат қорғау шараларын ұйымдастыру идеяларының қазақ қоғамында ертеден болғандығы жер – су атауларында (Хан қорық, Кеңқорық, т.б) сақталған. А. Н. Бернштам қола дәуірінің андронов мәдениеті кезеңінде Орта Азия мен Қазақстанда өмір сүрген көшпелі тайпаларда алғашқы тыйым салынған өңірлер «қорықтар пайдаланатын жер» деген ұғым пайда болды деп жазады. М. Қашкари «қорық» сөзін кез-келген қоршалған аумақ жеке пайдалалушы адамның «тыйым салынған жайылымы» ретінде қарастырады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде арнаулы қорыққа айналдырылған орындар көне дәуірлерден бастап болғандығына дәлел боларлық дәйекті мәліметтерді аңыз –әнгімелерден, жер – су аттарынан және тарихи жазба деректерден кездестіруге болады. Е. М. Массонның зерттеулеріне қарағанда оныншы ғасырда Бұхара жерінде Шамсабад қорығы болғандығын, оның айналасы топырақ дуал мен қоршалып, ішінде көптеген жабайы жануарлардың ұсталғандығын Орта азиялық тарихшы Мұхаммед Наршахи баяндайды. В.В.Бартольд: VI–VII ғасырларда Жетісу жерін мекендеген үйсін тайпалары шұрайлы, көп шалғынды салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жайылмайтындығын, мезгілсіз аң ауламайтындығын жазды. VII ғасырда Талас өңірінде болып, Бинюй «Мыңбұлақ» деген жердің табиғат әсемдігі мен хан қорығындағы мүйізді бұғылаларды көргендігін жазып кетті. Осы өңірде «Құлан қамалған», «Құлак қорық» деген жерлер бар. Жер ұйығын іздеген Асан Қайғы (15 ғасыр) жол үстінде келе жатып «Хан қорығы» деп аталатын көлемді жайылымды кездестіріп, оны күзететін жендеттерін көргенін жазады.

1897 жылы археолог В. Каллаур «Құлан қорық» деген жерде болып, қорықтан қалған дуал іздерін, төңірегіндегі қоныс орын дарын аңғарған. Атап айтсақ Арқарлы, Арыстанды, Бөріойнақ, Құлан тау, Құлан су, Құлан асу, Бала Құлан, Құланды, Қасқа Құлан т.б. топонимдер қорықтар жөнінде мол ақпарат береді. Сонымен көшпенді және отырықшы халықтың екінші шаруашылығы аң аулау болды. Мұндай жерлерді, әсіресе құсбегілік пен айналысатын, қақпан құрушы аңшылар ерекше бақылауға алып жүрді. Мұндай аңшыларды Алтайда, Сауыр, Тарбағатай Баянаулада, Шыңғыстау Қалба жатасында, Семейдің таспалы қарағай ормандарында (реликт) осы күндері кездестіруге болады. Бұл өңірде жабайы аңдардан – бұлан, марал, бұғы, қарақүйрық, құлан, арқар, аю, қасқыр, сілеусін, ілбіс, терісі бағалы құндыз, бұлғын, орман сусары, түлкі, қоян, дуадақ, ұлар, қырғауыл, құр т.б. кезінде қыран бүркіт, ителгі салып байлар, хандар, сұлтандар аңшылық құрған және олар сол жерлерге аңшылық құруға басқаларға рұқсат бермеген.

Аумақтағы ертеде қорғалатын аймақтардың болғандығын қазіргі кездесетін топонимдерден байқауға болады. Қорық - қоныс (2), тау атауы ҚХР – мен шекарада (Тарб. ауд.) , елді мекен, өзен атауы (Аягөз ауд.) Қалыбай және Ақтомар өзендерінің қиылысқан жерінде орналасқан және Сандықтас тауының онтүстік батыс бөлігіне жетпей құрғап қалады. Қорықшар – атауын (Жарма ауд.) Шар өзенінің маңында қорғауға алынған аумақ деп топшылауға болады. Сондықтан табиғат қорғаудың халықтық түрі қазақ жерінде әлдеқайда ертеде қалыптасқанын аңғаруға болады. Аңшылық кұрудың кезендері, уақыты, орманда аң аулаудың ережелері болған. Қазақ халқында табиғат оның нысандарын қорғау идеялары ертеден қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып беріліп, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына біршама ықпал етті.

Көшпенді елдің өмірінде, шаруашылығында табиғаттың тепе теңдігін сақтауға маңызды кеңес беретін салт дәстүрлері де қалыптасқан. Олар қыстаудан жайлауға көшу барысында төрт түлік малды өріске жайып бағуда ерекше бір жүйеге келтірілген тәртіп, реттілік сақтап отырған. Соның өзі қоршаған ортаға оның ішінде өсімдіктің көп түрлерін сақтау, топырақ эрозиясын болдырмау әрекетін қалыптастырады.

Қазақтың жер шаруашылығын зерттеу, анықтау мәлімет жинау жұмыстарын жүргізген Ф. А. Шербинаның басқаруымен жинақталған 13 томнан тұратын ғылыми зерттеу еңбегінің маңыздылығын атап кету орынды. Экспедиция жұмысы барысында Ә.Бөкейхановтың қазақ қоғамындағы жүріп жатқан әр алуан өзгерістерді жетік білетіндегі айқындала түсті. Қазақтардың талай ғасырлық жинақталған тәжірибелерінің құпия сырларын зерделеп, ауыл шаруашылығының қазақи ұғымдарын тұнғыш рет ғылыми түсінікке еңгізіп, «қыстау», «жайлау», «күзеу», «шаңырақ меншігі», «қой бөлік», «ата бөлік» тағы басқа қазақша төл ұғымдарымызды экономикалық категорияларға жіктеді. Қыстау маңындағы шөбі шүйгін жерлерді ауыл болып қорғаған сондықтан мұндай жерлер «қорықтар» деп аталып, әлсіз малдар үшін пайдаланған.

Ф. А. Шербина: әрбір рудың өздеріне тән жылдық әрбір мезгілдерінде қоныстайтын жекелеу жайылымдарын «қой түлік», қой жаятын немесе « ата түлік» қор (ресурс) ретінде бағалап, шөп қорын, әртүрлі жағдайда қажеттілік үшін сақтаған деп жазады. Бұл жерден қорық сөзінің шығу тегі қоршалған жайылым, шабындықтар, аң аулайтын жерлерді қорғау әрекетінен туындаған деп топшылаймыз.

Сонымен жергілікті жердің ландшафт сипатын анықтайтын қорық сөзі, биогеноцездың қасиетті мен құрлысы жайында мол ақпарат береді деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылатын жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған жануарлар мен сирек кездесетін өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат кешендері сол қалпында сақталады.

Геоэкология ғылымы адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы қарым-қатынас туындайтын зандылықтарды зерттейді десек, осы әрекеттердің нәтижесі – табиғи ортаның антропогендік әрекеттерге жауабы (экологиялық дағдарыс, апат т.б) болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстанның Солтүстік-шығыс өңірі аумақтарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құрудың маңыздын геоэкологиялық тұрғыдан қарастыру қажеттілігі туындайды. Бүгінде ШҚО аумағында 2 қорық, 1 ұлттық табиғи парк, 1 табиғат ескерткіші және 1 табиғи резерват, 8 қорықша (қорыққор), атап айтсақ; Құлыджы, Тарбағатай Қаратал құмы, Төменгі Тұрғысын, Рахман бұлағы,Әділет, Әскер сайы, Ұржар (Ұрыжар) т.б. орналасқан (7-кесте).

Шығыс Қазақстан облысында ең алғаш ашылған Марқакөл қорығына биыл 30 жыл толып отыр. 1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік қорығы Күршім мен Азу (Азутас) жоталарының аралығында жатыр. Осы екі қыратпен көмкеріліп, айдыны күн бетіне шағылысқан Алтайдың ару көлі – Марқа адам қамқорлығына алынды. Қорықтың аумағы – 75 мын га. Шалқып жатқан Марқаның жағасы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Ақ қайын тал, көктерек, үйеңкі, долана, мойыл тау етегінде өссе, оның баурайында көкке тік шаншылған балқарағай бой түзеді.

Қорықта өсімдіктің 721 түрі, дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтын тамыр» кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар «қызыл қашаған» деп атап кеткен майқан, мөңке немесе қаяз балығы, хариус, талма, теңге балық (пескарь) ойнақ салады. Қорықтың хайуанаттар дүниесі де сан алуан сүткоректілердің 58 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, архар, қасқыр құстың 260 жуық түрі бар, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындары кездеседі. Сондықтан қорықтың құстары облыстағы құс фаунасының 66 пайызын құрайды.

Биологиялық өнімділігі жағынан біздегі тау көлдерінің бірден-бірі альпілік Марқакөлге тең келе алмайды. Өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесінің ерекшелігімен қатар ол жергілікті ауа райын реттеп (микроклимат) отырады деуге болады. Сондықтан Алтайдың таулы тайгалық зонасының ландшафттысын қорғау үшін құрылған қорықтың келешегіне мол үміт артуға болады. Батыс Алтай қорығы Лениногор және Зырьян аудандарының аймақтарын қамтиды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған қорықтың (1992 ж.) жер көлемі 56,7 мын га, Қазақстандық Алтайдың Линей, Қалзың (Холзун), Көксу тау сілемдерін алып жатыр. Қорық аймағында Ақ және Қара Уба (Үбі) өзендері мен Кедрово және Щербакова көлдері, т.б. кішігірім су жүйелері бар. Қорық негізінен табиғат белдемдерінің тау етегінен бастап орманды дала, субальпі, альпі биіктігіндегі табиғаттың сан алуан тайгалы аралас ландшафттарын қорғауға бағытталған. Қорықта дәрілік (марал оты, алтын тамыр) өсімдіктермен қатар, орманның яғни қылқанжапырақты ағаштардың, көп түрі шоғырланған.

Әсіресе, бағалы самырсын, майқарағайдың орны ерекше. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің – 799, құстардың – 153, сүткоректілердің – 51, балықтың – 5 түрі, сүтқоректілерден алтай бұғысы, елік, құндыз, қоңыр аю, бұлан, қабырға (құдыр), бұлғын т.б кездеседі. Батыс Алтай фаунасы да ерекше болғанымен ғылыми – зерттеу жұмыстары жаңадан қолға алынуда.

Осы аумақтың фаунасын зерттеуші Б. В. Щербаковтың мәліметі бойынша көптеген құстар: бүркіт, қаршыға, латын ителгі, ақ құр, саңырау құр т.б. тіршілік етеді. Сонымен зерттеу нысанына айналған Батыс Алтай қорығының ғылыми, экскурсиялық, танымдық мәні зор. Болашақта қорық экологиялық мониторингтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының ошағына айналатынына мол сенім артуға болады.

Ұлттық саябақтардың мемлекеттік қорықтардан елеулі айырмашылықтары бар. қорықтарда табиғат байлықтары сол аймақтың ландшафты шаруашылық үрдістер өз бетінше табиғат заңдылықтарына сәйкес дамиды. Ал ұлттық саябақтарда табиғат кешендерін адамдардың тынығып демалуымен ұштастыра отырып, табиғат қорғаудың ғылыми негіздегі әдістерді пайдаланып жүзеге асырылады. 2001 жылы Қатонқарағай ұлттық саябағы құрылды. Онда күлгі Шығыс Қазақстан жерінде кездесетін 55 түрлі өсімдіктер дүниесінің 50 түрі, 20 түрлі емдік шөп, 250 түрлі құс (оның 30-ға жуығы Қызыл кітапқа енген) бар, аумағы – 643,7 мың га болатын. Ұлттық саябақта сүт-коректілердің 66 түрі, олардың ішінде: қоңыр аю, марал, бұлғын, тоқал бұғы, таутеке, сілеусін, елік, құну, қар ілбісі т.б мекендейді.

Ұлттық парк орманының алып жатқан көлемі 219,9 мың га, оның 60 пайызын самырсын ағашы алып жатыр.

Туристерді ерекше қызықтыратын таза ауа, таулы ландшафт, көл, бұлақ, сарқырамалар, орман ландшафттары Қатонқарағай ұлттық саябағының келбетін қалыптастырады.

Аумақта Бұқтырма Ақ және Қара Берел өзендері, Язовое Рахман көлі, бұлағы, Көккөл құламасы, Өрел, Берел, Ақмарал (Парк) елді мекен атауларымен бірге көптеген микротопонимдер жүйесі бар. Ең көрнекті туристерді қызықтыратын жері – Рахман бұлағы емдік қасиеті мол ыстық су шығып жатқан табиғат сыйы. Антропомикрогидроним атауының өзіндік тарихы бар. осыдан 215 жылдай бұрын Рахманов атты аңшы биік тауда маралды атып жаралайды.

Ол екі күн жаралы аңның ізімен жүріп оның осы бұлақ басында екінші жұбымен аман-сау тұрғанын көріп таң қалады. Маралды атып өлтіріп, оның бірінші атқан оғы тиген аяғының жараланған терісі жіңішкеріп, жұқа қабықша болып жазылып жатқанының куәсі болады. Бұлақ суының емдік қасиеті бар екенін жобалап, оны сынап, зерттеп көргісі келеді. Бұлақ суына күніне үш рет шомылып, бір жұмада бірнеше жыл зардап шеккен құяң ауруынан құлан таза жазылады. Кейінірек бұлақ суы зерттеліп, оның басына емдік орындар салынып, рекреациялық аймақтарға айналады.

Су құрамында радон, күкірт, күкіртті сутегі, сульфат, сульфит, карбонат, нитрат тұзбасы бар екені анықталды. Бұлақ суы жүйке ауруларын емдеуге таптырмайтын емдік қасиеті бар киелі жер. 2002 жылы Қатонқарағай ұлттық саябағына АҚШ, Батыс Еуропа, Ресей елдерінен 569 турист келген. Қаракөл көлі маңынан туристік база құрылысы салына бастады.

Сондықтан табиғи ландшафтысын қорғау, ғылыми тәжірибелер және экологиялық мониторинг жүргізуде мол мүмкіндіктер бар деуге болады. Болашақта мәдени ағарту жұмыстарын ұйымдастыратын қорыққа айналатыны сөзсіз.

Қорықша (қорыққор) – табиғатты, оның өсімдіктер мен жануарлар дүниесін немесе табиғат кешенінің белгілі бөлігін қамқорлыққа алудың бір формасы ретінде қорғауға алынған аумақ және қорықтан айырмашылығы мұнда шаруашылық әрекеттер мен қорғау ісі бірге ұйымдастырыла береді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының заңында (ХІІ – тарау, 49-бап) мемлекеттік табиғи қорықшалар қорғалатын табиғат құрамбөліктеріне қарай: зоологиялық, ботаникалық, гидрологиялық, геологиялық, топырақты, ландшафты және кешенді болуы мүмкін-делінген.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері зоологиялық, ботаникалық, орман, дендрологиялық, гидрологиялық, геологиялық (палеонтологиялық), геоморфологиялық, топырақты, ландшафты және кешенді болуы мүмкін деген шешім жасалған.

Облыста қорық, ұлттық парктерден басқа, табиғи кешен компоненттерініңдегі өзгерістерді болдырмайтын арнайы қорғалатын аумақтар жұмыс істейді. Резерваттардың ұйымдастыру мақсаты мен ережелері қорықшыларға ұқсас. Табиғи ресурстардың қорғалуына байланысты және жүргізілген жұмыстың сипатына қарай бірнеше топқа бөлінеді.

Өсімдіктер мен жануарлардың жойылу қаупіндегі және сиреп кеткен кеткен түрлерін қорғау мақсатында құрылады(7-кесте).

7-кесте – Шығыс Қазақстан облысындағы ҚТА-ның табиғат (ландшафт) зоналары бойынша орналасуы

Түрі

Атауы

Әкімшілік аудан

Ландшафттық зона

Ауданы га/есебімен

Қорғалатын нысандар

Дала зонасы

1

2

3

4

5

6

Мемлекеттік табиғи қорықша

Әдлет (ботаникалық)

Жарма ауд.

Шөлейт

112 га «Семей орманы» МТР-на жатады

Сиверс алмасы, мойыл, марал, оты, шәнгіш, аю дәрі, аңдыз, жалбызтікен қылша т.б.




«Әскер сайы» (ботаникалық)

Үржар ауд.

Шөлейт

156 га «Семей орманы» МТР-на жатады

Сиверс алмасы, мойыл, итмұрын, Ледебур миндалы, долана, жануарлардан; қоңыр аю, марал, елік, сұр суыр сілеусін т.б




Үржар (ботаникалық)

Үржар ауд.

Шөлейт

120 га «Семей орманы» МТР-на жатады

Мойыл, шәңгіш, долана, итмұрын, Сиверс алмасы, Ледебур миндалы жануарлардан: Жидков тышқаны, бүркіт, қабан актөс сусар.




Қаратал құмы (ботаникалық)

Зайсан ауд.

Шөлді тауаралық аңғар

1300

Шырқанақ өсімдіктері (реликт)




Тарбағатай (зоологиялық)

Зайсан ауд.

Сауыр-Тарбағатай белдеулілік типі

240000

Алтай арқары, ілбіс,қалқанқұлақ, ителгі, бүркіт, қарақұс, лашын, дала бүркіті, құр, үкі, дуадақ, жорға дуадақ, ақбас тырна, қарабауыр бұлдырық өсімдіктерден: қайынды – теректі шоқтар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет