Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары



бет12/19
Дата25.02.2016
өлшемі12.31 Mb.
#19338
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

7-кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

6




Құлыджы (зоологиялық)

Көкпекті ауд.

Алтай тауы белдеулілік типі

46000

Марал, елік, бұлғын, бұлан, Роборский атжалманы, бүркіт үшбақайлы ергежейлі қосаяқ өсімдіктерден: жүзген, қазақ аршасы, ақтерек, қаратерек, Құлыджы өзені аңғарындағы қалдық қарағай орманы




Рахман бұлағы (ботаникалық-геологиялық)

Қатонқа

рағай ауд.



Алтай тауы белдеулілік типі

109100 Қатонқарағай МҰТП аумағына қарайды

Рахман минералды суы, геологиялық құрылым Сібір балқарағайы қарабүлдірген, марал оты, қызғылт семізоты, алтай көртышқаны, марал т.б




Төменгі Тұрғысын (ботаникалық)

Зырьян ауд.

Алтай таулы белдеулілік типі

2200

Сібір шыршасы, балқарағай, Сібір самырсыны, итмұрын, долана, жануарлардан: елік, тиін борша тышқан, түйеқұлақ

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері

Синегор самырсын бауы (ботаникалық)

Ұлан ауд.

Алтай тауы белдеулілік типі

197

Сібір самырсыны (реликт)

Мемлекеттік табиғи резерват

«Ертіс орманы»

Бесқарағай ауд. Бородулиха ауд.

Құрғақ дала

658882

Ертіс өзені бойындағы реликті Таспалы қарағай ормандары

Ондай резерваттар Батыс Еуропа, Оңтүстік Азия, Африканың кейбір елдері мен АҚШ-та көптеп саналады. Сонымен қатар көптеген елдерде өсімдіктерге ғылыми жұмыстар жүргізу үшін т.б резерваттар ұйымдастырылуда. Ертіс өзенінің оң жағалауында реликті таспалы қарағай ормандары «Ертіс орманы» (Павлодар обл.) «Семей орманы» (ШҚО) орналасқан. Ертіс өңірінің жасыл белдеуіндегі созылған мұндай қарағайларды Қазақстанның басқа жерлерінен кездестіре алмаймыз. Бұл ормандардың топырақ пен су қорғағыштық маңызы бар. Сондықтан резерваттарда орманды дала фаунасымен қоса, онда өсетін ағаш қоры қорғауға алынған. Қарағай ормандары бұл өңірлерде орынсыз кесу, өртеу әрекетінен жойылып барады. Қазіргі таңда (2000–2005 жж) Семей өңірі мен Павлодар облысындағы болған өрттері салдарынан Ертіс жағасындағы қарағайлы ормандардың 300 мыңға жуық гектары жанып кетті деуге болады. Ғарыштық және жер беті зерттеулерінің нәтижелеріне жүгінсек, бұл ормандардың 50 пайызы өрттен, орман зиянкестері мен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шекті.

Семей өңірінде қарағайлы ормандардың көлемі 30–40 пайызға азайып, мүлдем ойсырып қалды. Қалба тауларының ландшафтың келбетін қалыптастыратын гранитті тастарға бейімделе өскен қарағайлы алқаптардың аумағы біршама азайған. Ғалымдардың пікірінше су маңындағы орманды алқаптар ашылып қалғандықтан Кенді Алтайдың Үбі, Үлбі, Бұқтырма сынды өзендері шамамен жылына 1,5 миллиард текше метр көлемінде су қорларын жоғалтады екен. Сондықтан қатаң бақылауға алып, орман алқаптарын пайдалану жүйесін реттеп, ағаш отырғызу шараларын жүргізу арқылы қалыптасқан геоэкологиялық мәселелерді шешуге болады. Табиғат ескерткіштері – бұл сирек құрып бара жатқан , желдің, судың әрекетінен бұзылып жатқан және сонымен бірге ғылыми, эстетикалық, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат нысандары. Бұл сөздің мағынасы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың жеке бір түрлерін қорғау, мысалы: арқар, ілбіс, самырсын, сібір балқарағайы т.б.

Қорғалатын табиғи аумақтарды өз ерекшеліктеріне қарай мәселесі КТА жүйесіне құрылымын сипаттайтына және ол өзінше қиын әрі қарама – қайшылы немесе даулы ғылыми – әдістемелік мәселе екендігі де шындық. Бұл мәселені жан-жақты қарастырып, тиімді шешу өз мезгіліндегі және дәл бағытталған жұмыс болары сөзсіз, әрі қорғалатын аумақтар жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.

КТА жүйелерін құру қажеттілігі алғаш рет Н. Ф. Реймерс, Ф. Р. Штильмарк (1978), Ю. Б. Родоман (1981) және Ю. А. Исаковтардың (1983), Еуропа мен Балтық елдерінің ғалымдарының еңбектерінде мысалы, Латвия тәжірибесінде А. Ж. Меллуманы (1982), П.П.Каваляускас (Литва), ал Қазақстанда қорғалатын аумақтар жүйесі қандай ұстанымдарға сай келу қажеттілігі О.Т.Айдаровтың еңбектерінде алғаш рет (2006) қарастырылды.

Сондықтан бұл жұмыстардың шешімін табу үшін арнайы далалық кешенді зерттеу жүргізу қажеттілігі туындайды. КТА жүйесін құру үшін алдын-ала жерлерді таңдау негізінен әртүрлі тақырыптағы, әсіресе ландшафт картасын пайдаланып талдау арқылы жүзеге асады. ШҚО – аумағында болашағы бар табиғат ескерткіштер көптеп кездеседі. Оларды болашақ ұрпақ үшін сақтау мен қорғау бүгінгі күннің басты талабы. Оларды сақтау мен қорғау (КТА) жүйесінің қарамағына енгізу арқылы ғана іске асырылады. Геоакпараттық жүйе (ГАЖ) арқылы модельдеу табиғи (ландшафтық), геоэкологиялық аудандау, әлеуметтік экономикалық т.б карталарды салыстыра талдау, аумақққа жан-жақты сапалы баға беру және КТА-ға қажетті аумақтарды таңдаудағы оның ғылыми , мәдени-тарихи негіз болуы болашақтағы қорғалатын аумақтар жүйесін құрудың мәліметтік базасы бола алады. Олардың қатарында Зайсан, Сауыр қорықтары, Сібе ұлттық саябағы басқада табиғат ескерткіштері мен ландшафтық қорықшалар жатады.

Зайсан шөлді қорығы – Зайсан ауданында орналасқан (Қара Ертіс өзені аңғарының сол жақ жағалауы, Майқапшағай, Боран және Қаратау елді мекендер аралығындағы аймақ) «Бөкенқұмдары» филиалы (Көкпекті ауд.) болады. 120 мың гектар аймақты бұл қорықта Зайсан қазаншұнқырының шөлді аймағының өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғауға алынады. Бұл қорық ұйымдастыру 2000-2030 жылдары аралығында құру жоспарланып отыр. Үржар ауданымен шекарада жатқан Алакөл қорығы (1998), (12520 га) мемлекеттік қорық статусын алды. Қазіргі кезде сақталып қалған табиғат көріністері өткен табиғат жағдайларынан, мол геоэкологиялық ақпарлар береді. Олардың көпшілігі адамдардың шаруашылық әрекетінен жойылып барады. Болашақта табиғат ескерткіштері қатарына жойылып жаңадан «Сауыр шыршалы орманы», «Тархан геологиялық кешені», Павлодар облысында - «Маралды көлі», «Мойылды» сияқты қайталанбас нысандар қосылады деген үміттеміз(8-кесте).

Асубұлақ геологиялық-минералды қорықшасы – оның аумағында жер бетіне шығып жатқан сирек кездесетін металдар орындарымен қызықты екені мәлім. Мұнда 100- ден аса минералдар, оның ішінде бағалы асыл тастар: турмалин апатит, тау хрусталі, лепидолит және басқа да минералдар металдар құрамында кездеседі.

8-кесте – Шығыс Қазақстан облысының келешегі мол табиғи нысандарын табиғат зоналары бойынша орналастыру



Табиғи нысан түрі

Атауы

Әкімшілік аудан

Ландшафттық зона

Ауданы га/есебімен

Жалпы саны

Мемлекеттік қорық

«Зайсан»

Зайсан ауд.

Шөлейт

120 мың га

1

«Сауыр»

Тарбағатай ауд.

Сауыр – Тарбағатай таулы белдеулілік типі

-

1

Ұлттық табиғи парк

Сібе

Ұлан ауд.

Құрғақ дала және Алтай таулы белдеулілік типі

-

1

Мемлекеттік қорықша

«Асубұлақ» (геологиялық-минерологиялық)

Ұлан ауд.

Алтай таулы белдеулілік типі

-

1

Мемлекеттік табиғат ескерткіші

«Тархан геологиялық қимасы»

Глубокое ауд.

Алтай таулы белдеулілік типі

2

1

«Ашутас» (геологиялық -палеоботаникалық)

Күршім ауд.

Алтай таулы белдеулілік типі

-

1

«Қиын – Керіш » (геологиялық палеоботаникалық)

Күршім ауд.

Алтай таулы белдеулілік типі

-

1

«Пылающие Адыры» (палеонтологиялық)

Тарбағатай ауд.

Сауыр-Тарбағатай таулы белдеулілік типі

-

1

«Голубой Залив» (геологиялық-петрологиялық)

Көкпекті ауд.

Алтай таулы белдеулілік типі




1


Тархан геологиялық қимасы – (2 га) девон кезенінің табиғи жағдайын сипаттайды. Бұл кезеңнің теңіздік түзілімдері қазбалы фауна қалдықтарына бай – маржан, молюска, брахиапод, мшанка т.б. Сондықтан Тархан қимасы Кенді Алтайдың стратиграфиялық құрылымын зерттеуде үлкен ғылыми маңызға ие.

«Ашутас» - геологиялық (палеоботаникалық) табиғат ескерткіші – үштік кезеңінің жалпақ жапырақтары флорасының түзілімдерін қорғау үшін құрылған. Түзілімдер ежелгі өсімдіктердін 79 түрінен тұрады және олардың 45 түрі басқа жерде кездеспейді.

«Қиын - Керіш» табиғат ескерткіші – саздық эрозиялық шұнқырлар мен жыралардан тұратын, тақырлар мен бөлінген жер бедері пішіндерімен ерекшеленеді. әртүрлі түстегі саздар субтропикалық фауна қалдықтары үштік кезеңнің жануарлары: бронтотерия, энтелодонттардың қанқа сүйек қалдықтарын тұрады.

«Пылающие Асыры»-табиғат ескерткіші – ежелгі жабық және жалаңаш тұқымды өсімдіктердің қалдықтарынан сүйек қалдықтары мен динозавр жұмыртқасының қабығынан тұратын ТМД-да алғаш рет табылған әртүрлі түсті саздар: алевралит, құмдардың түзілімдерінен тұрады.

«Голубой залив» – геологиялық петрологиялық табиғат ескерткішінің аумағында 280 млн жыл бұрын жер бетінде балқыған магманың шығып, жүруі, жолақты түзілімі бар нұсқадағы граниттерімен ажыратылады.

Аталған табиғи нысандар мемлекеттік статусқа ие бола алмай келеді. Аумағы 283,3 мың шаршы км – ШҚО аумағына шаққанда мұндай табиғи нысандардың саны өте аз деуге болады. Аумақта қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін ұйымдастыру, қорғауды қамтамасыз ету, нашарлап тозған экожүйелерді қалпына келтіру мәселелерін ғылыми тұрғыдан негіздеу қажет. Қорықшаларды геологиялық құрылымы, жер бедері, сирек өсімдіктер, қазба байлықтары мен жануарлар әлемі бай жерлерде ұйымдастырылатынын ескерсек, тиімділігі еселене түспек. Соған орай келешекте осы аумақта қорықтар мен табиғат саябақтарын ұйымдастыруға толық мүмкіндік бар.

Сондықтан табиғат қорғау жөніндегі шаралар барған сайын айқын әлеуметтік – саяси мәңге ие болып отыр. Табиғатты қорғау жөніндегі шаралар көбінесе тек экономикалық және экологиялық ғана емес, сондай-ақ саяси міндеттерді шешу үшін пайдаланылады. Табиғатты қорғау проблемалары сан қырлы. Оларды шешуде бірін-бірі толықтырып отыратын экологиялық және географиялық, (кешенді-далалық), геоақпараттық жүйе (ГАЖ) т.б зерттеу әдістері маңызды рөл атқарады. Келтірілген осы мысалдар ШҚО өңірінде табиғат қорғау шараларын және туризмді дамыта түсуге дәлел бола алады және осы ғылыми жұмыстар келешегінің маңыздылығының зор екендігін көрсетеді. КТА жүйесінің табиғатын сипаттай келе олардың ландшафтпен ажырамас бірлікте екені анықталып, оларды сақтап қалу тек ландшафты табиғи қалпында қорғағанда ғана жүзеге асырылатыны анықталды.

Қорытынды
Жалпы топонимдердің, оның ішінде гидронимдердің де қандай да болмасын қоғам өмірінде алатын орны айрықша. Өзен – көл атауларының өзінен ғана халықтың өткен өмірі, ру – тайпалардың ШҚО аумағындағы миграциясы, басқа этностармен қарым - қатынасы жайлы тарихи деректер алуға болады. Сонымен қатар, гидронимдердегі жан – жануарлар мен өсімдік жамылғысы, жер бедерінің ерекшелігі, суының физикалық және химиялық қасиеті туралы мол ақпарларды алуға болады.

1. ШҚО – ның гидронимдері әр түрлі тарихи кезеңдері қамтып, көне түркі басқа да тілден (араб, иран, моңғол, славян т.б.) қалыптасқанын аңғартады.

2. Шығыс Қазақстан өңірінің қазақтары қоршаған ортаны танып білуде жинақталған тәжірибесі ұрпақтан – ұрпаққа беріле отырып, табиғат жағдайларын тиімді пайдалану жолдарын маңызды мәліметтермен байытты, сондықтан бізге тарихи – географиялық мәлімет көзі болып жетті. Көшпелі мал шаруашылығын ұйымдастыру, аңшылық т.б. әрекеттер арқылы қазақ халқында табиғатты қорғау дәстүрі, оның қорларын шаруашылық мақсатта тиімді пайдалану жүйесі қазіргі көзқарастағы экологиялық тұрғыдан қалыптасқанын көреміз. Өзен атауларында су көздерін пайдалану жүйесі дәстүрлі мал шаруашылығының біршама жақсы дамығанын аңғартады.

3.Өзен суының ерекшелігі жергілікті топонимдерде бейнеленіп, табиғат жағдайларын айқындап отыр. Қазақ халқының көп жылдық тәжірибесі мен өмірі ШҚО – ның гидронимдерінде айрықша із қалдырды. Оған дәлел ШҚО аумағындағы барлық топонимдердің 27,2 % гидронимдер (5308), оның ішінде 11,4 %-ын (2224) өзен, 10,1 %-ын (1967) көлдер құраса, қалған 5,7 %-ын микрогидронимдер (1117 табиғи және жасанды су көздері) құрайды. Гидронимдерде су көздерінің нақты сандық, сапалық (тереңдігі, ұзындығы, су ресурсы, ащылығы, тұщылығы т.б.) сипаттамалары берілетіні анықталды. Яғни нақты геоэкологиялық ақпарат көзі болып табылады.

4. Табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су атауларында ланшафттардың құрамдас бөліктерін (литология, жер бедері, климат, су көздері, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі) ұштастыратын біртұтас жүйесінің ерекшеліктері топонимдерде бейнеленіп, нақты көрініс тапты.

5. Табиғаты қорғау мәселелері сан қырлы. Оларды шешуде бірін – бірі толықтырып отыратын экологиялық және географиялық зерттеу әдістері анағұрлым үлкен рөл атқарады.

Гидронимдердің қоғам өмірінде алатын орны айрықша. Еліміздегі өзен, көл т.б су қоймалардың атаулары ғасырлар бойы қалыптасқан. Сондықтан ол атаулар гидрологиялық тұрғыдан аз зерттелген аумақтармен қоса ағындылары XX- ғасырдың басынан бақыланған ірі суқоймалардың да зерттеулер кезеңіне дейінгі ұзақ уақыт аралығындағы өзгерістері, жалпы режимі жайлы деректер бере алады.

Әдебиеттер
1 Арғынбаев Х. А. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. – Алматы, 1969. – 172 б.

2 Аманжолов А. С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – Алматы : Санат, 1996. – 128 б.

3 Аспандияров Б. Этимология некоторых топонимических названий (к вопросам исторической топонимики) // География в школах и ВУЗах Казахстана. – Алматы, 2007. – № 1. – С. 38–43

4 Армстронг И. А. Семипалатинские древности (с рисунками) // Изв. Императорского археологического общества. – СПб., 1861. – Т. 2.– С. 202–206

5 Атлас Казахской ССР. Природные условия и ресурсы. – М., 1982. – 81 с.

6 Аубекеров Б. Ж., Чалыхьян Т. И. Кайнозой зоны канала Иртыш-Караганда. – Алма-Ата : Наука, 1974. – 107 с.

7 Ахметжанова Ф. Р., Әлімхан А. Ә. Қазақ шығысының жер-су атаулары. – Өскемен : ШҚУ баспасы, 2000. – 104 б.

8 Әбдірахманов Ә. Көне топонимдердің этимологиясы жайында // Қазақ ономастикасының мәселелер. – Алматы : Ғылым, 1998. – 328 б.

9 Әбдірахманов Ә. Қазақстанның жер-су аттары. – Алматы, 1959. – 236 б.

10 Әлімхан А. Ә. Шығыс Қазақстанның Оңтүстік аймағы топонимдерінің тілдік және этномәдени негіздері : филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2001. – 25 б.

11 Әбдірахманов. С. Топонимикалық атауларды қалыптастыру және стандарттау мәселелері // Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері. Респ. ғыл.-прак. конф. мат. – Астана : Ақжол-баспа, 2004. – 34–46 б.

12 Баяндинова С. М. теоретические предпосылки к изучению ландшафтов Восточного Казахстана // Мат. межд.науч.прак.конф. – Алматы : Қазақ университеті, 2007. – С. 250–258.

13 Бартольд В. В. Соч. Т. 2., Ч. 1. – М., 1965. – С. 100

14 Бельгибаев М. Е. О происхождении прииртышского реликтового соснового бора // География в школах и Вузах Казахстана. – Алматы, 2009. –№ 2. – С. 2–4.

15 Белгібаев М. Е., Нұрпейісова А. Шығыс Қазақстан облысының қорықтары // Қазақстан географиясы және экология және ЖОО-да оқыту, 2007. – № 5. – 3–7 б.

16 Бейсенова Ә. С., Самакова А. Б., Есполов Б. И., Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты пайдалану : оқулық.–Алматы : Ғылым, 2004. – 328 б.

17 Бернштам А. Н. Историческая география Тянь-Шаня. Изв. ВКО. – Т.87. – Вып. 1, 1955. – С. 42–53.

18 Бияров Б. Н. Өр Алтайдың жер-су аттары. – Алматы, 2002. –180 б.

19 Бияров Б. Н., Сапаров Қ. Т. Шығыс Қазақстан облысы топонимдерінің қалыптасу ерекшеліктері // География және табиғат. – Алматы, 2006. – № 4. – 14–16 б.

20 Болатов Ж. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. – Алматы, 1963. – 251 б.

21 Бубличенко Н. А. Основные тектонические линии Рудного Алтая, Большой Алтай. – Л., 1936. – Т. 2. – С. 31–50

22 Вилесов Е. Н., А. Ғ. Кушимова Гляциологияның қазіргі проблемалары : оқу құралы. – Алматы : Қазақ университеті 2003. – 111 б.

23 Вилесов Е. Н. Каталог ледников СССР. – Алтай и Западная Сибирь. – Л. : Гидрометеоиздат, 1969. – Т. 15. – Вып. 1. – Ч. 1–3. – 62 с.

24 Гайдученко Л. Л. Изменение ландшафта и климата в плиоцене юга западно-сибирской равнины. – В кн.: Оледенение и палеоклиматы Сибири в плейстоцене, 1983. – С. 133–140.

25 Геродот. История в девяти книгах. – Л. : Наука, 1972. – 600 с.

26 Геблер Ф. В. Замечание о Катунских горах, составляющих высочайший хребет в Русском Алтае // Горный журнал, 1938. – Т. 12. Кн. 5. – Вып. 6 . – С. 16–21.

27 Горбунов А.П. «Үлкен Сызба кітапнамасындағы» Қазақстанның географиялық деректері // География, биология, экология орта мектепте. – Алматы, 2008. – № 1. – 27–32 б.

28 Горбунов А. П., Самашев З. С., Северский Э. В. Вечная мерзлота – хранительница древности. – Алматы, 2002. – С. 39–43

29 Гумилев Л. Н. Ритмы Евразии : Эпохи и цивилизации. – М. : Изд-во АСТ, 2004. – 606 с.

30 Гумилев Л. Н. Көне түріктер: Көпшілік оқырман қауымға арналған. – Алматы : Білім, 1994. – 480 б.

31 Геология ССР. Восточный Казахстан. (Геологическое описание) / под ред. В. П. Нехорошева. – М. : Недра, 1967 – Т. 41. – Ч. 1. – 471 с.

32 Государственный водный кадастр. Казахская ССР. – Л., 1987. – вып. 1. – Т. 5. – С .120–160.

33 Гнейс А. К. Собр.литерат.трудов. – СПб., 1898. – Т. 2. – С. 741.

34 Дәуренбеков Ж., Ә. Асқаров. Жасыл әлемге саяхат. – Алматы : «Қайнар», 1985. – 160 б.

35 Джаналиева Г. М. Антропогенное ландшафтоведение. – Алматы, 2000. – 120 с.

36 Джаналиева Г. М. Структура ландшафтов Балхаш – Илийской мегасистемы. – Алма-Ата : Каз ГУ им. Аль-Фараби, 1993. – С. 46.

37 Достай Ж. Д., Сапаров Қ. Т. Ландшафт тұрпаттарын анықтаудағы топонимдердің рөлі // География және табиғат.– Алматы, 2006. – № 5. – Б. 5–9.

38 Достай Ж. Д., Сапаров Қ. Т. Топонимиялық зерттеулердегі геоэкологиялық аудандау мәселелері (Қазақстанның солтүстік – шығыс және шығыс өңірлері негізінде) // География және геоэкология мәселелері. – Алматы, 2009. – № 3–4. – 15–21 б.

39 Егорина А. В. Барьерный фактор в развитии природной среды гор. Барнаул, 2003. – 344 с.

40 Егорина А. В., Ю. К. Зинченко, Е. С. Зинченко Физическая география Восточно-Казахстанской области.. Восточный субрегион : учебное пособие. – Усть-Каменогорск : ВКГУ, 2000. – Ч. 1. – 124 с.

41 Ерасов Н. В., Токмагамбетов Г. А., Бектеньяров Р. С., Оспанов Н.О. Новые данные о современном оледенении Казахстанского Алтая и его основные особенности // В сб. Проблемы физической и экономической географии Казахстана. – Алма-Ата : Изд-во Наука Каз ССР, 1975. – С. 135–146.

42 Ерофеев В. С. Геологическая история южной периферии Алтая в палеогене. – Алма-Ата, 1969. – С. 16–59

43 Жеріңнің аты – Елімнің хаты. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы : Аруана «Ltd ЖШС», 2006. – 808 б.

44 Иртыш. Гидрографическо-навигационный очерк. сост. М. С. Чернышев. – СПб., 1887. – С. 12.

45 Исабаев Б. Ұлылар мекені. – Новосибирск, 2001. – 623 б.

46 Искаков Н. А., Медеу А. Р. Қазақстан: Природа Экономика. Экология. – Алматы, 2007. – 216 с.

47 Ислямов А. Шығыс Қазақстан топонимикасы: әдістемелік құрал. – Алматы : «Эверо», 2003. – 112 б.

48 Каймулдинова К. Д. Қазақстанның аридті аумақтарының топонимиясы : монография. – Алматы : «Te-Color» баспасы, 2010. – 280 б.

49 Каймулдинова К. Д. Топонимика : оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 336 б.

50 Конкашпаев Г. К. Словарь казахских географические названий. – Алма-Ата : Изд-во АН КазССР, 1963. – 185 с.

51 Конкашпаев Г. К. Казахские народные географические термины // Изв. АН Каз ССР, серия географическая. – Алма-Ата, 1951. – Вып.3. – С. 3–47.

52 Қоңқашбаев Ғ. К. Кейбір аңдарға байланысты қазақ жеріндегі атаулар // Вопросы географии Казахстана. – Алма-Ата 1960. – Вып.7. – С. 172–176.

53 Конкашпаев Г. К. Географические названия монгольского происхождения на территории Казахстана // Изв. АН Каз. ССР. – 1959. – Вып.1 (2). – С. 85–98.

54 Керейбаев Қ. Қазыналы Қалба. – Алматы, 2003. – 464 б.

55 Қазақстан Республикасының атауларының мемлекеттік каталогы. Шығыс Қазақстан облысы. – Алматы : РМҚК «Ұлттық картографиялық – геодезиялық қоры», 2004. – Т. 1. – 402 б., Т. 2. – 294 б.

56 Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Жалайыр Бірінші кітап. – Алматы : Алаш тарихи зерттеу орталығы, 2007. – Т. 7 . – 488 б.

57 Қайсенов З. Ұлан ауданы туралы тарихи-әдеби очерктер. – С. Аманжолов ат. ШҚМУ Баспасы, 2005. – 256 б.

58 Климат юго-западного Алтая / под редакцией А. В. Егориной. – Усть-Каменогорск, 2002. – 240 с.

59 Қайыркен Т. З. Көне түркі ескерткіштеріндегі қытай жазбалары және олардың Отан тарихынан деректік әлеуеті: тарих ғыл.док. ... автореф. – Алматы, 2009. – 40 б.

60 Қашқари М. Түрiк тiлiнiң сөздiгi (Диуани лұғат ит-түрк). Шығармалар жинағы (ауд. А. Егеубай). – Алматы: ХАНТ, 1997. – 3 т. – 1353 б.

61 Құсайынов С. А. Жалпы геоморфология : оқулық. – Өнд., толықт., 2-бас. – Алматы : Қазақ университеті, 2006. – 292 б.

62 Құрбанғали Халид. Тауарих Хамса. Бес тарих. – Алматы, 1992. – 304 б.

63 Любимова Е. Л., Мурзаев Э. М. Топонимические свидетельства географических условий прошлого русской равнины. – М., 1964. – С. 303–309.

64 Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих или кигриз-кайсацких орд и степей / под редакцией академика М. К. Козыбаева. – Алматы : «Санат», 1996. – 656 с.

65 Мадиева Г. Б. Гидронимия Восточного Казахстана : автореф. … канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1990. – 22 с.

66 Материалы по Киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Семипалаптинская область. Зайсанский уезд.– СПб., 1909. – Т. 8. – 376 с.

67 Материалы по Киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Семипалаптинская область Усть-Каменогорский уезд. – СПб., 1905. – Т. 9. – 232 с.

68 Материалы по Киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Семипалаптинская область. Семипалаптинсий уезд. – СПб., 1909. – Т.10. – 420 с.

69 Материалы по Киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Семипалаптинская область. Павлодарский уезд .– СПб., 1903. – Т. 4. – 386 с.

70 Михайлова Н. И. Развитие природы Восточного Казахстана в кайназое // Региональный компонент в системе экологического оброзований и воспитания. – Усть-Каменогорск, 2002. – С. 88–93.

71 Молчанова О. Т. Топонимический словарь Горного Алтая. – Горно-Алтайск, 1979. – 398 с.

72 Молчанова О. Т. Гидронимы и оронимы Горно-Алтайской автономной области (лингвистический анализ), дисс.канд.фил.наук. –Томск, 968. – 29 с.

73 Мукашева Ж. Н., А. Мухамадиева к истории развития ландшафтов Алакольской котловины // Вестник КазНУ серия географическая. – 2003. – № 2. –С. 17–19.

74 Мурзаев Э. М. Очерки топонимики. – М., 1974. – 382 с.

75 Мурзаев Э. М. Основные направления топонимичесих исследований // Принципы топонимики. – М. : Наука, 1964. – С. 23–33.

76 Нұрғалымова Г. С. Шығыс Қазақстанның көне тарихы мен мәдениеті: тарихи-географиялық зерттеу. – Алматы : Арыс, 2002. – 116 б.

77 Нехорошев В. П. Геология Алтая. – М., 1958. – С. 117–151

78 Омаров Т., Филонец П. Қазақстан көлдері. – Алматы : Қазақстан, 1987. – 144 б.

79 Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. – Алматы : «Қазақстан», 1977. – 72 б.

80 Паллас П. С. Путешествие по разным провинциям Российской империи. – СПб., 1786. – Ч. 2. – Кн.1

81 Потанин Г. Н., К. Струве Путешествие на озеро Зайсан и в речную область Черного Иртыша до озера Маркаколь и горы Сары тау летом 1863 г. – Омск, 1865. – 34 с.

82 Попова В. Н. Гидронимы Павлодарской области : автор.канд. филол. наук. – Томск, 1966. – 21 с.

83 Попова К. И., Лупина Н. Х., Панженская Е. И., Егорина А. В. Барико-циркуляционный режим атмосферы над Алтаем и сопредельными территориями в теплый период // Гляциология Сибири. – Томск, 1986. – С. 12–58

84 Резванцев Б.Б., Резванцев Б.З. Алтайский скит // География в школах и вузах Казахстана. – Алматы, 2008. – № 1. – С. 34–37.

85 Розен М. Ф.Библиография Алтая: Географические и прочие исследование до Советского периода. – Барнаул, 1992. – 165 с.

86 Руденко С. И. Культура населения Горного Алтая в скифское время. – М. – Л., 1953. – С. 325.

87 Руденко С. И. Очерк быта Северо-восточных казахов. Кн.: Казахи. – Л., 1930. – С. 3.

88 Румянцев П. П. Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области. Лепсинский уезд. – СПб., 1911. – Т.1. –Вып.1. – 633 с.

89 Сапаров Қ. Т. Өсімдік атауларының топонимдерде көрініс табуы // География және табиғат. – Алматы, 2003. – № 3. – 8–14 б.

90 Сапаров Қ. Т. Шығыс Қазақстан облысының лимнонимдерінің қалыптасу ерекшеліктері // Ізденіс № 4. Жаратылыстану және техника ғылымдары сериясы. – Алматы, 2006 – 84–88 б.

91 Сапаров Қ. Т. Топонимиканың геоэкологиялық негіздері: оқу құралы. – Павлодар : С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2007. – 129 б.

92 Сапаров Қ. Т. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін қалыптастыратын географиялық атаулар // Вестник ВКТУ. – № 2. –2007. – 129–137 б.

93 Сапаров Қ. Т. Павлодар облысының топонимикалық кеңістігі (қазақтардың кеңістікті игеру тәжірибесінің жер-су атауларындағы көрінісі). – Павлодар : ЭКО ҒӨФ, 2007. – 308 б.

94 Сапаров К. Т. Топонимы Восточной части Казахского мелкосопочника. // Известия географического общества. – Республика Узбекистан, Ташкент, 2009. – С. 61–65

95 Сапаров К. Т. Отражение природно-климатических условий в топонимах ВКО Приднепропетровский научный вестник, Серия экология, №1 (104) 2010 Р.Украина , 2010. – С. 61– 64

96 Сапаров Қ. Т., Нәжкенова Г. Т. Антропогендік әрекеттердің гидронимдердегі көрінісі (ШҚО мысалында) // 2020 стратегиялық жоспар: Көшбасшылыққа Қазақстандық жол атты «Х Сәтбаев оқулары» халық. ғылым.прак.конф. материалдары. – Павлодар, 2010. –Т.2. –309 б.

97 Сапаров Қ. Т. Табиғи су көздерінің жер-су атауларындағы көрінісі (Қазақстанның Шығыс және Солтүстік-Шығыс өңірлері //ҚР қазіргі замандағы тенденция мен географиялық ғылымның дамуы атты халық. ғылым.прак.конф. материал. – Алматы : Қазақ университеті, 2010. – 54–57 б.

98 Сапаров Қ. Т. Қазақстан топонимдерінің қалыптасуы мен дамуының географиялық негіздері ( шығыс, солтүстік шығыс өңірлері мысалында) : географ. ғыл. докт...автореф. – Алматы, 2010. – 32 б.

99 Сапаров Қ. Т. Табиғат пайдалану және қорғау мәселелерінің географиялық атауларда бейнелену заңдылықтары (ШҚО) // Гидрометеорология және экология. – Алматы, 2011. – № 6. – Б. 32–48

100 Сапаров Қ. Т., Какежанова Ш. К. Мұздық атауларының топонимдердегі көрінісі (Қазақстан Алтайы мысалында) // «XI Сәтпаев оқулары» халық. ғылым.прак.конф. материал. – 2011. – Т. 30. – 113–120 б.

101 Сапаров Қ. Т. К вопросу о этимологии реки Иртыш // Matters of International Scientific Internet Conference: «Science education and new technologies» Granendonck 2 5673 LA Eindhoven- Netherlands. – 2011. – С. 51–55

102 Сапаров Қ. Т. Қазақстанның Шығыс, Солтүстік-шығыс өңірлерінде кездесетін славян тілінен енген географиялық атаулар // Materialy VII mezinarodni vedecko – prakticka konferece «Zpravy vedecke ideje - 2011». – Praha : Publishing House «Education and Science», 2011. – 56–60 б.

103 Сапожников В. В. Катунь и ее истоки (Путешествие 1897 – 1899г.г.). – Томск, 1901. – С. 206.

104 Сапашев О., Құсманова Г., Құлыштаев Е., Темірбеков Е. Е. Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш анықтамалығы. – Өскемен, «Рекламный Дайджест». 2009. –138 б.

105 Седельников А. И. Озеро Зайсан. – Омск, 1910. – 300 с.

106 Селевин В. А. Перечень млекопитающих окрестностей Семипалатинска // Бюлл. Средне-Азиатский Гос.Университет. –Ташкент, 1937. – Вып.22. – 397 с.

107 Соколов А. А. О рельефе Восточного Казахстана // Почвы, удобрение и урожай в условиях Восточного Казахстана. Тем.сб. – Алма – Ата : Кайнар, 1974. – Т. 3. – С. 5–57.

108 Соседов И. С., Р. И. Гальперин Годовое количество осадков на территории Восточного Казахстана // Вопросы гидрологии Казахстана. – Алма-Ата, 1936. – С. 46–76.

109 Толыбеков С. Е. Кочевое общество казахов в XVII – XX в.в (политико-экономический анализ). – Алма-Ата : Наука Ан КазССР, 1971. – С. 633.

110 Тронов М. В. Очерки оледенения Алтая. – М. : География, 1949. – 375 с.

111 Уәлиханов Ш. Ш. Таңдамалы шығармалар. 2-бас. – Алматы, 1985. – 560 б.

112 Чигаркин А. В., Сыдыкова И. О. Қазақстандағы Кенді Алтай тауішілік ойыстарының экологиялық маңызы, IV Жандаевские чтения // Матер. межд.науч.-практ.конф. – Алматы, 2007. – С. 194–197.

113 Чигаркин А. В., Жакупова А. А. Қазақстанның аймақтық геоэкологиясы : оқу құралы. – Алматы : Қазақ университеті, 2007. – 202 б.

114 Чупахин В. М. Природное районирование Казахстана для целей сельского хозяйства. – Алма-Ата : Наука, 1970. – 260 с.

115 Чихачев П. А. Путешествие в Восточный Алтай. – М. : Наука 1974. – 200 с.

116 Чумаков И. С. Кайнозой Рудного Алтая. – М., 1965. – 49 с.

117 Хабижанова Г. Б. Тюркские племена центральной Азии в Х-ХІІ вв. : учебное пособие. – Алматы : Қазақ университеті, 2009. – 126 с.

118 Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков: Материалы к историко-этнографическому атласу. – Алма-Ата : Наука КазССР, 1980. – 256 с. ил.

119 Шнитников А. В. Изменчивость общей увлажненности материков Северного полушария // Зап. ВГО. Нов. Сер. – 1957. – Т. 16. – С. 337.

120 Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық картасы. (М-бы 1:1000000). – Алматы : ККК Картография, 2003. – 1 б.

121 Шығыс Қазақстан облысының географиясы. – Семей : ПК Семей – печать, 2000. – 136 б.

122 Шығыс Қазақстан топонимиясы. – Өскемен : Реймон-Дайджест, 2007. – 356 б.

123 Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары : (тарих, мәдениет, білім). – Өскемен : С. Аманжолов ат. ШҚМУ баспасы, 2006. – 432 б.

124 Формозов А. Н. Животный мир Казахстана. – М. : Наука, 1987. – 149 с.

125 Формозов А. Н. Проблемы экологии и географии животных. – М. : Наука, 1981. – С. 185–206

126 Физическая география Республики Казахстан : учебное пособие. – Алматы : Қазақ университеті, 1998. – 266 с.

127 Физическая география Республики Казахстан : учебное пособие. – Алматы : Қазақ универсиеті, 1998. – 266 с.

128 http: // www, steppe. pu / pagesview 17.html





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет