АБЫЛАЙКИТ(Аблакетка) – өзен.
|
Қалба жотасының Бесшоқы және Талды тауларының солтүстік беткелерінен басталатын Сібе және Ұранхай (Ұранқай) өзендерінің қосылған тұсынан кейінгі бөлігі осылай аталады. Өзен Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы арқылы ағып өтеді. Ұзыныдығы Сібе өзенінің бастауынан есептегенде 78 км, су жинау алабының ауданы 1680 км2. Абылайкит ауылының тұсында Ертіс өзеніне қосылады. Сағасындағы орташа су ағынының мөлшері 4,87 м3/с. Өзен 1654 ж. қалмақтың Абылай тайшысы салдырған сарай-бұтханасының (Сібе өзенінің бас жағында) атымен аталған. Монғолдың “Абылайкент” яғни “Аблай түнесі” (“ғибадатхана”) деген мағынаны береді.
|
АҒЫНЫҚАТТЫ – өзен.
|
Қалба жотасының оңт-нде, Шар өзенінің аңғарында, Жарма ауданында. Өзен суының ағысына байланысты қойылған атау.
|
АДЫРБАЙ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының шығыс бөлігінде, Зайсан ауд-нда, Кісі есімінен қойылған атау.
|
АЙ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының батысында, Үржар ауд-нда. Өзен суының таз, мөлдір болуына байланысты қойылған атау.
|
АЙҒЫЗ – өзен.
|
Шыңғыс тауындағы Ақшатау жотасының оңт. баурайынан бастау алады. Өзен Аягөз ауд. жерімен ағады. Ұзындығы - 81 км, су жинау алабының ауданы 865 км2, көп жылдық орташа су шығыны 0,3 м3/с.
|
АЙНАКӨЛ – көл.
|
Күршім жотасының батысында, Күршім ауданында.
|
АЙРАН – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт. бөлігінде, Үржар ауд-нда. Өзен суы лайлау болғандықтан қойылған атау.
|
АҚ БЕРЕЛ – өзен.
|
Қызылқарағай жотасының шығыс бөлігінде, Қатонқарағай ауданында.
|
АҚЖАЛ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт. бөлігінде, Тарбағатай ауданында.
|
АҚКӨЗ – бұлақ.
|
Балқаш көлінің солтүстігінде, Арқарлы тауларының оңт.-шығысында, Аягөз ауд-нда.
|
АҚҚИЯҚ – көл.
|
Ақшатау жотасының оңт-нде, Аягөз өзенінің алабында, Аягөз ауданында. Атау қияқ шөбінің толысып, ағарып тұруына байланысты қойылған.
|
АҚҚОБЫ – өзен.
|
Қаба өз-нің сол саласы. Күршім ауд-нда, Марқакөлдің шығысындағы Қоба жотасын бойлай ағып жатыр. Өзен Оңт. Алтай жотасынан басталады да, Қазақстан мен Қытай шекарасын бойлай аққан өзен, әуелі Қарақобы өз-не, содан кейін ҚХР-дағы Қобы өз-не құяды. Ұзындығы - 99 км, су жинау алабының ұзындығы 1570 км2.
|
АҚСИЫР – өзен.
|
Сауыр жотасының солт-нде, Зайсан ауд-нда.
|
АҚСОР – көл.
|
Қалба жотасының батысында, Шар өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда. “Аппақ сортаң, тұзды сор (көл)” мәніндегі атау.
|
АҚСУ – өзен.
|
Зайсан к-нің солт.-батысында, Көкпекті ауд-нда. Ақ сөзі судың түсін көрсетпейді, ағындылығын, тау басынан өз арнасымен төмен қарай ағып келетін қардың суы екендігін көрсетеді.
|
АҚСУАТ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт-нде, Тарбағатай ауд-нда.
|
АҚТАС – өзен.
|
Семейтау тауларының оңт-нде, Семей қ.ә.қ.а.
|
АҚТАС – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт. етегінде, Үржар ауд-нда.
|
АҚТАС – бұлақ.
|
Арқарлы тауларының солт.-шығысында, Дағандалы өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
АҚТОРАҢҒЫ – көл.
|
Зайсан к-нің шығысында, Қара Ертіс өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда. Ақтораңғы – тораңғының бір түріне байланысты қойылған атау.
|
АҚТӨБЕ – бұлақ.
|
Арқарлы тауларының солт.-шығысында, Дағандалы өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
АҚТӨБЕКӨЛ – көл.
|
Ханшыңғыс жотасының батысында, Семей қ-на қарайтын аумақта. «Ақ төбе етегіндегі көл» мәніндегі атау.
|
АҚ ҮБІ – өзен.
|
Үбі жотасының шығысында, Риддер қ-на қарайтын аумақта.
|
АҚШАТАУ – өзен.
|
Ақшатау жотасында, Аягөз ауд-нда.
|
АҚШОҚЫ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт. бөлігінде, Үржар ауд-нда. Тау атынан қойылған атау.
|
АЛҚАБЕК – өзен.
|
Қара Ертіс өз-нің оң жақ саласы.Күршім ауд-нда орналасқан Азутау жотасының оңт. беткейінен бастау алады. Ұзындығы - 82 км, су жинау алабының ауданы 1420 км2, Алқабек елді мекенінің тұсында көп жылдық орташа су шығыны 0,57 м3/с. Кісі есімімен қойылған атау.
|
АЛШЫНБАЙ – өзен.
|
Қалба жотасының оңт.-батысында, Жарма өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда. Ру атынан қойылған атау.
|
АРАП – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт.-батысында, Бұғаз өз-нің аңғарында, Тарбағатай ауд-нда.
|
АРАСАН – өзен.
|
Алакөл к-нің шығысында, Арасантау тауларының батыс бөлігінде, Үржар ауд-нда. Бұл атау “шипа” мағынасын береді. Демек, өзен суының шипалы, емдік қасиетіне байланысты қойылған атау.
|
АРАСАН – көл.
|
Күршім а-нан шығысқа қарай 47 км жерде, Күршім өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда.
|
АРАСАНҚОБЫ – өзен.
|
Оңтүстік Алтай жотасының батыс бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда. «Шипалы суы бар қобы» мағынасындағы атау.
|
АРБАЛЫ – өзен.
|
Айғыржал жотасы мен Сарытау таулары аралығында, Жарма ауд-нда.
|
АРШАТЫ – өзен.
|
Оңтүстік Алтай жотасының солт.-батысында, Бұқтырма өз-нің бойында, Қатонқарағай ауд-нда.Өзен атынан қойылған атау.
|
АСЫРҚАЛША – құдық.
|
Тарбағатай жотасының батысында, Ай өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
АША – өзен.
|
Қалба жотасының шығыс бөлігінде, Көкпекті ауд-нда. Гидронимдік термин.
|
АША – өзен.
|
Сарымсақты жотасында, Күршім ауд-нда.
|
АЩЫАЙРЫҚ – өзен.
|
Арқат тауларының оңт-нде, Ащысу өз-нің аңғарында, Абай ауд-нда.
|
АЩЫКӨЛ – көл.
|
Зайсан к-нің батысында, Тарбағатай ауд-нда. Көл суының тұзды, ащы болуына байланысты қойылған атау.
|
АЩЫКӨЛ – көл.
|
Қалба жотасының батысында. Шар өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда.
|
АЩЫҚҰДЫҚ – көл.
|
Тарбағатай жотасының батысында, Ай өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда. Құдықтың суы ащы болғандықтан қойылған атау.
|
АЩЫӨЗЕК – өзен.
|
Ханшыңғыс жотасының солт.-шығысында, Абай ауд-нда.
|
АЩЫӨЗЕК – өзен.
|
Түлкілі тауларының батысында, Аягөз ауд-нда.
|
АЩЫСУ – өзен.
|
Ертіс алабында, Жарма, Аягөз және Абай ауд-дары жерімен ағады. Жақсы Қойтас, Жаман Қойтас, Сарытау баурайларындағы бұлақтардан басталып, Шаған өз-не құяды. Ұзындығы - 349 км, су жинау алабының ауданы 18100 км2, жылдық орташа ағын мөлшері 0,34м3/с (Үшбиік т.ж. бекетінің тұсында). Өзен суының тұзды, ащы болуына байланысты қойылған атау.
|
АЮЛЫ – өзен.
|
Бұқтырма бөгенінің солт.-батысында, Үржар ауд-нда.
|
АЯГӨЗ – өзен.
|
Балқаш к. алабында, Аягөз ауд. жерімен ағады. Бастауын Тарбағатай жотасының солт. сілемдерінен (1661 м) алып, Балқаш к-не солт.-шығыс жағынан құяды. Ұзындығы - 450 км алабының ауд. 15,4 мың км2. Ай – тайпа аты, үгүз - “өзен” мәнін береді, яғни атау “ай өзені” мәнін береді.
|
ӘЛЖАН – көл.
|
Қалба жотасының солт.-батысында, Шар өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда. Антропоним.
|
ӘЛЕТ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының батыс бөлігінде, Үржар ауд-нда. Ру атынан қойылған атау.
|
ӘЛӘМБЕТ – бұлақ.
|
Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Шілікті аңғарының солт. бөлігінде, Зайсан ауд-нда. Кісі есімімен, қойылған атау.
|
ӘЛПЕЙІС – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының оңт-нде, Абай ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
ӘТЕЙ – өзен.
|
Ханшыңғыс жотасының солт-нде, Шаған өз-нің бойында, Абай ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
ӘУЛИЕБҰЛАҚ (Әулие қыз бұлағы) – шипалы қайнарлар.
|
Аягөз ауд-нда, Баршатас елді мекенінен батысқа қарай - 110 км жерде, Жорға тауының солт. беткейінен ағып шығып жатыр. Суының шипалы, емдік қасиетіне байланысты қойылған атау.
|
БАБЫН – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының батысында, Дағандалы өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
БАЗАР – өзен.
|
Ертіс алабында, Тарбағатай ауд-нда ағып өтеді. Батыс Тарбағатай баурайындағы бұлақтардан бастау алып, Зайсан к-не құяды. Ұзындығы - 182 км, су жиналатын алабының ауданы 15,2 мың км2,жылдық орташа ағыны 2,52 м3/с (Базар а-ның тұсында). Ру атынан қойылған атау.
|
БАЙЗАНТУМА – бұлақ.
|
Ақшатау жотасының оңт.-шығысында, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
БАЙЗАНТУМА – бұлақ.
|
Ақшатау жотасының оңт-нде, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
БАЙҚОШҚАР – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының батысында,Абай ауд-нда.
|
БАҚАНАС – өзен.
|
Балқаш алабында, Абай, Аягөз ауд-дары жерімен шөлейт белдем арқылы солт-тен оңт-ке қарай ағып өтеді. Шыңғыстау жотасының оңт. беткейінен бастау алып, Аягөз өз-не жетпей бітеді. Өзен ұзындығы - 240 км, су жиналатын алабы 25 мың км2, орташа жылдық су ағыны 3,27 м3/с (Шұбартау а-ның тұсында). Оның Дағанделі, Әлпейіс, Төлен, Қызылөзен, Жәнібек, Балқыбек, Көксала деген салалары бар. А.Әбдірахманов пікірінше, сөз түбірі бақан // бахана // бахн // бағана. Осыдан бақанақ, бақанас деген сөздер жасалған. Демек, Бақанас атауы бақана (а) –с элементтерінен жасалған да, бақандар, яғни “өзен салалары” дегенді білдіреді.
|
БАҚШОҚЫ – көл.
|
Ханшыңғыс жотасының солт.-шығысында, Абай ауд-нда.
|
БАЛА КӨКСАЛА – өзен.
|
Ақшатау жотасының оңт-нде, Көксала өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. “Кішкентай Көксала” мәніндегі атау.
|
БАЛА ҚАЛЖЫР – өзен.
|
Күршім жотасының батыс бөлігінде, Күршім ауд-нда.“Кішкентай Қалжыр” мәніндегі атау.
|
БАЛҒА – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының оңт.-батысында,Аягөз ауд-нда.
|
БАЛҒЫН – өзен.
|
Нарым жотасының солт. бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда.Өсімдік атынан қойылған атау.
|
БАЛДЫҚҰДЫҚ – құдық.
|
Семейтау тауларының батысында, Ертіс өз-нің аңғарында, Семей қ-на қарайтын аумақта.Шығымы 400 л/с. «Суы тәтті, тұщы құдық» мәніндегі атау.
|
БАЛҚЫБЕК – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының оңт.-батысында, Аягөз ауд-нда.Кісі есімімен қойылған атау.
|
БАЛТА-ТАРАҚ – өзен.
|
Аягөз өз-нің алабында, Аягөз ауд-нда.
|
БАЛЫҚТЫКӨЛ – көл.
|
Семей қ-нан батысқа қарай 70 км жерде, Ертіс өз-нің аңғарында, Семей қ-на қарайтын аумақта. “Балығы көп көл” деген мағынадағы атау.
|
БАРЛЫҚ-АРАСАН БҰЛАҚТАРЫ – бұлақ.
|
Арасан өз-нің Барлық тауынан Алакөл ойысына шығар тұсынан табылған жерасты су көздері. Бұлақ Шығыс Қазақстан обл-ның Үржар ауд-нда, Жарбұлақ елді мекенінен шығысқа қарай 16 км жерде орналасқан.
|
БАТПАҚ – өзен.
|
Ақшатау жотасының оңт.-шығысында, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. өзен маңы батпақты, сазды болғандықтан берілген атау.
|
БАТПАҚБҰЛАҚ – өзен.
|
Күршім жотасының оңт-нде, Қалжыр өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда.
|
БАТЫР – өзен.
|
Арқат тауларында, Абай ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
БАТЫРБЕК – өзен.
|
Айғыржал жотасы мен Сарытау таулары аралығында, Жарма ауд-нда. Ру атынан қойылған атау.
|
БЕГЕН – көл.
|
Большая Владимировка а-нан солт.-батысқа қарай 51 км жерде, Бесқарағай ауд-нда.
|
БЕКЕНБАЙ – өзен.
|
Қалба жотасында, Ұлан ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
БЕКТАС – бұлақ.
|
Жарма кентінің батысында, Шат өз-нің аңғарында, Жарма пуд-нда. Ру атынан қойылған атау.
|
БЕКТЕМІР – өзен.
|
Қалба жотасының оңт-нде, Көкпекті ауд-нда. Антропоним.
|
БЕЛАЯ – өзен.
|
Қызылқарағай жотасының оңт.-батысында, Бұқтырма өз-нің аңғарында, Қатоңқарағай ауд-нда. Орыс тіліндегі белый ("ақ") сөзінен қойылған атау.
|
БЕЛӨЗЕК – өзен.
|
Марқакөл к-нің оңт.-шығысында, Күршім ауд-нда.
|
БЕРЕЗОВКА – өзен.
|
Бұқтырма бөгенінің солт.-шығысында, Зырян ауд-нда.
|
БЕРЕЗОВКА – өзен.
|
Қызылқарағай жотасының батыс бөлігінде, Зырян ауд-нда.
|
БЕСІКНҰРА – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт.-батысында, Аягөз ауд-нда.
|
БЕТҚҰДЫҚ – құдық.
|
Семейтау тауларының оңт.-батысында, Абай ауд-нда. Тереңдігі - 2 м, шығымы 1500 л/с. «Жазық емес, беткейлеу жерден қазылған құдық» мәніндегі атау.
|
БИТТЕЙҚАҚ – көл.
|
Күршім жотасының оңт.-батысында, Күршім ауд-нда.
|
БОБРОВКА – өзен.
|
Бұқтырма бөгенінің солт.-шығысында, Зырян ауд-нда. “Құндызды өзен” мәніндегі атау.
|
БОБРОВКА – өзен.
|
Қызылқарағай жотасының оңт.-батыс бөлігінде, Зырян ауд-нда.
|
БОЗША – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт. бөлігінде, Тарбағатай ауд-нда. Өзен беті бозғылт болып жатқандықтан берілген атау.
|
БОЛЬШАЯ РЕЧКА – өзен.
|
Қызылқарағай жотасының батыс бөлігінде, Зырян ауд-нда.
|
БОЛЬШОЕ – көл.
|
Семей қ-нан солт.-шығысқа қарай 58 км жерде, Бородулиха ауд-нда.
|
БОЛЬШОЕ ЯЗОВОЕ – көл.
|
Қызылқарағай жотасының солт.-шығысында, Қатоңқарағай ауд-нда.
|
БОРЛЫ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт.-батысында, Балтатарақ өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
БОРЛЫҚАҚ – көл.
|
Жорға а-нан солт.-шығысқа қарай 75 км жерде, Аягөз ауд-нда.
|
БОРЛЫСАЙ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт.-батысында, Аягөз ауд-нда.
|
БОРСЫҚ – өзен.
|
Үлбі жотасының солт.-шығысында, Зырян ауд-нда. Борсық хайуанатымен байланысы жоқ, түркі тілдеріндегі сәл көнелеу, осы күнгі тіліміздегі борпылдақ түсінігіне жуық мәні бар атау болса керек.
|
БОСАҒА – өзен.
|
Семейтау тауларының оңт-нде, Семей қ-на қарайтын аумақта. "Биік тау не жоталардың қысаң жері, босағаға ұқсаған төменгі жері" мәніндегі атау. Топонимдік мағынасы: “қысаңдағы, төмендегі өзен”.
|
БОСАҒА – өзен.
|
Үлкен Сарымбет тауларының шығысында, Семей қ-на қарайтын аумақ.
|
БӨКЕ – өзен.
|
Қалба жотасының оңт.-батысында, Шар өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда. Көне түркі тілдерінде бұқа, боқа ("батыр,күшті, жауынгер") түрлерінде келеді. "Бұғы" мағынасындағы атау.
|
БРУСОВАЯ – өзен.
|
Нарым жотасының оңт.-шығысында, Күршім ауд-нда.
|
БҰҒАЗ – өзен.
|
Қалба жотасы мен Тарбағатай жотасы аралығында, Зайсан к-нің батысында, Тарбағатай ауд-нда.
|
БҰҒЫБАЙ – бұлақ.
|
Түлкілі тауларында, Аягөз ауд-нда.
|
БҰҒЫМҮЙІЗ – өзен.
|
Марқакөл к-нің оңт.-шығысында, Күршім ауд-нда.
|
БҰҚТЫРМА – өзен.
|
Ертістің оң саласы. Оңтүстік Алтай жоталарындакғы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды. Ұзындығы 405 км, су жиналатын алабы 15,5 мың км2,сағасындағы жылдық орташа су ағыны 243 м3/с. Өзен Шығыс Қазақстан обл-ның Қатонқарағай, Зырян аудандары жерімен ағып өтеді. Басты салалары: Ақбұлақ, Сарымсақты және т.б. Халық аузындағы әңгімеде: “ағыны қатты асау тау суы арнасына іліккендерді бас көтертпей “бұқтырып” ала жөнелтетіндіктен солай аталған” делінеді. Көне түркі тілдерінде бұқтыр (қазақ тілінде бөктер) тұлғасына-ма қосымшасын жалғау арқылы жасалған атау. Яғни, өзеннің тау бөктерлеп ағатынын баяндайды.
|
БҰҚТЫРМА – көл.
|
Қатонқарағай а-нан шығысқа қарай 95 км жерге, Бұқтырма өз-нің аңғарында, Қатонқарағай ауд-нда.
|
БҰҚТЫРМА – Қазақстандағы ең ірі бөген.
|
Ертіс өз-нің бойында, Қалба, Нарын, Күршім жоталары аралығында, Шығыс Қазақстан обл-ның аумағында орналасқан. Ол 1960 – 67 ж. салынған. Су айдыны 5940 км2, ұзындығы 600 км, ені 40 км, ең терең жері 80 м, суының көлемі 49,6 км3. Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өз-нің атырауы, Зайсан к., Ақ Ертіс өз-нің бір бөлігі (бастауынан Серебрянск қ-на дейін), Бұқтырма мен Нарын өз-дерінің төменгі ағысы кіреді.
|
БҰЛАНДЫ – өзен.
|
Нарым жотасының оңт-нде, Күршім ауд-нда.
|
БҰРСАҚ – өзен.
|
Қалба жотасы мен Ертіс өзені аралығында, ұлан ауд-нда. Ру атынан қойылған атау.
|
БҮРГЕН – өзен.
|
Ақшатау жотасының оңт-нде, Аягөз ауд-нда. Бүрген – ащы дәмді, қызыл қоңыр, бұталы өсімдік. Өзен бойында осы өсімдік қалың өсетіндіктен қойылған атау.
|
БҮРГЕН – өзен.
|
Ақшатау жотасының оңт-нде, Көксала өз-нің аңғарынд, Аягөз ауд-нда.
|
БЫЛҚЫЛДАҚ – өзен.
|
Қалба жотасының оңт. бөлігінде, Жарма ауд-нда. “Былқ-былқ еткен, сазды өзен” мағынасындағы атау.
|