Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары



бет17/19
Дата25.02.2016
өлшемі12.31 Mb.
#19338
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ШАҒАН – көл.

Ханшыңғыс жотасының солт-нде, Шаған өз-нің бойында, Семей қ-на қарайтын аумақта.

ШАҒАНТОҒАЙ – өзен.

Алакөл к-нің солт.-шығысында, Еміл өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда.

ШАҚЫРТЫ – өзен.

Тарбағатай Жотасының солт.-батысында, Аягөз ауд-нда.

ШАЛҚАР – көл.

Өскемен қ-нан оңт-ке қарай 55 км жерде, Қалба жотасының солт. бөлігінде, Ұлан ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.

ШАҢДЫБҰЛАҚ – өзен.

Күршім жотасының оңт-нде, Қалжыр өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда.

ШАР – өзен.

Ертіс алабында, Жарма жәнеКөкпекті ауд-дары жерімен ағады. Қалба жотасының оңт-нен басталып, жотаны батысынан жағалай ағып, ертіс өз-не құяды. Ұзындығы 253 км. Орал-Алтай аясындағы угор тілдерінде бар “өзен саласы” мәніндегі атау.

ШАР – көл.

Қалба жотасының батысында, Шар өз-нің алабында, Жарма ауд-нда.

ШАР – бөген.

Қалба жотасының оңт.-батысында, Шар өз-нің бойында, Жарма ауд-нда.

ШАРЫҚ – бұлақ.

Ақшатау жотасының оңт.-батысында, Дағандалы өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. Тува тіліндегі чарық – “сай, шатқал, жар” мәнін береді (Э.Мурзаев).

ШАТ – өзен.

Жарма кентінің батысында, Жарма ауд-нда. Түркі тілдерінде топонимикалық компоненттердің семантикалық мәні жағынан бұл терминді дара, дөрө, дере формалармен теңестіруге болады. Тау қойнауындағы терең әрі ені тар сайға байланысты қойылған атау болса керек.

ШАТАН – өзен.

Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Тарбағатай ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.

ШАТҚАЛАН – өзен.

Шыңғыстау жотасының батысында, Абай ауд-нда.

ШӘУМЕН – өзен.

Ақшатау жотасының оңт.-шығысында, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.

ШЕТ – өзен.

Шыңғыстау жотасының шығысында, Абай ауд-нда. “Шалғайдағы, тысқары қалған өзен” мәніндегі атау.

ШЕТ БҰҒАЗ – өзен.

Тарбағатай жотасының солт.-батысында, Бұғаз өз-нің аңғарында, тарбағатай ауд-нда. “Шеткі бұғаз” мәніндегі атау.

ШЕТ ҚАРАСУ – өзен.

Зайсан к-нің оңт-нде, Тарбағатай ауд-нда. “Шеткі қарасу” мәніндегі атау.

ШЕТТЕМБАЙ – өзен.

Шыңғыстау жотасының оңт.-шығысында, Абай ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.

ШЕТ ҰЛАСТЫ – өзен.

Тарбағатай жотасының солт. бөлігінде, Тарбағатай ауд-нда.

ШИХАЛИХА – өзен.

Қызылқарағай жотасының батыс бөлігінде, Зырян ауд-нда.

ШОЛАҚЕСПЕ – өзен.

Ханшыңғыс жотасының шығысында, Ащысу өз-нің аңғарында, Абай ауд-нда. “Кішкене, қысқа еспе” мәніндегі атау.

ШОЛАҚСАЙ – өзен.

Тарбағатай жотасының батысында, Ай өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда. “Қысқа, келте арналы сай” мәніндегі атау.

ШОЛАҚТЕРЕК – көл.

Суықбұлақ кентінен оңт.-батысқа қарай 62 км жерде, Абай ауд-нда.

ШОШҚАЛЫ – көл.

Беген а-нан солт.-батысқа қарай 19 км жерде, Бесқарағай ауд-нда. “Жабайы шошқа мекендейтін жер” мәніндегі атау.

ШОШҚАЛЫ – көл.

Семей қ-нан оңт.-батысқа қарай 40 км жерде, Семей қ.ә.қ.а.

ШӨПТІҚАҚ – көл.

Жорға а-нан солт.-шығысқа қарай 73 км жерде, Аягөз ауд-нда. Жағасы көк шалғынды көл болғандықтан берілген атау.

ШУЛЬБИНКА – өзен.

Шүлбі бөгенінің аңғарында, Бородулиха ауд-нда.

ШУЛЬБИНСКОЕ – бөген.

Өскемен қ-ның солт.-батысында, Ертіс өз-нің бойында, Семей қ-на қарайтын аумақта.

ШҰБАРТӨБЕ – көл.

Шыңғыстау жотасының батысында, Дағандалы өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.

ШҰҒА – көл.

Семей қ-нан оңт.-батысқа қарай 73 км жерде, Семей қ-на қарайтын аумақта. Әйел есімінен қойылған атау.

ШҰҚЫРҚАЛЖЫР – өзен.

Күршім жотасында, Күршім ауд-нда.

ШЫНҚОЖА – көл.

Тарбағатай жотасының батысында, Ай өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда.

ШІГІЛІК – өзен.

Қалба жотасының оңт-нде, Көкпекті өз-нің аңғарында, Көкпекті ауд-нда.

ШІРІКҚАЙЫҢ – өзен.

Бұқтырма бөгенінің солт.-шығысында, Қатонқарағай ауд-нда.

ЫРЫСАЙ – көл.

Қасқабұлақ а-нан оңт.-батысқа қарай 32 км жерде, Абай ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.

ЯЗОВАЯ – өзен.

Қызылқарағай жотасының оңт.-батыс бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда.



Ә қосымшасы

(міндетті)


Тест тапсырмалары


  1. Шығыс Қазақстан облысының топонимдерін зерттеді:

А) Г. Б. Мәдиева;

В) Б. Н. Бияров;

С) А.Әлімхан;

Д) барлығы

Е) Қ. Т.Сапаров.
2. «Жаман», «жақсы» анықтауыштарының түркі моңғол тіліндегі мағынасы:

А) аласа, биік тауларды негіздейді;

В) табиғат жағдайлары;

С) шөбінің шұрайлылығы;

Д) жердің көрінісі;

Е) қолайлы табиғат.


3. «Тентек» топонимінің анықтамасы:

А) жер бедерінің иреңіне (меандра) байланысты;

В) суы салқын өзен сулары;

С) ірі өткелсіз батпақты;

Д) өзен ағысының жылдамдығы;

Е) тұз жабындысы бар жерлер.




  1. «Унификация» ұғымы

А) терминдерді бірегей жүйеге келтіру;

В) табиғат жағдайлары;

С) биіктік белдеулікті;

Д) географиялық атаулар мен терминдерді сараптау;

Е) барлығы дұрыс.
5. Реликті таспалы қарағай ормандары қай кезеңде қалыптасқан?

А) миоцен;

В) төрттік кезең;

С) голоцен;

Д) плиоцен;

Е) эоцен.


6. Мұз басу аумақтың қай бөлігін қамтыған деуге болады?

А) Ертіс өзені жағалауы;

В) Құлынды жазығы;

С) Ертіс жағалауындағы көлдер маңы;

Д) тек көлдер маңында;

Е) аумақтың солтүстік бөлігінде.




  1. Орта плиоцен жануарлары:

А) динозаврлар;

В) марал, құлан;

С) ақ бөкен, қарақұйрық;

Д) су сиыры, керік;

Е) оңтүстік піл, оверн мастандонты, қарақұйрық.
8. Плейстоцен мен голоценде Құланды жазығында өмір сүрген жануарлар дүниесі.

А) қарақұйрық, жайран;

В) құлан, марал;

С) бауырымен жорғалаушылар;

Д) керіктер, алып бұғы;

Е) жыртқыш аңдар.


9. Ертіс адамы» атты археологиялық мәдениет қай дәуірге жатады?

А) мезолит;

В) қола дәуірі;

С) палеолит;

Д) темір ғасыры;

Е) белгісіз.


10. Құланды, Бараба жазықтарының ІХ ғасырдағы климатын әртүрлі тарихи оқиғалар мен мәліметтер арқылы дәлелдеді:

А) М. Кашгари;

В) Ш. Уәлиханов;

С) А. И. Левшин;

D) М. Шорманов;

Е) Л. Н. Гумилев.



11. Ертіс өзенінің қимақ дәуірі кезеңіндегі атауы:

А) Гамаш;

В) Эрчис;

С) Ертүшір;

Д) Ұлығ Кем;

Е) Кимек.


12. П. С. Паллас Бараба, Құланды далаларында (Ертіс маңы) қандай

жануарларды кездестірген?

А) жолбарыс, аю;

В) құндыз, суыр;

С) құлан, марал, қабан;

Д) дала шошқалары, ондатра;

Е) қамыс мысықтары, қорқау қасқырлар.


13. «Түрік өркениетінің алтын кілті» деген бағаға ие болған ғылыми еңбектің атауы:

А) «Тарихи Рашиди»;

В) Шипагерлік баян;

С) «Диуани лұғат ит түрк»;

Д) «Жами ат тауарих»;

Е) «Үлкен Сызба».


14. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына әсер етті:

А) өзен көлдер;

В) климат жағдайлары;

С) жер бедерінің ерекшеліктері;

Д) табиғат жағдайлары;

Е) барлығы.


15. Пайдалы қазбаларды бейнелейтін топонимдер мен терминдер:

А) ащы, ашылауыт;

В) борлы, жосалы, тұзды;

С) сорлы, қақ;

Д) орографиялық;

Е) гидронимдер.


16. Түркі моңғол тілдерінде жиі кездесетін «оба» терминінің мағынасы:

А) шекара сызығы;

В) қорғандар;

С) көне мазарлар;

Д) шұңқыр;

Е) табиғатқа табыну.



17. Метафоралық терминдердің жиі кездесуі неліктен?

А) қоршаған орта ерекшеліктері;

В) орографиялық нысандарға байланысты;

С) гидронимдерде жиі кездеседі;

Д) адам, жануарлардың дене мүшелерін қоршаған орта ерекшеліктеріне теңеу арқылы;

Е) тек жайылымдық терминдер.


18. «Арқа» термині кейбір түркі моңғол тобына жататын кейбір халықтарда қандай ұғымды білдіреді?

А) оңтүстік- шығыс

В) солтүстік-батыс
С) оңтүстік
Д) солтүстік шығыс

Е) тек шығыс бағытты қалыптастырады


19. Топонимдерді табиғат жағдайларында бейнелейтін негізгі нысандар:

А) макротопонимдер;

В) микротопонимдер;

С) жайылымдық;

Д) метафоралық;

Е) орографиялық және гидрографиялық.



20. Кейде орографиялық немесе гидрографиялық формада айтылатын терминдер

А) ащы, шағыл;

В) жар, жарық;

С) сай, арна;

Д) соны, өткел;

Е) қоңыр, қара.


21. Топонимикалық зерттеулердің маңыздылығы неде?

А) табиғат жағдайларын сипаттайды;

В) археологиялық мәліметтерді нақтылайды;

С) палеоландшафттар туралы ақпарлар алуға болады

Д) тарихи мәдени байланыстарды бейнелейді

Е) барлығы


22. Картографиялық әдіс (ГАЖ) неліктен топонимдерді зерттеуде жиі қолданылады:

А) топонимдерді жинақтау, қорғау үшін;

В) тарихи деректерді сұрыптау негізінде;

С) топонимдердің таралу ареалдарын жіктеу, орналасуын анықтау;

Д) табиғат жағдайларының бейнелену дәрежесін сипаттау;

Е) этимологиясын анықтау үшін.


23. Микротопонимдерге жатады:

А) бұлақтар, құдықтар;

В) өзендер жүйесі;

С) көлдер, батпақтар;

Д) теңіздер мен мұхиттар;

Е) барлығы.


24. Геожүйенің негізгі қасиеттері:

А) құрылымы;

В) дамуы, эволюциясы;

С) өзгермелігі;

Д) қалпына келу үрдісі;

Е) дұрыс жауабы жоқ.


25. Ландшафт түзуші факторлар:

А) сыртқы үрдістер;

В) энергетикалық күштер;

С) ішкі үрдістер (жанартау, тектоникалық);

Д) атмосфера циркуляциясы;

Е) аталғандардың барлығы.


26. Космонимдер мен астронимдер нені зерттейді?

А) ғарыш кеңістігі және аспан денелерін;

В) Шолпандағы нысан атауы;

С) аралдар жиынтығын;

Д) аймен планета атаулары;

Е) Марстағы жер бедері атаулары.



27. Өзен атауларында жиі кездесетін индикатор терминдер:

А) еспе, ирек, өзен

В) айрық, тұз, қамыс

С)ауыз, аяқ, бас

Д) сай, жар, мойнақ

Е) қайнар, жылға, құдық


28. ШҚО-ның гидронимдерін линвистикалық тұрғыдан зерттеген ғалым-ономаст:

А) З. Самашев;

В) Қ. Т. Сапаров;

С) Г. Б. Мәдиева;

Д) Б. Н. Бияров;

Е) А. Әлімхан.


29. Табиғи жолмен қалыптасқан микрогидронимдер:

А) шығыр, қауға;

В) шынырау, апан;

С) құдық, көз, үйірім;

Д) бұлақ, жылға, қайнар, тұма;

Е) тоған, батпақ, СЭС.


30. Құдық, апан, қауға т.б. микрогидронимдер арқылы қандай ақпарлар алуға болады?

А) көшпенділер жөнінде;

В) судың қасиеті;

С) тарихи ақпарлар;

Д) табиғи су көздері;

Е) жайылымдар туралы.


31. Қ. Т. Сапаровтың зерттеулері бойынша Өскемен уезінде анықталған арық, тоғандардың саны

А) 100 ге жуық;

В) 200;

С) 500 ге жуық;

Д) 1000-ға жуық;

Е) 150-ден астам.


32. Қазақ терминдері басқа да түркі халықтарының географиялық терминологиясының құрамында қай ғалымның еңбектерінде талқыланған?

А) В.А. Казакевич;

В) В.Н.Попова;
С) А.Н. Кононов;

Д) Е. Қойшыбаев;

Е) Э.М. Мурзаев;
33. Қазақ халқы жер су атауларын қандай қағида негізінде ажырата білген?

А) таулардың биіктігі;

В) өзен көлдердің тереңдігі;

С) жайылымдардың кеңдігі;

Д) номинация принципі;

Е) жер бедерінің ерекшелегі.


34. Көшпелі қазақ рулары көшу маршрутының ұзақтығына байланысты қандай жайылымдарды пайдаланған?

А) күзгі және қысқы;

В) көктемгі;

С) көктемгі және жазғы;

Д) жазғы және қысқы;

Е) көктемгі және күзгі.


35. Жайылым мен өрістерді жиі ауыстыру нені дәлеледейді?

А) көшу ерекшеліктерін;

В) экологиялық сипат негізін;

С) төрт түлік малды бірге бағу;

Д) малға шөп жетпегендігін;

Е) төрт түліктің жұтқа ұшырымауын.


36. Этноним, генонимдерді зерттеу барысында қандай ақпарлар алуға болады?

А) тарихи оқиғалар;

В) әлеуметтік үрдістер;

С) рулар миграциясы;

Д) көшпенді өмір сипаты;

Е) барлығы.


37. «Сақ» этнонимнің этимологиясын айқындайды?

А) көшпенділер;

В) еңіреген ерлер;

С) барлық ұғымдар;

Д) қорғаушы күзетшілер;

Е) еркін аттылар.


38. Шыңғыстаудың бұрынғы атауы:

А) Қалбатау;

В) Наймантау;

С) Жалғызтау;

Д) Ханшыңғыс;

Е) Мыржық.


39. Мал бағу барысында ақпарлар жинақталды?

A) барлығы;

B) экологиялық білім көзі;

C) өзен-көлдер ерекшелігі жөніндегі мәліметтер;

D) жайылым түрлері жөнінде;

E) шөптердің түрлері.



40. Қазақстан картасында аңдарға байланысты атаулардың жиі кездесетін атап көрсетті:

A) А.Н.Формозов, Л.С.Берг;

B) Ғ.Қонқашпаев, А.Н.Формозов;

C) Ш.Уәлиханов, М.О.Әуезов;

D) В.Ф.Зайберт, А.И.Левшин;

E) П.С.Паллас, С.У.Ремезов.


41. Құлан, марал т.б. жануарлардың таралу ареалдары жөніндегі топонимиялық ақпарларды алуға болады?

A) В. А. Селевин, Ғ. Қонқашпаев, Р. Сәтімбеков еңбектерінен;

B) А. И. Левшин, П. С. Паллас, Ш. Уәлиханов;

C) көне жазбалардан;

D) орыс жазбаларынан;

E) М.Кашгаридің еңбектері.


42. Зоонимдердің жиі кездесуіне әсер етеді?

A) ланшафт ерекшеліктері;

B) климат жағдайлары;

C) барлығы;

D) өсімдік жамылғысының мол болуы;

E) жануарлар дүниесінің көптігі.


43. Сібірде мекендеген жануарлар дүниесінің Қазақстан жағына ығысуына әсер етті:

A) мұздық кезең;

B) ылғалды климат;

C) құрғақ кезең;

D) табиғи апаттар;

E) ығысу әрекеті болмаған.


44. Жануарлар дүниесінің таралу ареалдарын анықтауда топонимикалық әдісті қолданды:

A) Э. М. Мурзаев;

B) Е. Койшыбаев;

C) Ғ. Қонқашбаев;

D) Р. Сәтімбеков;

E) А. Н. Формозов.


45. В.А.Селевин осыдан 150-200 жыл бұрын Семейдің Таспалы қарағай орманында жануарлардың мекендегінін жазды:

A) марал, аю, бұлан;

B) ақбөкен, қарақұйрық;

C) қорқау қасқыр, жолбарыс;

D) барыс, сілеусін;

E) қасқыр, қабан, аю.


46. Жазғы кезеңдегі жайылымдар топтамасы

A)көкорай, өріс, соны;

B) қағыл, қараш, желқара;

C) тебін, бауыр, күнгей;

D) шақат, ащы, тақыр;

E) құм, шағыл, жарық.


47. Қысқы кезеңдегі жайылымдардың орналасу ерекшеліктері:

A) көкорай, шалғын, көк;

B) күнгей, қағыл, бауыр;

C) өртең, соны, ащы;

D) отар, өріс, қыр;

E) саз, жон, боз.


48. Метафоралық терминдер негізінде қалыптасқан жайылым атаулары:

A) қоңыр, өтөзек, жарық;

B) тақыр, шақат, ащы;

C) жарық, көз, күнгей;

D) бауыр, қабақ, төскей;

E) тебін, қараш, желқара.


49. Күзде мал семірту үшін пайдаланатын жайылымдар:

A) шақат, сортаң;

B) тақыр, қоныр;

C) көк, шалғын, соны;

D) құм, шұбар, боз;

E) өртең, бауыр, томар.


50. Боз термині айқындайды:

A) көл маңындағы шалғындар;

B) селеулі-бетегелі далалар;

C) жусан өскен далалар;

D) аласа бұталар;

E) тау аңғарындағы өсімдіктер топтамасы.


51. Жайылымның ылғалдылығы жөнінде геоэкологиялық ақпар беретін терминдер бірлестігі:

A) шұбар, қоңыр, қоға;

B) тақыр, сортаң, қопа;

C) шақат, тақыр, саз;

D) бидайық, қақ, томар;

E) өртең, шат, арна.


52. Қайынды-көктеректі шоқтар мағынасын қалыптастырады:

A) бидайық;

B) орман;

C) шұбар;

D) бауыр;

E) қаратоғай.



53. Табиғат пайдаланудың үнемдеп қолдану стратегиясы қандай табиғат қорғау әрекетінің басымдылықтарын қалыптастырады?

A) экологиялық мәселелерді шешу;

B) қоғамның әр түрлі табиғи ресурстарға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етеді;

C) табиғи ресурстарды қорғау;

D) табиғатты жақсарту;

E) табиғи ресурстарды қайта өндіру.


54. «Біздің қазақ жер аты, тау атын, әмәнда сол ортаның сыр сипатын қоя білген жұрт» деп жазды

А) С. Мұқанов;

В) З. Қабдолов;

С) І. Есенберлин;

Д) Ш. Уәлиханов;

Е) М. Әуезов.


55. Ғылыми зерттеулерінде топонимиялық әдісті пайдаланды:

A) Л. С. Берг;

B) С. Әбдрахманов;

C) Ғ. Қоңқашбаев;

D) Қ. И. Сәтбаев;

E) Г. Медоев.


56. Қорық сөзінің мағынасы:

A) тыйым салынған жайылым;

B) қой жаятын жайылым;

C) мал тісі батпаған жайылым (соны);

D) қоршаған жерлер;

E) мал жайылымын реттеу;


57. Географиялық қабықтың кеңістіктегі негізгі нысандар:

A) геожүйелер, территориялық табиғи кешендер;

B) табиғи денелер;

C) табиғи құбылыстар;

D) қоршаған орта компоненттері;

E) экожүйелер.


58. Біртұтастықтың бөлігі ретінде уақыт бойынша дамитын, өзінің орналасуы жағынан өзара байланысты табиғи компоненттерден құралатын материалдық жүйе:

A) экосфера;

B) геожүйе;

C) ноосфера;

D) ландшафтар;

E) экожүйе.



59. Геоэкологияның ғылыми-практикалық міндеті неде?

A) барлығы;

B) қоршаған ортаның табиғат жағдайларын сақтау жөнінде ұсыныстарды жасау;

C) табиғат қорғаудың тиімді жолдарын анықтау;

D) геожүйелердегі экологиялық тұрақтылықты сақтау жағдайларын зерттеу;

E) адамның тіршілік ортасын зерттеу.


60. Қандай үдеріс қоршаған ортаның экологиялық жақсы жағдайын қамтамасыз етеді.

A) жабық өндірістік айналым;

B) техногенез;

C) ашық өндірістік айналым;

D) геоэкологиялық сараптама;

E) геожүйенің деградациясы.


61. Ландшафтық карталар мен физикалық-географиялық аудандастыру сызбалары нені білдіреді?

A) барлығы;

B) табиғат ресурстарын;

C) табиғи антропогендік жүйелердің кеңістік – территориялық біртектілігін;

D) рекреациялық ресурстарды;

E) физикалық – географиялық жағдайын.


62. «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» туралы заң Қазақстан Республикасында қай жылы қабылданды?

A) 1992 жылы;

B) 1991 жылы;

C) 1990 жылы;

D) 1993 жылы;

E) 1994 жылы.


63. Топонимика мен туризмнің өзара байланысы қай ғалымның еңбегінде көрініс тапты?

A) Э. М. Мурзаев;

B) Т. Жанұзақов;

C) А. С. Бейсенова;

D) Е. М. Поспелов;

E) E. В. Чигаркин.


64. Қазақ ономастикасының зерттелу тарихы неше кезеңге бөліп қарастырылған?

A) 4;


B) 2;

C) 3;


D) 1;

E) 5.
65. Аблакетка өзенінің этимологиясы:

A) Абылайдың пұтханасы;

B) адам аты;

C) адам суға кеткен;

D) Абылайдың өзені;

E) қалмақ қорғаны.
66 Шығыс Қазақстан облысы аумағында қанша топонимдер анықталған? (Қ.Т.Сапаров бойынша)

A) 4748;


B) 20000;

C) 15000;

D) 12000;

E) 5612.
67 Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесі орналасқан:

A) Шыңғыстауда;

B) Үржар тауларында;

C) Аягөз өзенінің маңы;

D) Үстіртте;

E) Алтайда.
68 Найман этнонимінің ұғымы нені білдіреді:

A) сегіз санын;

B) таңба белгісін;

C) адам аты;

D) белгісіз;

E) мыңжылдықты.


69 Арғын тайпасы Шығыс Қазақстанның қай аумағында қоныстанған:

A) Құлынды жазығында;

B) Катон-Қарағайда;

C) Сауыр-Тарбағатайда;

D) Ертіс бойында;

E) Архат,Шыңғыстау өңірі.


70 Ескі Семей құрылысының қалдығын зерттеді:

A) Ш. Уәлиханов;

B) П. С. Паллас;

C) С. И. Руденко;

D) А. И. Левшин;

E) М. Тынышпаев.


71 Семей облысына қанша уезд қараған:

A) 5;


B) 4;

C) 7;


D) 12;

E) белгісіз.



72 қорғаннан тұратын, таспен бастырылған Берел қорғандары табылды:

A) Ертістің орта бойынан;

B) Қатонқарағайда;

C) Зайсан ойпаты;

D) Листвяга (Қоңыржон )тауының баурайында;

E) Алтайда.


73. Алтайдағы пазырық қорғандарды алғаш рет қазып зерттеді:

A) В. В. Радлов;

B) М. П. Грязнов;

C) С. И. Руденко;

D) З. Самашев;

E) Риддер.


74. Әрбір қазақ руының таңбасы болған және ол нені білдіреді:

A) жеке меншік,иелік ету;

B) шежіре;

C) жер бедерін ажырату;

D )құдайға сиыну;

E) дұрыс жауабы жоқ.


75. Кеңістік пен дүниенің моделі сақтар мен ғұндарда қалай бейнеленген?

A) Үш деңгейлі,бәйтерек тәрізді;

B) жұлдыздар ерекшеліктері;

C) Ай мен күнге;

D) Ұмай анаға;

E) Жер, су,аспан т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет