Т. Я. Эрназаров 201 ж



бет2/5
Дата28.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#163709
1   2   3   4   5

Қосымша

  1. Банки Казахстана. – Қазақстан банктерi Ассоциациясының басылымы 2010 – 2013

  2. Альпари. – Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы 2010 – 2013

  3. ҚР Ұлттық банктiң статистикалық бюллетенi. – Ұлттық банк басылымы. – 2007 – 2010

  4. Ұлттық банк Жаршысы. – Ұлттық банк басылымы 2010 – 2013

  5. Экономнкалық шолу. – Ұлттық банк басылымы 2010 – 2013

  6. www.nationalbank.kz

  7. www.zakon.kz

  8. www.stat.kz

  9. www.karazhat.kz

  10. www.minfin.kz

  11. www.kpmg.com


3 Тақырып Коммерциялық банк қызметіндегі мемлекеттік реттеу моделі - 3 сағат
Мазмұны

1 Қаржылай-несие реттеу экономиканың мемлекеттiк реттеуiн дербес әдiс ретінде.

2 Макроэкономикалық деңгейдегi сауда банктерiнiң инвестициялық қызметтiң реттеуiн тетiгiнiң тиiмдiлiк сипаты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) оның құзыреті шегінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ведомствосы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау комитетіне мынадай мақсат пен міндет заң негізінде бекітілген:

1) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және жалпы қаржы жүйесіне сенімді қолдау;

2) қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісінше деңгейін қамтамасыз ету;

3) қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін теңдей талаптарды құру;

4) қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру;

5) қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының мониторингі;

6) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының тәуекелдерге ұшырау ықтималдылығы жоғары салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

7) осы заманғы технологияларды енгізуді ынталандыру, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі туралы және олар ұсынатын қаржылық қызмет көрсетулер туралы ақпараттың толықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Өз міндеттерін бар нақтылықты ескере отырып, орындау мақсатында Агенттік қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің мен қадағалау оның ішінде шоғырландырылған қаржылық қадағалаудың тәуелсіз және тиімді жүйесін құруға бағытталған жүйесін реформалау және жетілдіру бойынша кешенді шаралары іске асырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі №25 Жарлығымен Агенттіктің функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілді, ал 2011 жылғы 18 сәуірдегі №61 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылды.

Осы қайта жаңарту орталық банктерді күшейту үшін жасалған қаржы секторын қадағалау мен реттеу жүйесін дамытудың, оның ішінде соңғы ғаламдық дағдарысты ескеретін қазіргі кезеңдегі дүниежүзілік үрдісінде жүзеге асырылды.

Комитет банктердің, сақтандыру қызметін, жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорлардың, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және кредиттік бюро қызметтерін мемлекеттік қадағалау мен бақылау, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша негізгі міндеттерін орындайды.

Комитет, жалпы Агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау мәселесі бойынша саясаты мен тәжірибесін жалғастырушылықты сақтай отырып, бұдан әрі қадағалау мен бақылауды жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру бойынша жұмысын, оның ішінде қаржылық қадағалау саласында қазіргі дүниежүзілік үрдісті ескере отырып жалғастыруда.


Әдебиеттер тiзiмi

  1. Хамитов Н.Н. Банк менеджменті:Экономика, 2009. - 132 б.

  2. Мақыш С.Б. Банк ici. Алматы: Экономика 2008.

  3. Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2008 ж.

  4. Искакова З.Д. Банк ісі: оқу құралы. Қарағанды, 2008 ж.

  5. Сейітқасымов Ғ. Қазақстанның банк жүйесі: Экономика, 2008. – 186 б.

Қосымша

  1. Банки Казахстана. – Қазақстан банктерi Ассоциациясының басылымы 2010 – 2013

  2. Альпари. – Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы 2010 – 2013

  3. ҚР Ұлттық банктiң статистикалық бюллетенi. – Ұлттық банк басылымы. – 2007 – 2010

  4. Ұлттық банк Жаршысы. – Ұлттық банк басылымы 2010 – 2013

  5. Экономнкалық шолу. – Ұлттық банк басылымы 2010 – 2013

  6. www.nationalbank.kz

  7. www.zakon.kz

  8. www.stat.kz

  9. www.karazhat.kz

  10. www.minfin.kz

  11. www.kpmg.com


4 Тақырып Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банк қызметіндегі құқұқтық нормалары - 3 сағат

Мазмұны

1 Коммерциялық банк қызметін ұйымдастыру банктік заңдылық нормалары

2 ҚАҚ берген бұйрығы бойынша «Екінші деңгейлі банктерге арналған пруденциалды нормативтердің саналу тәртібінің инструкциясы»

3 ҚРҰБ берген бұйрығы бойынша «Екiншi деңгейдегi банктің резервтi капиталдың минималды мөлшері туралы»


Коммерциялық банк қызметін ұйымдастыру банктік заңдылық нормалары, ҚР Конституциясы, Азаматтық және Салық кодекстері негізінде жүзеге асады.

Негізгі банктік заңдылыққа «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» және «ҚР Ұлттық банкі» заңдары, жеке банктер қызметін реттейтін заңдар, мысалға «Қазақстанның даму банкі туралы», сонымен қатар банктің жеке операцияларын реттейтін нақты заңдар жатады.

Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы заңы 1995 жылғы 30 наурызда жарыққа шықты. Соңғы редакциядағы күні 17.04.2010 ж.

Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.

Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы заңы 1995 жылғы 31 тамызда қабылданды. Соңғы редакциядағы күні: 21.10.2010 ж.

Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әдiлет органдарында (тiркеушi органдарда) (бұдан әрi - әдiлет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.

Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

«Қазақстанның Даму Банкi туралы» 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2003 жылғы 21 мамырда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.

Даму Банкiнiң функциялары:

1) меморандумға сәйкес, республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу және оларға кредит беру, оның iшiнде бiрлесiп қаржыландыру;

2) қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөнiндегi агенттiң функциясын орындау;

3) республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобалар ретiнде қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банк сараптамасын жүргiзу;

4) Даму Банкi заемшыларының қаржылық жай-күйiнiң және Даму Банкi қызмет көрсететiн республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi;

5) Даму Банкi заемшыларының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;

6) мемлекет кепiлдiк берген заемдарды қоса алғанда, мемлекеттiк емес заемдарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;

7) мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық мiндеттемелерiн орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөнiндегi агенттiң функциясын орындау болып табылады.

Жеке басқа заңдар қатарына банк қызметін есепке алатын қаржы-несие институттарын реттейтін заңдылық жатқызылады: сақтандыру және ұйымдарды сақтандыру, қаржылық лизинг, құнды қағаздар нарығы, инвестициялық қорлар және т.б. заңдар.

Екінші деңгейлі банктердің қызметін реттейтін бірден-бір маңызды құқықтық нормативтердің бірі – ол пруденциалдық нормативтер, оны ҚР Қаржы агенттігі бекітеді.
Әдебиеттер тiзiмi

Негізгі


  1. Банктiк операцияларды және банктер айналысатын басқа да операцияларды жүргiзуге лицензия беру, күшiн тоқтату және қайтарып алу, сонымен қатар банк ашуға рұқсат беру туралы: ереже. ҚР ҚҚА-i басқармасының қаулысы, №9, 9 каңтар 2006 ж.

  2. Төменгi резервтiк талаптар туралы: ереже. ҚР Ұлттық банк баскармасының 2006 ж 27 мамырдағы №38 қаулысы

Қосымша

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы : Қазақстан Республикасының Заңы – 30 наурыз 1995 жыл

  2. Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызметтер туралы: Қазақстан Республикасының Заңы – 31 тамыз 1995 жыл

  3. Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы: нұсқаулық. ҚР Ұлттық банк басқармасының қаулысы. №434, 06.12.2003ж. // Егемен Қазақстан газетi. – 11 ақпан 2004 жыл.

  4. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күдiктi, үмітсіз санаттарға жiктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құрау туралы: ереже ҚР Ұлттық банк басқармасының №456, 16.11.2002 жылғы, №327 01.09.2003 жылғы қаулылар

  5. Қазақстан Республикасында банктердi ерiктi және ерiксiз таратудың ережесi. ҚР Ұлттық банк баскармасының №210 қаулысы, 16 мамыр 2000ж. және №40 қаулысы, 23 ақпан 2000 ж.

  6. Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциялдық нормативтердi есептеудiң әдiстемесi мен нормтивтiк мәндер туралы: инстукцияға. ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қадағалау мен реттеу Агеттiгiнiң 2005ж 30 қыркүйегiндегi №З58 қаулысы

  7. Акционерлiк қоғамдар туралы: Қазақстан Республикасының Заңы – 16 мамыр 2003 жыл

  8. Лицензиялау туралы: Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. – 13 наурыз. – 2001. – №53

  9. Қаржылық лизинг туралы: Қазақстан Республикасының Заңы. – Астана. – 5 шiлде 2001 жыл

  10. Төлемдер мен ақша аударымдары туралы: Қазақстан Республикасының заңы. – Астана. – 29 маусым 1998 жыл

  11. Қаржы рыногымен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы: Қазақстан Республикасының заңы // Егемен Қазақстан. – 19 шiлде 2003жыл


5 Тақырып Коммерциялық банк қызметіндегі ақша-несие саясатын реттеу - 3 сағат

Мазмуны

1 Ақшалай-несие саясаттың мақсат және есептерi

2 Банктердiң коммерциялық қызметi, ақша-несие саясатын реттеуiнiң аспаптары: әкiмшiлiк және экономикалық.

3 Коммерциялық банктерiнiң қайта қаржыландыруының тетiгі.

4 ҚРҰБ түрлері және займдық формалары
Қазіргі кезгі сөздіктер мен глоссарилер «ақша-несие саясаты» түсінігіне келесідей ережемен түсіндіреді:


  • Ақша-несие саясаты экономикалық өсуді, құнсыздықты ұстап тұруды қамтамасыз ету мен төлем балансын түзеуге бағытталған несие мен ақша айналымының саласындағы бірқатар іс-шаралар кешенімен түсіндіріледі. Ақша-несие саясаты мемлекеттің қайта өндіріс процессіне араласудың басты процессі ретінде қызмет атқарады;

  • Ақша-несие саясаты – бұл мемлекетпен ақша айналымы мен несиені жүргізу саласында жүргізілетін бағытты іс-шаралар, ол ақжа жүйесіне тәуелді тұрақтандыратын экономиканың қызметін ретттеуге бағытталған. Осындай саясаттың басты негізін ашық нарық құрайды, есептік саясаты мен міндетті төмен мөлшер резервтері есепке алынады. Ақша-несие саясат әдісінде жиі қолданылатын әдістері келесідей: есептік пайыз төлем мөлшерінің өзгеруі, ашық нарықтағы операция, міндетті резерв нормасының өзгеруі, сонымен қатар несиенің жеке түрлерін таңдау әдісін реттеу жатады»;

  • Ақша-несиелік саясат – бұл орталық банк пен үкіметтің өзіндік ақтауы, ол айналымдағы ақша төлемінің, несие ставкасы, инфляцияның төмендетуіне мен басқа көрсеткіштердің өзгеруіне, тұрақты экономикалық өсуді ұстап тұру үшін бағытталған қатынасы болып табылады».

Қазақстандық ғалым Л.М.Сембиеваның пікірінше: « ақша-несиелік саясат дегеніміз бұл макроэкономикалық саясаттың бір бөлігі, мемлекеттің ақша-несиелік қатынас саласына деген монетарлық биліктің және үкіметтің бағытталған іс-шаралары, ол қоғамның тұрақты дамуы мен бағамның тұрақтылығына бағытталған құралдардың және арнайы әдістердің қолданылуы».

Ақша-несие саясаттың бірнеше қағидаларын айыруға болады :



  • Соңғы дәлелдің ашылуы немесе аралық мақсатты деңгейіне жетуі, нақты ережені табу ;

  • Ақша-несие саясатының тазалығын қамтамасыз ету, ол орталық банктің мақсаты мен қызметінің нақтылығын ашуына мүмкіндік береді, орталық банктің ақша несие саясаты құралдарының құрылымының өзгеруі туралы шешімдердің мәліметі ақша-несие саясат құралының құрылымына негізделген.

Ақша-несие процессін реттеуге екі деңгейді енгізуге болады. Біріншісінде орталық банк ақша-несие саласының параметрлеріне әсері тиеді. Екіншісіне өндіріс саласының берілген көрсеткіштерінің өзгертулері енгізіледі.

Ақша-несие саясатының мақсаты стратегия ретінде қаралып келесі классификацияларға бөлінеді :



  • Әсер ету шекарасы бойынша – ішкі және сыртқы ;

  • Әсер ету уақыты бойынша – аралық және саяқ жағы.

  • Аяқ жағындағы мақсатын айыру кезінде жиі «сиқырлы» төртбұрышы туралы айтады, олардың шегі ретінде келесі макроэкономикалық көрсеткіштерді айтуға болады :

  • төлем балансының теңдігі ;

  • экономиканың даму үрдісі ;

  • жалпы баға деңгейінің тұрақтылығы ;

  • жалпыға орта қызметтілік.

Аралық мақсаттар . Аяқша-несиелік саясаты тиімді болуы үшін, оның негізгі қызметінің екі басты аспектісі құралуы қажет : өзара айырмашылық мақсаты ; зерттелетін мақсатқа жасалатын саясаттың сәйкес болуы туралы белгісі.

Ақша-несиелік саясат негізінде нарықтық жоғары деңгейлі экономика жағдайында «компенсациялық реттеу» қағидасы жатыр. Компенсациялық реттеу қағидасы өткізілетін іс-шаралардың екі кешенің қосады :



  • ақша-несиелік рестрикция саясаты ( несиелік операцияның шектеулігі, пайыздық төлем деңгейінің артуы, айналымдағы ақша төлемінің тежелуі );

  • ақша-несиелік экспансия саясаты ( несиелік операцияны пайыз нормасын азайту арқылы айналымдағы ақша төлемінің реттелуі ).

Ақша-несие саясатының реттеу процессін реттеу келесі деңгейлерден тұрады .

Бірінші деңгейде экономикалық өсу, ақша төлемін төлеу, бақылау саны ретінде ақша-несие саясатының аралық мақсаты қойылады.

ЕКінші деңгейде ақша-несиелік саясатының аралық мақсаты ретінде нақты ақша-несиелік көлемдік көрсеткіші нысаны ретінде қойылады.

Үшінші деңгейде ақша-несиелік саясаттың операциялық мақсаты қойылады. Орталық банктің әсеріне тиетін несиелік көрсеткіш аумағы бөлінеді.

Төртінші деңгейде ақша-несие саясатының құралдарын іріктеу жұмысы жүргізіледі. Ақша-несиелік реттеу әдістемесін таңдау реттеу объектісінің мақсатына сәйкес, нарықтық қатынастың жетілуіне байланысты. Реттеу объектісі ретінде несиенің макроэкономикалық көрсеткіштерін қолдану, несиені қолдану арқылы орталық банк экономикаға әсерін тигізуге мүмкіншілігі туады, жинақтау саласы бойынша ағымды қолданылуы негізделеді, сонымен қатар банк жүйесінің реттеушілігі тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Макро деңгейде банктік операцияларын реттеу қоғамдық ұдайы өндірістің нақты міндеттерін және елдің банктік жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жүзеге асады.

Банктік операцияларды реттеу келесі негізгі бағытта жүзеге асады:

1) банктік қызметті реттейтін негізгі заңды-құқықтық нормалар;

2) ақша-несие реттеу шараларын жүргізу;

3) экономикалық нормативтерді орнату.

Ақша-несие саясаты - - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге және жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ, ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚР ҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-тың жүзеге асырылуына ҚР ҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.

АНС-ның мақсаты - инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, ҚР Ұлттық банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді:

- тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):

- несиенің бағасын (Р - сыйақы мөлшерлемесін) не санын белгілеу немесе шектеу;

- коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу;

- жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған);

- ашық нарықтағы операциялар;

- міндетті резервтік талаптар;

- несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

- ресми есептік (дисконттъщ) мөлшерлеме;

- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

- «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

- «овердрафт» займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

- банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.


Әдебиеттер тiзiмi

Негізгі

  1. Сейітқасымов Ғ. Қазақстанның банк жүйесі: Экономика, 2008. – 186 б.

  2. Улюкаев А.В. Современная денежно-кредитная политика: проблемы и перспективы. – М.: Дело АНХ, 2008. – 208 с


Қосымша

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы : Қазақстан Республикасының Заңы – 30 наурыз 1995 жыл

5 www. nationalbank. Kz

6 Годовой отчет Национального Банка Республики Казахстан за 2012 год // www. nationalbank. Kz.

7 Основные направления денежно-кредитной политики Национального Банка РК на 2011-2013 годы // www. Nationaibank .kz.
6 Коммерциялық банктердің пруденциалды саясатын және бақылауын реттеу - 3сағат

Мазмұны

1 Уәкiлеттi орган банктiң эмиссиялық қызметтi реттеудiң негiзі және қадағалауды ұйым жақтан анықтайтын Базельнiң келiсiмi

2 Пруденциалды нормативтер. Жарғылық капиталдың минималды мөлшері. Меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiгiнiң коэффициенттерi. Бір қарыз алушыға тәуекелділік бағасы. Өтiмдлік коэффициенттерi. Ашық валюталық позицияның лимиттерi.

3 ҚР-ның резидент еместерiнiң алдындағы банк капитализациясының мiндеттемелері.


Халықаралық есеп айырысу банкі жанындағы бантік қадағалау бойынша Базель комитеті басты рөл атқарады («Committee on Banking Supervision of the Bank for international Settlements»), оның негізін 1974 жылы Базель қаласында G10 елдерінің орталық банк президенттері қалады. Қазіргі уақытта G10 елдерінің (Бельгия, Германия, Франция, Италия, Жапония, Канада, Нидерланды, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания, АҚШ), сондай-ақ Люксембург және Испанияның орталық банктері мен қаржылық бақылау органдарының жоғары қызметтегі өкілдері комитет мүшелері болып табылады. Еуропалық комиссия бақылаушы құқығында жұмысқа қатысады.

Банктік жаһандану. Ойын ережесін сәйкестендіру, Банк нарығын ырықтандыру, Банк капиталын интернационалдандыруды тереңдету, Банк қызметінің әлемдік виртуалды нарығының пайда болуы, Протекционизм, Халықаралық ұйымдар рөлінің артуы, Ғалами банктік инфрақұрылымның қалыптасуы, Бәсекелестіктің күшеюі.

Комитеттің негізгі міндеті банктік реттеу саласында бірыңғай стандарттарды енгізу болып табылады. Осы мақсатпен Комитет мүше мемлекеттердің реттеу органдарына арналған директивалар (нұсқаулар) мен ұсынымдар әзірлеуде. Бұл ұсынымдарды орындау міндетті болып табылмайды, алайда көп жағдайларда мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында беріледі. Директивалар мен ұсынымдарды әзірлеу барлық әлемнің банктерімен және реттеу органдарымен бірлесіп жүзеге асырылады, сондақтан да комитетке қатысушы мемлекеттерде ғана қолданылмайды, мысалы, «Базель И» ұсынымын енгізу жұмыстары 100 астам елде жүргізіледі. Еуропалық одақта комитеттің ұсыныстары одақтың мүше мемлекеттерді өзара біріктіру үшін пайдаланылады.

Комитет орталық банк президенттері мен өнеркәсіптік дамыған ең ірі он елдің банктік қызметін бақылау жөніндегі ведомстволардың басшыларына есеп береді және оның мүшесі болып табылмайтын елдермен белсенді түрде қызметтес болады.

Базель комитетінің негізгі құжаттары:

- тиімді қадағалаудың негізгі принциптері (1997ж., 2006 ж. Қайта қаралды);

- Базель-ІІ (1988ж.);

- Капиталдың жеткіліктілігі туралы жаңа келісімдер (Базель ІІ) 2004 жылы.

Базель ІІ үш бөліктен тұрады: капиталға ең аз талаптар, тиімді банктік қадағалау, нарықтық тәртіп.

Бірінші компонент (Pillar 1) «Капиталдың жеткіліктілігіне ең аз талаптар».

Бірінші компонент капиталдың жеткіліктілігіне және құрылымына ең аз талаптар қояды., сондай-ақ рұқсат етілген тәсілдер мен келесідей тәуекелдерді бағалау принциптерін белгілейді: кредиттік, операциялық және нарықтық – сауда қоржынына (портфель) қарай.

Капитал жеткіліктілігі нормативінің рұқсат етілген ең аз мәні Базел І-мен салыстырғанда өзгеріссіз – 8 %. Екінші деңгейлі капитал 100 % бірінші деңгейлі капиталдан аспауы тиіс.

Туындаған тәуекелдерді жабу үшін банк капиталының жеткілікті болуы алдын ала қарастырылады және осы мақсатта тәуекелдерді бағалаудың рұқсат етліген тәсілдері ( тәуекелдер бөлігіне қатысты – принциптер) келтіріледі.

Кредиттік тәуекелді сандық бағалаудың екі негізгі тәсілі бар: стандартталған тәсіл (standardised approach) және ішкі рейтингтерге негізделген тәсіл (internal rating-based approach), ол өз кезегінде базалық (foundation) және «ұтқыр» (advanced) деп бөлінеді. Келісімде қарпайымнан «дамыған» тәсілге ауысу мүмкіндігінің негізгі принцип бар: банктің белгілі бір сандық және сапалық критерийлерге сәйкес келу және ұлттық реттеушінің келісім беру қажеттілігі. Стандартталған тәсіл сыртқы рейтингтер арқылы кредиттік тәуекелді өлшейді.

Келісімде қарастырылған нарық тәуекелдерін бағалау тәсілдері банктің қаржы құралдарының сауда қоржыны бойынша шығындарды жабу үшін қажетті капиталды қолдауды болжайды.

Операциялық тәуекелді бағалау үшін Келісім үш тәсілді қарастырады: базалық индикатор тәсілі (basic indicator approach), Стандартталған тәсіл (standardised approach) және «ұтқыр» тәсіл (advanced measurement approaches – AM А).

Базалық индикатор тәсілі бір индикатор негізінде операциялық тәуекелді бағалауды (соған сәйкес тәуекелді жабу үшін жеткілікті капиталды ұстау) қарастырады: бір жыл ішіндегі жалпы кіріс (gross income, GI). Операциялық тәуекелді бағалауда қолданылатын келесі тәсіл – стандартталған тәсіл (standardised approach) банк бизнесінің сегіз бағытқа (business lines) бөлінуін және қызметтің (немесе бизнес бағытының) сараланған коэффиценттеріне қарай әрбір сегіз бағыты үшін капитал бойынша ең аз талаптарын анықтауды болжайды. Соңғысы ең күрделі тәсіл, операциялық тәуекелдерді бағалау үшін оны қолдану – «ұтқыр» тәсіл (Advanced Measurement Approaches - АМА). Бұл тәсіл банктердің операциялық тәуекелді бағалаудың өзіндік әдістемесін құруын болжайды.

Екінші компонент (Pillar II) «Банктік қадағалау үдерісі». Екінші компонент кредиттік ұйымдарда тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру бойынша негізгі принциптер мен ұсыныстарды және қадағалау үдерісіне қойылатын талаптарды анықтайды. Бұнда банк қоржынындағы пайыздық тәуекелді, кредиттік тәуекелді (қалдық тәуекел және кредиттерді шоғырландыру тәуекелі, стресс-тестілеу, дефолтты анықтау), операциялық тәуекелді, сондай-ақ секьюритизациялауды түсіндіруге қатысты ұсыныстарды қоса алғанда, банк қадағалауы алдында айқындылық және есеп берушілік мәселелері қарастырылады.

Үшінші компонент (Pillar III) «Нарықтық тәртіп». Бұл компонент алдыңғы екеуін толықтырады және ақпаратты ашу үшін талаптар кешенін құрады. Белгіленген талаптар нарыққа қатысушыларға қызметтің негізгі саласы, капитал мөлшері, тәуекелге подвержен, тәуекелді бағалау үдерістері және қарызгер ұйым капиталының жеткіліктілігі туралы мәліметтерді бағалауға мүмкіндік береді.

Тәуекелдердің жалпы жүйесі.

- тәуекелдердің тек төрт тобының ғана болуы;

- ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы) мүше елдерінің барлығына талаптар теңестірілген;

- Барлық кәсіпорынбарға бірдей тәсіл қолдану.

Базель-ІІ 90-жылдары байқалған банктердің бастамасына негізделеді.

Базель-І өте күрделі кемшіліктерді көрсетті және оның негізгі сыни межелдері:

- тәуекелдердің көрінуінің жеткіліксіздігі;

- ішкі әдістерден біршама ауытқуы;

- тәуекелі шамалы жайғасымды бөлуге мәжбүрлеу;

- қамтамасыз етуді, кепілдікті мүлдем мойындамау;

- ЭЫДҰ мүше елдері ұсынатын кредиттерге басымдықты қамтамасыз ету.

Банктік жаһандану барысында банктік бизнесті жүргізумен байланысты тәуекелдер де өседі, сондықтан банк тәуекелдерін, әсіресе, кредиттік тәуекелдерді басқару Базель комитетінің басты артықшылықтары болып табылады.

Қазакстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің кызметін реттеу механизмінің тәртібі ҚР Ұлттык банкінің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен аныкталады.

1995 жылы 31 тамызда қабылдалган «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған банктердін кызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:

- пруденциялық нормативтер белгілеу;

- банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шыгару;

- банктердің қызметін тексеру;

- банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;

- банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;

- банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.

ҚР Ұлттық банкі халыкаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциалдық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

Қойылган талаптарға банктің қаржылык жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу максатында ҚР Ұлттық банкі белгілі мөлшерде банк капиталының көлемін анықтауға құқылы.

Пруденциялдық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашык валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді.

Банктік кызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу максатында банктер резервтік қор кұруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктердің резервтік қорларының көлемін ҚР Ұлттық банкі белгілейді.

Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін олар Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, ҚР Ұлттық банк бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы проденциалдық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы» Ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:

- жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;

- меншікті қаражаттардың жеткіліктілік коэффициенті;

- бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

- өтімділік коэффициенті;

- ашық валюталық позиция лимиті;

- негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет