Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің


-лі; -ды, -ді; -ты, -ті; -лық, -лік; -тық, -тік; -дық, -дік



Pdf көрінісі
бет14/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

-лі; -ды, -ді; -ты, -ті; -лық, -лік; -тық, -тік; -дық, -дік
Шошқа тұмауының тарихы 
Бүкіл адамзат баласында үрей туғызған H1N1 «шошқа тұмауының» 
пандемиялық вирусын жасаған фармакологиялық картельдің беті ашылды. 
Дүниежүзінің жасырын фармакология өнеркәсібін ашумен шұғылданатын 
әйгілі мамандары АҚШ-тың Нью-Иорк қаласында халықаралық деңгейде 
жұмыс істеген фармакологиялық картельді тапты. Олардың H1N1 «шошқа 
тұмауы» пандемиялық вирусының дүниежүзіне таралуын қамтамасыз ететіні 
және сол вирусты дайындаумен, сондай-ақ оны жоюға қарсы егілетін 
вакцинаны таратумен айналысып келгені әшкереленді. 
Америкалық денсаулық сақтау саласының азық-түлік бөлімі бойынша 
тәжірибелі маманы Леонард Горовиц пен осы іске зерттеу жүргізген журналист 
Шерри Кейн өткен жылы дүниежүзі халықтарына үрей туғызып, дүрбелең 
салған «шошқа тұмауын» дүниеге келтіріп, ол аурудан құтылудың бірден бір 
жолы – ауруға қарсы егілу профилактикасы деп байбалам салған адамдардың, 
осы істе білек сыбана кіріскен жаһандық деңгейдегі биотехнологиялық 
«трастың» қожайындары екендігін растайтын ресми құжаттарды жариялады. 


26 
«Қазіргі таңда, заңгерлердің Федералдық Барлау бюросына (FBI) өткізген 
осы құжаттары – биліктің қолдауына сүйеніп, «Нью-Иорк серіктестігі» 
шеңберінде қызмет еткен әлгі өнеркәсіп қожаларының осы қорқынышты үрей 
мен жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратқан. Бүгінгі 
күндері супермаркеттерден бастап емханаларға дейінгі барлық жерде қолға 
алына бастаған осы вакцинаның жаппай жарнамалануы оның ресми науқанға 
айналғанын әшкерелейтін айғақ болып табылады»,-деп жазады америкалық
Nebotey газеті. 
Халықтың жаппай вакцинациядан өтуін күштеп тоқтату мақсатында 
доктор Горовиц жиналған заңгерлер арқылы Федералдық Барлау бюросының 
(FBI) басқармасына мынадай мәлімдемесін жіберді: 
«Уолл Стриттің Руперт Мердок, Мортон Цукерман, Томас Глоусер сынды 
медиа- магнаттары мен Нью-Иорктегі Федералдық қор банкінің бұрынғы 
директорлар кеңесінің басшысы Джерри Спрейердің үлестері бар бұл траст 
жаһандық деңгейде жоспарланған геноцидті (нәубет) дайындаған деген 
күдікпен айыпталады. Бұл траст негізінен Дэвид Рокфеллердің иелігінде. Дэвид 
Рокфеллер – дүниежүзіне әйгілі «Standard Oil» мұнай компаниясының иегері, 
АҚШ-тың әскери күшіне үнемі қолдау жасап отыратын бай-магнат, атақты 
Рокфеллерлер әулетінің үшінші буыны. Траст жаһандық биотехнологиялық 
зерттеулерге бақылау жасайды, сондай-ақ коммерциялық бағыттағы 
денсаулық сақтау саласын да басқарады. Оның ішінде осы қылмыстық 
картельдің өнімі мен қызметін жарнамалайтын және үгіт-насихат жұмыстарын 
жүргізетін бұқаралық ақпарат құралдарының мықтыларын да толықтай өз 
билігіне алған. Бұл траст сонымен қатар қоғамдық пікір мен маркетинг 
қалыптастыру үшін медиа концерндердің күш-қуатын пайдалана отырып
фармацевтикалық және табиғи препараттар нарығына да өз әсерін тигізе 
алған». 
Горовиц пен Кейн зерттеулерінің барысында ашқан жағаңды ұстатар 
жаңалықтары туралы Горовиц былай дейді: «Менің ашқан бұл айғақтарым 
миллиондаған адамның өмірлерін арашалап қалса және белсенді адамдардың 
адамзат баласына қарсы жасалып жатқан осы қылмыстардың зерттелуі керек 
екндігіне сеніп, президент Обамаға үндеу тастаса екен деймін. Мен соңғы рет 
Федералдық Барлау бюросымен (FBI) хабарласқанымда, алдағы уақытта 
болатын Сібір жарасының пайда болатындығы жөнінде бұл аурудың газет 
бетінде жриялануынан бір апта бұрын ескерткен едім. Оларға менің 


27 
ескертпеме жауап қатуы үшін алты ай уақыт қажет болды.Олар бүкіл әлемдегі 
тұрғындар санын саналы түрде азайтқысы келеді.Олар адам ағзасының ойлау 
жүйесі мен дене күшін тұрақсыздандыру үшін адам ағзаларының қызметін 
басқарғысы келеді. Осының салдарынан балаларға салынатын егу де көбейіп 
кетті. Жас сәбидің өзінің иммундық жүйесі дамып келе жатқан шағында, 
оларды алғашқы екі жаста-ақ қолдап құртқысы келеді. Адам баласының 
бойында қорғаныш жүйесі – иммундық жүйе болады, оны қолдап әлсіретудің 
керегі жоқ». 
Горовицтің айтуынша, компаниясының басшысы Ларри Силверстайнның 
2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық шабуылдарды
ұйымдастыруға және адамзатты қыру мақсатында фармакологиялық 
картельдің геосаяси және экономикалық іс-әрекетіне қатысы барын 
дәлелдейтін айғақтар да бар көрінеді. Нью-Иорк қаласындағы Дүниежүзілік 
Сауда Орталығын ол жалға алған және оны жаруға келісім берген деген күдікті 
болып табылады. Ларри Силверстайн бұл күндері негізін Дэвид Рокфеллер 
салған биотехнологиялық трастың қожайыны болып табылады. 
(Мәтін оқу материалына сәйкес ықшамдалған. Интернеттен алынған.
Авт. Д. Мәмбетәлі.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет