Мәтіннен шартты райлы сөйлемдерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.
Мына кестені толтырып, мәтінді баяндаңыз. Мәтіннің қандай стильде
жазылғанын анықтап, нақты белгілерін тізіп шығыңыз.
Бұрыннан
білемін
Мен
үшін
жаңа ақпарат
Менің ойыма
қайшы
Келісе
алмаймын,
білгім келеді
Бұл ақпарат
мені
таңғалдырды
Студент
мәтінде
кездескен
бұрыннан
білетін
мәліметтерді
жазады.
Мәтін арқылы
білген жаңа
мәліметтерді
тізіп жазады.
Студент
бұрыннан
білетін
мәліметтерге
қайшы
мәліметтерді
жазады. «Мен
бұрын
басқаша
ойлайтынмын,
сөйтсем
ол
былай екен»,
«мен
бұл
туралы былай
естігенмін,
бірақ
олай
емес
екен»
және т.б.
Студент
өзі
келіспейтін
немесе
түсініксіз
мәліметтерді,
түсініктерді,
сөздерді
жазады.
Студент өзін
таңғалдырған
мәліметтерді
тізіп жазады.
39
Мұнай мен газ: алмақтың да салмағы бар.
Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру жыл өткен сайын өсе
түсуде. Ресми
мәлімдемелер бойынша 2010 жылы – 100,0, ал 2015 жылы – 150,0 млн. тонна
мұнай өндіру көзделіп отыр. Әрине, жерімізде жүздеген жылдар бұрын
жаратылып, пісіп-жетілген мұнайды өз пайдасын бәрінен жоғары қоятын
шетелдік компаниялардың күшімен көп көлемде өндіру үшін айрықша ақыл,
білім, саяси көрегенділіктің керегі жоқ. Ол ешқандай жетістікке жатпайды,
керісінше, әлсіздігімізді аңғартады. Егер бүгінгідей бізде өндірілген мұнайдың
85 пайызын арзан шикізат ретінде шетке сату саясаты ары қарай жалғаса берсе,
онда отандық озат ғылымға, жоғары технологияға негізделген, өндірісі тұрақты
нарық экономикасы дамыған өркениетті мемлекет болуымыз неғайбыл.
Себебі, шикізат экономикасының табиғаты ұлт ретінде дамудың басты жауы –
жүйелі жемқорлықты тудырады, ондай мемлекетте шынайы ғылым, сапалы
білім болмайтыны тарихи шындық.
Осы орайда, 2015 жылға дейін халқымыздың саны оралмандарды
қосқанда небәрі 18-19 млн. жететін болса, адам саны осындай аз мемлекетке
жыл сайын 150.0 млн. тонна мұнай өндірудің неге қажет екендігін көпшілікті
сендіретіндей дәлелді түрде ешкім айта алған жоқ. Бірақ, мұнайға байланысты
бүгінгі әңгіме арқауы саясат немесе экономика емес, қазақ айта беретін
«алмақтың да салмағы бар» демекші, сутекті қазба байлықтарды өндірудің
ұлғаюыныңкен орындары орналасқан аймақтардың экологиясына және жер
қойнауына тигізетін қатерлі әсері жайында. Мамандардың есебі бойынша, жер
астынан алынған бір тонна мұнаймен бірге 500 кг. ілеспе газ шығатын болса,
оның құрамында 150 кг. улы заттар болуы мүмкін. Сондықтан, ілеспе газды
ауаға жібере беруге немесе бүгінгідей шырақ ретінде өртеуге болмайды. Ол
адам жүйкесіне ауыр әсер етеді, ауруларға шалдықтырады, отқа өртеле қалған
жағдайда одан бөлінген күкірт қышқылы ауаның жоғарғы қабаттарына
көтеріліп, жер бетіне жүздеген жылдар бойы қышқыл жаңбыр болып
40
себелейді. Сондай-ақ ілеспе газды жобасыз, есепсіз жер астына қайта жіберуге
тағы болмайды, онда ол жер асты су көздерін ұзақ мерзімге ластауы мүмкін.
Қазіргі кезде мұнай саласында бізге ұлт ретінде аса назар аударатын,
өмірлік мәні бар ерекше жағдай – бұған дейін жүз жыл бойы қазақ жерінің
құрылығында мұнай жер қойнауындағы тұз қабаттарының жоғарғы жағынан
өндіріліп келді, оның құрамында тіршілікке қатерлі күкірт болмайды,
салыстырмалы түрде қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз. Ал алдағы
уақытта өндірілетін мұнайдың басым бөлігі, оның құрылықтағы қоры сарқыла
бастауына байланысты Каспий теңізінің қайраңындағы өте тереңдікке
орналасқан тұз қабаттарының астындағы күкіртті мұнай болмақшы. Күкіртті
мұнайдың құрамындағы улы химиялық заттардың мөлшері күкіртсіз мұнаймен
салыстырғанда, бірнеше есе көп. Оның нақты мысалын Тенгиз кен орнындағы
күкіртті мұнай өндірісінен көруге болады. Белгілі ғалым, ҰҒА академигі М.
Диаровтың зерттеулеріне қарағанда, 1990-2003 жылдар аралығында Тенгизде
98.3 млн. тонна мұнай өндірілсе, оның саладырынан Атырау облысында ауаға
4,68 мың тонна күкірт қышқылы, 2,27 мың тонна азот қышқылы тарп, адам
басына шаққанда 4,8 тонна улы заттар жайылған. Соның зардабынан тек
тіркелген аурулардың саны 1990 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсіп, 153299
адамға жеткен. Аймақта соңғы он жылдың ішінде итбалық, балық, құстардың
жаппай қырғынға ұшырауы, өсімдіктердің көптеген түрлерінің жойылып, жер
қыртысының сортаңға, тақырға айналуы үйреншікті жағдайға айналды.
Жергілікті дәрігерлердің есебі бойынша, Тенгиз кен орнынан 15
шақырым қашықтықта орналасқан Сарықамыс ауылында тұратын 3450
адамның 90 пайызы әр түрлі ауруларға шалдыққан, орташа өмір сүру жасы 46
жылға әрең жетеді. Уақыт өте келе, Тенгиздің күкірті бар қатерлі мұнайның
зардаптары Сарықамыс аулымен шектелмей, кен орнынан жүздеген шақырым
алыс орналасқан өзгеелді мекендерді де шарпитыны сөзсіз.
Кезінде кәсіби сараптамасыз, тұз қабатының астынан алынатын
мұнайдың химиялық құрамы, қоршаған ортаға тигізетін әсері ескерілмей,
күкіртті залалсыздандыратын технологиялық шаралар алдын ала белгіленбей,
бірыңғай шетелдік компаниялардың мүддесі көзделіп, біздің үкімет қол қойған
келісім-шарттың жергілікті халықтың болашағына балта шауып отырған
қасіретін бүгінде бүкіл Атырау өңірі тартып отыр.
41
Егер Тенгизден бұған дейін жылына шамамен10-12 млн. тонна мұнай
өндіріліп келсе, ал жоспар бойынша бұл сан жуықтағы жылдары 26 млн.
тоннаға дейін өссе, оған қосымша, 2008 жылдан бастап қайраңдағы күкіртті
мұнай кен орны – Шығыс Қашаған- іске қосылса, аймақтағы экологиялық
жағдайдың адам төзгісіз жағдайға дейін ауырлауы мүмкін.
Ғалымдардың пікірінше, тек Тенгизден өндірілетін бір тонна мұнайдың
құрамындағы улы заттардың бөліну мөлшері – 2,0 кг. дейін төмендегеннің
өзінде, мұнайдың жалпы алынатын қорына шаққанда ауаға 6,2 млн.тонна
күкірт қышқылы, 4,7 млн. тонна азот қышқылы, теңіз бетіне осыған сәйкес 3,1
және 5,4 млн. тонна улы заттар тарайды.
Нәтижесі – Атырау, Маңғыстау облыстарын экономикалық, әлеуметтік
күйзеліске ұшырататын экологиялық ауыр апат. «Осындай апатты болдырмау
үшін не істеу керек ?» деген сұраққа жауап біреу: мұнай мен ілеспе газды
шырақ түрінде өртеуге үзілді-кесілді тиым салу, оны жер асты су көздеріне
зиян тигізбейтіндей жағдайда тереңдегі газ қабаттарына қайта жіберу.
Бұл мәселе кезінде баспасөз бетінде көтерілген, бірақ мемлекеттік
баспасөз құрылымдары құлақ асқан жоқ. Мәселе Мәжілісте, Сенатта
талқыланып, «Жер қойнауын пайдалану және мұнай алыс-берістерін реттеу
туралы» Заңға енгізілген толықтыруларда, ілеспе газды шырақ ретінде өртеуге
тиісті мекемелердің келісімімен рұқсат етілген. Түсініксіз жағдай. Жалпы,
жеріміздегі орны толмас табиғи қазба-байлықтарды өндіру шаруасымен
айналысатын шет елдік фирмалар біздің заңымыздың солқылдақ, әлсіз
тұстарын өз мақсаттарына шебер пайдалануды әлдеқашан үйренген.
Мұнай және газ өндірісінің тағы бір қатерлі салдары – жасанды зілзала
ошақтарының пайда болуы. Мысал жетерлік: Көрші Өзбекстандағы газ кен
орны Газлидегі 1975 жылы және 1984 жылы болған 10 балдық жойқын сілкініс,
1995 жылы Сахалиндегі Нефтегорск қаласын қиратып, көптеген адамдардың
өмірін қиып кеткен жер асты дүмпулерінің себебі – мұнай-газ өндірісі болғаны
белгілі. Өйткені, аталған жерлерде ғасырлар бойы ешқандай зілзала қаупі жоқ
деп, саналып келген болатын. Табиғаты жағынан осыларға ұқсас
Башқұртстанда, Татарстан және Батыс Сібірде, алыс шетел Мексика, Перу,
Венесуэла елдерінде пайда болған зілзала ошақтарын зерттеген ғалымдар,
олардың тікелей мұнай, газ кен орындарымен геологиялық байланысын дау
тудырмайтындай сенімділікпен дәлелдеді. Жасанды жер сілкініс ошақтары
42
Тенгизде, Батыс Қазақстандағы газ кен орны Қарашығанақта болуы әбден
мүмкін екендігін біздегі сейсмолог-ғалымдар да соңғы кезде жиі айта бастады.
Себебі, айтылған кен орындарындағы қазба-байлықтарға байланысты орасан
зор қабатаралық жерасты қысымы бар, мұнай және газ алынған қабатта
біртіндеп қысымы төмен бос кеңістік пайда болып, жер қабаттары әр түрлі
деңгейдегі қысымның әсерінен соң зілзалаға ұласатын қозғалыстарға түсуі
мүмкін. Мамандардың пайымдауынша, қадағалау мүмкіншілігі бар табиғи
зілзаланың жер бетінің бейнесін өзгертіп, жаппай қиратуға алып келетін күші 12
баллмен шектелсе, жасанды зілзаланың күші одан әлдеқайда артық болуы
мүмкін.
Жасанды зілзала ошақтарының пайда болуына әсер етіп отырған нәрсе -
өндірісте қолданылатын технология. Соңғы 3-4 жыл ішінде, жеріміздегі мұнай
кен орындарының біразында «Жаңа технология» ретінде қабылданып, мұнай
қабаттарына үлкен қысыммен тау-кен жыныстарының құрылысында
жарықшақтар туғызып, оларды оларды кеңейтетін сұйықтар айдау тәсілі
қолданыла бастады. Біз үшін жаңа тәсіл болып саналғанымен, шетелдік
фирмалар үшін байрығы, тұрпайы бұл әдіс ұңғының мұнай беру қабілетін
уақытша жоғарылатқанымен, оның жер қойнауына тигізетін әсері атом
бомбасы жарылысынан кем емес. Мұндай әдіс жасанды зілзала ошақтарын
тудыру мүмкіншілігінен басқа, жер асты тұщы су көздерін жояды, қалғанының
газбен ластану қаупін күшейтеді. Бұл тәсілдің қатерлі салдарын сезінге Батыс
Еуропа, Америка құрылығындағы мемлекеттер өз жеріндегі мұнай өндірісіне
оны қолдануға тиым салды, ал басқаның жерінде пайдалана бер.
Біз ескеретін тағы бір жағдай – қазірде аты бізге белгілі мұнай өндіріп
жүрген шет елдік компаниялар өзге өркениетті мемлекеттердің жеріндегі
мұнай, газ өндірісінде қолданып жүрген, көп шығынды қажет ететін
технологиялары әлемдік қалыптағы экологиялық талаптарға сай, жер
қойнауына тигізетін әсерлері барынша шектелген, қоршаған ортаны қорғап,
адам денсаулығын сақтауға бағытталған шаралары мүлтіксіз орындалады.
Мұнай,
газ
кен
орындарында
жасанды
зілзала
ошақтарын
болдырмаудың алдын алатын шара - өнімінен босап қалған жерасты
кеңістіктерін толтыру, жер қойнауының табиғи жаратылысын қалпына
келтіретін әдістерді жобалап, оларды өндіріске енгізіп, міндетті түрде
орындалуын қадағалау. Бүгінгі өмір шындығы көрсетіп отырғандай,
бабамыздан мирас болып қалған қазақтың жері, оның қойнауы тек халқымыз
43
үшін қасиетті, қастерлі. Өйткені, ол болашақ ұрпағымыздың өмір сүру аясы,
отанымыздың тұғыры, сондықтан осындай өмірлік мәселеге тап қазіргідей
атүсті, салғырт қарауға болмайды. Мемлекет мүддесін ойласақ, оны шын
мәнінде көздің қарашығындай қорғайтын кез жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |