Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің



Pdf көрінісі
бет15/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Жаңа сөздің мәнін түсініңіз! 
 
Пандемия – дегеніміз жұқпалы аурудың дүниежүзіне таралуы немесе үлкен 
аумақта таралуы. 
Картель – монополияның бір түрі, әрбір өндіріс саласындағы ірі өнеркәсіп 
иелерінің нарыққа үстемдігін және соған өзара келісушілердің тауарға 
бірыңғай нарық қойып, пайда түсіру үшін жасаған келісімі. Мысалы, жанар-
жағар май станциялары қожайындарының бірігіп, бір жоғары бағаны ұстауға 
және ол бағаны нарықтан түсірмей тұру жөнінде жасасқан келісімдерін 
картель деп атауға болады. 


28 
Траст – сенім білдіру, яғни бір адамның өз мүлкін екінші адамның басқаруына 
сеніп тапсыруы. 
Мына тіркестерді басқа қандай тіркестермен алмастыруға болатынын
жазыңыз. 
 
Үрей туғызу, дүрбелең салу, дүниеге келтіру, білек сыбана кірісу,
науқанға айналу, айғақ болу, қолдау жасау, жағаны ұстатар жаңалық, жер 
жастандыру, сөзін түйіндеу, нәубеттің басталуы, талқыға салу. 
Мәтіннен сын есім және зат есім терминдерді тауып жазыңыз да, 
жасалу жолын түсіндіріңіз. 
 
Бұл оқулықта өсімдіктен бөлініп алынған клеткаларды, тканьдарды, 
мүшелерді жасанды қоректік ортада асептикалық жағдайда өсірудің 
теориялық негіздері мен әдістері жазылған. Клеткаларды in vitro жағдайында 
өсіру әдісі өсімдіктер биотехнологиясының негізі ретінде қарастырылады. 
Кітапта іn vitro өсірілетін өсімдік клеткаларынан қажетті өнімдерді шығару 
технологиясы, клондық микрокөбейту әдістері, клеткалық селекция, 
гаплойдтың технологиясы, клеткалық және гендік инженерия мәселелері 
талданады. 
 
Мәтіннен терминдердің қолданылу аясына қарай түрлерін және 
құрамына қарай түрлерін топтап жазыңыз. Олардың қай сөз табынан 
екенін анықтаңыз. 
 
Қоршаған ортаның ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде ғаламдық 
экологиялық мәселелер туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып 
отырған «Жылу эффектісі», «Озонның жұқаруы», «Қышқыл жауындар», 
«Әлемдік жылыну»т.б. 


29 
Адам баласы, әсіресе, атмосфера ауасының ластану көздерін тереңірек білген 
жөн. Оның себебі, барлық зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық 
қосылыстарға айналып газ, сұйық немесе қоспа түрінде топырақ, су бетіне 
келіп түседі. Осындай бір зиянды қосылыс көміртегі оксиді мен монооксид. 
Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі газы түзіледі: көміртегі диоксиді -
улы емес және монооксид - улы газ. Монооксид адамның қанындағы
гемоглобинмен тез қосылып, зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады. 
Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде 
жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді он 
жыл сайын 2% өсіп атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал жылу 
эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, 
әр түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі, ауа-райының
өзгеруі, шөлейттену, өрттер т.б.) тууына себеп болып отыр. Мысалы, ХХ
ғасырдың 90 жылдары мұндай табиғат құбылыстарының 30% жеткенін БҰҰ-
ның зерттеулері көрсетіп отыр. Ол жағдайда жер шарының орташа 
температурасы 0,1 градусқа, ал 2050 жылдары екі есеге өсе түсетіні 
дәлелденген. Осы мәліметтерді жер компьютерлік жүйе арқылы есептегенде
жер шарының орташа температурасы жақын жылдары 1,5-4,5 градусқа жетуі
әбден мүмкін. Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік 
мұхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда “топан су” қаупін 
туғызуы сөзсіз. Ал мұхиттар деңгейінің көтерілуі - адамзат үшін аса қауіпті 
мәселе.
ХІХ ғасырдың 80 жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір 
жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида тұсында 
озонның мөлшері күрт азайып, ол 7 млн. шаршы шақырымға жуық аумақты 
қамтыған. Осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалып, оның
мөлшері 50% жеткен. 
Осы жағдайға байланысты БҰҰ жанынан Ғылыми кеңес құрылып, 
«озонның жұқару» себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі-
хлорфтор көміртектік (фреондар) қосылыстар екендігі анықталды. Осы 
химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға 
ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегінде озон молекуласын ыдыратып
жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процесі басталып, космостан 
келетін зиянды ультракүлгін, ультрақызыл сәулелердің еркін өтуіне жол беріп, 
бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді. 


30 
Қазақстан территориясында озон қабатының бұзылуы космос полигоны 
орналасқан Орталық Қазақстанда байқалады. Сол маңайдағы жайылымдар 
шөбінің құрамының өзгеруі, сол жерді мекендейтін қарақұйрық етіндегі 
радиациялық элементтер мөлшерінің шамадан тыс көбеюі озон қабатының 
бұзылуы мәселесіне тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет