51
Талдауға арналған қосымша мәтіндер
Қазақстан ғылымындағы биотехнологиялық жаңалықтар
Біздің елімізде ғылыми зерттеулер жүргізіп отырған санаулы ғана ұжым
бар. Соның бірі – Ұлттық биотехнологиялық орталық. Отандық
биотехнологтар 2006 жылы «құс тұмауына»
қарсы вакцина ойлап тауып,
Ауылшаруашылығы министрлігінің тапсырмасымен 15 млн. дана дәрі-дәрмек
шығарды. Әлемді шулатқан пандемиялық тұмауға қарсы егілетін вакцинаны
бұл күнде дәріхана сөрелерінен көруіңіз мүмкін. Клиникалық зерттеулер
жүргізуге Үкімет республикалық бюджеттен 100 млн. теңге бөлді. Әрине,
дәрі-дәрмек Бүкіләлемдік денсаулық сақтау Ұйымының келісімінен соң ғана
өндіріске шығарылады.
52
Биотехнологияның ауылшаруашылығы бойынша ашқан жаңалығы -
шөлге төзімді «Бәйтерек» бидай сорты мен вирустан
тазартылған картоптың
жаңа тұқымы. Экология саласы бойынша ғалымдар жерге төгілген мұнайды
жейтін бактериялардың жаңа түрін ойлап тапты.
Семей полигонының зардабы жойылғандай болғанмен, осы өңір
тұрғындары арасында онкологиялық сырқат деңгейі жоғары. Арнайы жоба
бойынша Ұлттық биотехнологиялық орталық
Семей өңіріндегі әйелдердің
денсаулығын тексергенде соған көз жеткізді. ДНК – ның құрамын зерттей
отырып, алдағы бес жылда адамның қандай ауруға шалдығуы мүмкін деген
болжамды да дөп айтады. Адам генінде өзгерістер басталғанын арнайы жабдық
айқын көрсетеді. Қазірде биотехнологтар республика бойынша әр аймақ
тұрғындарының қандай ауруға жиі шалдығатынын зерттеуге кірісті.
Республика бойынша 112 адамнан қан алынған.
«Ұлттық биотехнологиялық орталықтың» бас директорының айтуы
бойынша, барлық облыстың тұрғындарынан қан алынған. Жоспар бойынша әр
облыстан 1000 адамнан қан алынуы керек еді, мұның өзі нақты қай облыстың
тұрғындары қандай аурумен көбірек ауыратынын анықтауға мүмкіндік
берер
еді. Ал қазір әр облыстан 20-30 адамнан ғана қан алынып отыр.
Осы орталықтың ғалымдары қызылша ауруына қарсы егілетін
вакцинаның жаңа түрін де ойлап тапты. Күні кешеге дейін медицина мүмкіндігі
оны нәрестеге 9 айдан кейін ғана жасауға мүмкіндігі болса, жаңа препаратты 5
айлық балаға пайдалануға болады. Сондай-ақ орталық қан аздық ауруларының
ауыр формасын емдеу үшін электрополитен деген дәріні ресейліктермен бірігіп
дайындап жатыр. Медицина ғылымында клиникаға дейінгі сынақ деген ұғым
бар. Ол дегеніңіз жаңа препараттарды тышқан, қоян секілді жануарлар түріне
егіп, соның нәтижелерін бақылайды. Жаңа шығарылған дәрілердің барлығы
дерлік осындай сынақтан өткізілді.
Мұнайдан алынатын «Экобак» деген бактериялар
жобасы еліміздің
экологиясына бірден бір көмегін тигізіп жатыр. Алғашқы сынақ та өз
тиімділігін көрсетіп, ғалымдар бұл жобаның өміршең болатынын дәлелдеп
берді. Үш ай ішінде бактерияның белгілі бір мөлшері 12 мың тонна мұнайды
өңдеген. Осыдан біраз уақыт бұрын Қарағанды
облысының аумағындағы
«Шымкент - Павлодар» мұнай құбырында апатты жағдай болып, екі гектар
жерге көмірсутегі төгілген еді. Дәл осы жағдайда отандық ғалымдардың көмегі
тиді. Олар топырақ пен мұнайдың құрамын зерттеп, зертханалық жағдайда
бактериялар өсірген. Көп ұзамай зақымданған аумаққа
апарып бактерияларды
53
төккенде, мұнайды бактериялар жеп, артынан азық таусылған соң өздігінен
жойылып кеткен. Каспий теңізіне экологиялық мониторинг жүргізіп жатқан
биотехнологтар судың құрамында ауыр металдардың көбейіп, су
асты
өсімдіктері мен жануарларына залал келіп жатқанын ашық айтып отыр. Алдағы
уақытта осындай бактерияларды Маңғыстау жеріне апару жоспарланып отыр.
( Мәтін оқу бағдарламасына сәйкес болғандықтан, Интернеттен алынып
ықшамдалған.)
Достарыңызбен бөлісу: