Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің



Pdf көрінісі
бет38/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Базарбай ИСАЕВ, 
Мәтін интернеттен алынған. 
2. Ғылыми - бағалау мәтіндері 
 
Ғылыми - бағалау мәтіндеріне түсініктеме (аннотация), пікір (отзыв), 
сыни-пікір (рецензия) жатады. Бұл мәтіндердің барлығы да белгілі бір 
жазылып біткен ғылыми еңбекке арналып жазылады, бірақ олардың жазылу 
мақсаты әр түрлі болады. Мысалы, сыни-пікір жазылып біткен, бірақ жарыққа 
әлі шықпаған, басылуға жолдама алған еңбекке жазылса, пікір жазылып 
біткен және баспадан шыққан немесе баспасөз бетінде жарияланған еңбекке 
жазылады. Ал түсініктеме басылып шығатын еңбекке арналып жазылатын 
қысқаша мәлімет. Ғылыми – бағалау мәтіндерінің мазмұны мен құрылымы 
өзара ұқсас болғанмен, олардың өзіндік ерекшеліктері және атқаратын 
қызметі де бар. Дегенмен, олардың бәріне ортақ белгілер де жоқ емес. 
Оларды жазу барысында мынадай библиографиялық мәліметтер міндетті 
түрде жазылуы тиіс: еңбектің атауы, авторы, қашан, қайда шыққаны, қысқаша 
мазмұны, кімдерге арналғаны. 
Түсініктеме - түпнұсқаға (кітап, оқулық, монография, мақала) жазылған 
қысқаша сипаттама. Мұнда түсініктеме жазылып отырған еңбектегі негізгі
тақырыптық мәселелер қамтылады. Түсініктемеде сол еңбектің мақсаты, 
қысқаша мазмұны, кімдерге арналғаны, ғылымның қай саласын қамтитыны 
көрсетіледі. Түсініктеменің оқырман үшін маңызы зор. Дұрыс және сауатты 
жазылған түсініктеме қажетті еңбекті тез тауып, уақыт үнемдеуге септігін 
тигізеді. Түсініктеме көпшілікке түсінікті, қарапайым тілде жазылуы тиіс. 


69 
 
Берілген түсініктемелердің үлгісімен танысып, жазылу ерекшелігіне 
назар аударыңыз.
 
Г.Ж.Уәлиханова. Өсімдік биотехнологиясы. Оқулық. Алматы: Қазақ 
университеті. 2001ж. -350 бет. 
Оқулықта өсімдіктен бөлініп алынған клеткаларды, тканьдарды, мүшеле- 
лерді жасанды қоректік ортада асептикалық жағдайда өсірудің теориялық 
негіздері мен әдістері жазылған. Клеткаларды in vitro жағдайында өсіру әдісі 
өсімдіктер биотехнологиясының негізі ретінде қарастырылады. Кітапта іn 
vitro 
өсірілетін өсімдік клеткаларынан қажетті өнімдерді шығару 
технологиясы, клондық микрокөбейту әдістері, клеткалық селекция, 
гаплойдтың технологиясы, клеткалық және гендік инженерия мәселелері 
талданады. 
Оқулық университеттің студенттеріне, магистранттарына, аспиранттарына 
және ғылыми қызметкерлерге арналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет