63
ІІ бөлім. Ғылыми стильдің жанрлары
1. Ғылыми мәтіннің құрылымы
Ғылыми мәтіндегі мәліметтердің берілу жүйесі мен оның ішкі
бөліктерінің орналасу ретін, ерекшеліктерін
білу ғылыми мәтінмен жұмыс
істеуді жеңілдетеді. Яғни, ізденуші реферат, түсініктеме, конспект немесе
аудармамен
айналысып жұмыс жасағанда, уақыт үнемдей отырып, қажетті
материалды тез, дәл таба алады.
Ғылыми мәтіннің құрылымы сыртқы және ішкі элементтерден тұрады.
Ғылыми мәтіннің ішкі құрылымы элементтеріне экскурс, тақырыптық шегініс
және авторлық бағалау жатса, сыртқы құрылымы элементтеріне аталуы, түйін,
кіріспе, бап, тарау, қорытынды жатады. Сонымен, мәтіннің құрылымы деп
мәлімет беру мақсатында өзара күрделі байланысқа түскен
тілдік
элементтердің жиынтығын айтамыз.
Құрылымның ішкі элементтері
Экскурс - сөз болып отырған
ғылым саласына байланысты, жанама
мәселелерден хабардар ету, соған шолу жасау. Тақырыпқа жанама мәселелер
ретінде
мәселенің тарихы, жалпы қоғамдық, әлеуметтік, саяси,
қаржыландыру мәселелері қарастырылады. Экскурс таза ғылыми мәтіндерден
гөрі жалпы жұртшылыққа арналған ғылыми-көпшілік
мәтіндерде кездеседі,
себебі таза ғылыми мәтіндер көп сөзділіктен гөрі, нақты тұжырымдарға
негізделуі тиіс.
Тақырыптық шегініс - қаралып отырған мәселелермен тығыз байланысты,
бірақ нақты осы еңбекте зерттеу нысаны болмай отырған мәселені қамтиды.
Авторлық бағалау - көтерілген мәселеге байланысты автордың
субьективтік
көзқарасы, эмоциональды-зерделі ой толғаныстары, өзіндік
ғылыми тұжырымдары. Авторлық бағалау ғылыми-көпшілік мәтіндерде де,
64
нақты ғылыми мәтіндерде де кездеседі, себебі автор қандай мәселеге
байланысты болмасын өз ойын ортаға салуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: