66
ризоторфин
препаратынан
артық
деп
бағалап
отыр.
«Нитрагин» препаратын Алматы облысының Панфилов кеңшарындағы
«Байсерке-Агро» фирмасының территориясында 2004 жылдан бастап
пайдалануда. Осының арқасында соядан алынатын өнiм жыл өткен сайын
артып келедi. Мысалы, 2004 жылы бұл жерде 230
гектарға соя егiлсе, оның
өнiмi әр гектардан 23 центнерден түстi. Ал, бұрын, яғни «Нитрагин»
препаратын ендiрмей тұрғанда бұл жердiң әр гектарынан 18,5 центнер өнiм
алынатын. Сонда, «Нитрагин» препаратын ендiрген кездегi әр гектардан түскен
таза пайда 12 мың теңге болып отыр. 2005 жылы осы фирма 320 гектар жерге
соя ексе, оның әр гектарынан 13 мың теңге пайда тапты. 2006 жылы 450
гектарға соя егiлдi. 2007 жылы бұл көрсеткiш 580 гектарға жеттi, сөйтiп жаңа
препаратты ендiру арқылы бұршақ тұқымдас дақылдардың өнiмi бұрынғыдан
қарағанда артып, жер қабатының (қарашiрiктiң) жақсара түсетiнiн, ондағы
азоттың
көбейетiнiн
көрiп
отырмыз.
Бұл жөнiнде «Байсерке-Агро» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң бас
аграномы Р.Босқынбаев былай дейдi: «Ғалымдардың жылдар бойы сарсылып
еткен еңбегiнiң жемiсi өндiрiске енгiзiлгенде ғана бiлiнедi. «Нитрагин»
препараты жасалғаннан кейiн оны қолдануды жүзеге асыруға бiз кiрiсiп едiк.
Мiне, соңғы 3-4 жылдың көлемiнде оны пайдаланудың арқасында бұршақ
тұқымдас дақылдардың өнiмдiлiгi бұрынғыға қарағанда анағұрлым артып, таза
пайда көрiп отырмыз. Мен ғалым агроном ретiнде және осы жаңа препаратты
өндiрiске тiкелей ендiру арқылы бұршақ тұқымдас дақылдардан мол өнiм, таза
пайда алып отырған шаруа ретiнде, сонымен қатар жердi құнарландыруда
«нитрагиннiң» атқаратын ролi орасан екенiн тәжiрибеде анық дәлелдеп отырған
адам ретiнде де оның пайдасы зор деп атап айтқым келедi».
Ауылшаруашылығы
ғылымдарының
кандидаты
«Ғалым»
шаруа
қожалығының бастығы Т. Құдайбергенов «Нитрагин» препаратының
артықшылығын айта келiп: «Бiз бұрын да соя егетiнбiз. Ол кезде Ленинград,
(қазiргi Санкт-Петербург) ғалымдары жасап шығарған «ризоторфин»
препаратын пайдаланушы едiк. Оның қымбаттығына байланысты көп жылдар
бойы пайдалана алмай келдiк. 2005-2006 жылдары бұршақ тұқымдас
дақылдардың тұқымын өзiмiздiң егемен елiмiздiң биология саласындағы
жетекшi ғалымдардың жасап шығарған «нитрагин» препаратымен өңдедiк.
Соның арқасында әр гектардан бұрынғыға қарағанда 3-5 центнерден артық өнiм
алынып, жердiң құнарлылығы да арта түстi. 2006 жылы жоңышқа еккенде де
осы «нитрагиндi» пайдаландық. Бұршақ тұқымдас дақылдарды еккен кезде
өзiмiздiң қазақ ғалымдарының ойлап тапқан биологиялық препараты
«нитрагиндi» енгiзу арқылы мол өнiм алып отырғанымыз оның экономикалық
тиiмдiлiгiн
көрсетедi»,
–
дедi.
«Жаңа жол – АЖ» шаруа қожалығының басшысы А.Жиенқожаев
«нитрагин» биопрепаратының артықшылығы жөнiнде өзiнiң пiкiрiн былай
түйiндейдi: «Бiздiң Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына қарасты өзiм
басқарып отырған шаруа қожалықтың жалпы көлемi 170
гектар алқапқа
өсiрiлген түйежоңышқа өсiмдiгiнен өнiм алуда ғалымдардың жасаған жаңа
67
биопрепараты – «нитрагиндi» пайдалану тиiмдi екенiн тәжiрибе көрсетiп отыр.
Мысалы, 70 гектар жерге егiлген түйежоңышқаға әлгi биопрепаратты
қолданбаған кезде түйежоңышқаның әр гектарынан 236 центнерден көк балауса
алсақ, тәжiрибе ретiнде (түйежоңышқа тұқымын нитрагин биопрепаратымен
өңдегеннен кейiн) егiлген 100 гектардың әр гектарынан 321 центнерден көк
балауса өнiмi алынды. Сонда айырмашылығын көрiп отырсыз, «нитрагиндi»
пайдалану арқылы әр гектардан 85 центнерден көк балауса артық алынуда».
Биология саласындағы бiр топ ғалымдардың жаңадан жасап шығарған
«Нитрагин» биопрепараты өндiрiске енгiзiлiп,
соның арқасында бұршақ
тұқымдас дақылдардан мол өнiм алынып жатқанын жоғарыда келтiрiлген
мысалдардан байқап отырмыз. Бұл бiздiң мемлекетiмiздiң экономикасын
дамыту бағытындағы индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге
асырудағы елеулi үлес. Жаңа технология бойынша жасалған жаңа препаратқа
патенттер берiлген. Оның бiздiң елде бұрыннан пайдаланылып келген Ресей
препаратынан артық екенiн тәжiрибе көрсетiп отыр. Бұл препаратты
пайдаланылмаған жер мен пайдаланылған жерден алынған өнiмнiң айырмасы
едәуiр
екенi
тәжiрибе
жүзiнде
дәлелденген.
Қазiр бүкiл дүниежүзiнде «биологиялық» азот проблемасына айрықша көңiл
бөлiнiп отыр. Индустриалды дамыған елдерде өндiрiске, тасымалдауға, өнiмдi
сақтауға, сондай-ақ минералдық тыңайтқыштарды ендiруге кететiн шығын
соңғы жылдары бұрынғыға қарағанда анағұрлым артып отыр. Әсiресе, газ,
мұнай және көмiр сияқты аса қажеттi заттардың
бағасы шапшаң өсiп бара
жатқанына байланысты азоттық тыңайтқыштардың да бағасы өсiп келедi. Мiне,
осындай қиындықтан шығу жолдарын iздестiру арқасында «биологиялық» азот
пайдалану тәжiрибесi өз жемiсiн бергенiне куә болудамыз. Жердi өңдеудi
биологизациялау
iсi
ауылшаруашылығы
өндiрiсiнiң
экологиясын
тұрақтандыруға, жердi эрозиядан сақтауға қызмет етедi. Биология
ғылымдарының докторы, профессор Аманкелдi Саданов басқарған бiр топ
ғалымдардың жасап шығарған биологиялық препараты «Нитрагин» Қазақстан
жерiнiң өз ерекшелiктерiне лайықталған. Бұл бұрынғы минералдық
тыңайтқыштарға қарағанда биологиялық және экологиялық жағынан таза.
«Нитрагин» биопрепараты соя, жоңышқа және түйежоңышқа өсiмдiктерiн
өсiруге арналған. «Қазақстан Республикасы ұлттық биотехнология орталығы»
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Степногор қаласындағы филиалы
базасында осы «Нитрагиндi» өндiру технологиясы жасалды.
Бұл препарат
Қазақстанның оңтүстiк өңiрiнде тәжiрибеде сыналды. Сол сияқты 2002 жылдан
бастап «Нитрагин» биопрепараты Алматы облысының ауылшаруашылық
далаларында пайдаланылып келедi. Осындай егiс көлемi 6000 гектардан асып
отыр. «Нитрагиндi» пайдаланудың нәтижесiнде әр гектардан бұрынғыға
қарағанда 4-5 центнерден артық өнiм алынуда. 2003 жылдан бастап Қызылорда
облысындағы шаруашылық қожалықтарында түйежоңышқа және жоңышқа
өсiруде «Нитрагин» биопепрепаратын қолдану тәжiрибесi өз нәтижесiн беруде.
Бұл облыста егiлген жоңышқа мен түйежоңышқаның жалпы көлемi 1300
гектарға жеттi. Оның әр гектарынан бұрынғыға қарағанда орта есеппен 30-35
68
пайыз көк балауса артық алынғаны осы жаңа препараттын арқасы деп айта
аламыз.
– Бiздiң елiмiзде минералдық тыңайтқышты, соның iшiнде азоттық
тыңайтқышты өндiретiн өндiрiс орындары жоқ. Осыған байланысты бiздiң
жасап шығарған «Нитрагин» биопрепараты Қазақстан жерiндегi суармалы жер
қабаттарына азоттық азық бере алатын бiрден-бiр препарат болып табылады.
Мұның соя, жоңышқа және түйежоңышқа өсiрудегi
артықшылығын тәжiрибе
көрсетiп отыр, – дейдi Аманкелдi Саданов.
Достарыңызбен бөлісу: