Әдебиеттер:
1. Железняк Д.Д., Петров П.К. «Дене мәдениеті мен спортта ғылыми- әдістемелік іс- әрекеттің негіздері» 2002
2. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998
3. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989
4. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984
Дәріс № 5
Тақырыбы: Таңдап алған спорт түрінің техникалық дайындығының классификациясы. Таңдап алған спорт түрінің техника классификациясы
Мақсаты: Таңдап алған спорт түрінің техникалық дайындығының классификациясын меңгерту.
Техникалық дайындық деп жарыс жаттығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісін айтамыз. Оның негізгі міндеті – спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеру, дағдылану.
Әрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы әр түрлі болып келеді. Төзімділікті керек ететін спорт түрлерінде техниканы жетілдіру қимыл-қозғалысты тиімді түрде орындауға байланысты.
Әр бір спорт түрлерінде жаттығуларды орындаған кезде «эталондық» орындау керек деген көзқарас қалыптасқан. Ол ең жақсы спортшының өз спорт түрінде негізгі жаттығуды орындауы. Ол кітапта жазылған, суретте, кинотүсірулерде көрсетілген жаттығуды орындау түрі, техникасы жаттығуды үйренуге негіз болуы керек. Ал спортшыдан дәл осындай орындау керек деп талап еткен дұрыс болмайды. Спортшы сол көрсетілген жаттығуды орындау техникасын негізге алып, өз ерекшеліктерін ескеріп, жаттығуды орындауы керек. Ол ерекшеліктер: дене құрылысы, дене қуаты дайындығы, физиологиялық, психткалық ж.б. қасиеттер.
Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптар орындауы керек:
-
Техника нәтижелілігі- жарыс жаттығу техникасының нәтижелі орындалуы. Мысалы, волейболшының шабуыл соққысы соққан доп, ойын алаңына түсуі.
-
Тиімділігі-биомеханика заңдылықтарына сай тиімді қозғалыс құрылысын орындау.
-
Тұрақтылығы- тұрақты жоғары көрсеткіштер көрсетуге бағытталған қозғалыс техникасын құрастыру
-
Бейімділігі- спортшының жетілдірілген қозғалыс техникасын барлық жарыс жағдайында орындай алуы.
-
Үнемділігі- энергияны неғұрлым аз жұмсайтын қозғалыс құрылысы.
Әдебиетер:
1.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989
2. Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.
3. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.
Дәріс № 6
Тақырыбы: Таңдап алған спорт түрінің тактикалық классификациясы. Таңдап алған спорт түрінің тактика классификациясы
Мақсаты: Студенттерді тактикалық классификациясымен таныстыру.
Таңдап алған спорт түрлерінің тактикалық классификациясы:
Спорт түрлерінің барлығын әлемде олардың таралу ауқымына байланысты 7 бөлімге классификациялауға болады. Негізінен бұларға қысқы және жазғы олимпиада ойындаы жатады.
1-бөлім. Бұл спорт түрлері, оларға спортшылардың қозғалу двигательдері өзінің физикалық психикалық әсерімен олар (атлетика, гимнастика, футбол). Бұл – адам факторы.
2-бөлім. Бұл спорт түрлері негізінен қозғалыс техникалық құрылғылармен қолдана білуі (автомобиль, мотоцикл т.б.). Бұларда спорттық нәтиже техникалық құрылғыларды белгілі дәрежеде қолдана білу. Олардың құрастырылу сапасына байланысты болады. Бұл адам – көмек жүйесі деп аталады.
3-бөлім. Бұл спорт түрлері белгіленген қару-жарақтың спецификалық нәтижесіне байланысты (атыс, дартс). Бұл адам – қару жүйесі деп аталады.
4-бөлім. Бұл сопрт түрлерінде белгілі нәтижені модельді – конструкциялық шығармашылығы бар спортшының нәтижесі құрайды. Бұл адам – конструктор – көлік жүйесі деп аталады.
5-бөлім. Бұл спорт түрлері, негізіне келесі спортшыны логикалық интелектиалды арту болып табылады (шахмат, дойбы, бридш). Бұл абстракты-логикалық, стратегиялық-тактикалық жүйе нәтижесі.
6-бөлім. – Көпсайыс, спорт түрлерінен құрастырылған, әр түрлі спорт түрлеріне келетін (үш сайыс, бес сайыс, спорттық бағдар, аң аулау, биатлон, су көп сайыс, қызметтік көп сайыс және т.б.).
Қиын координациялық жәнетүрлі қозғалыстар (жоғары нәтижелі спортшының шыдамдылығы).
Жетінші топ – атты спорт түрлері салт атты және жетістіктері олардың қабілеттері және үйлесімділіктері – үйлесімді бірегейлігінде болады. (Жүйе «адам - ат»).
Жарысқа қатысушыларды санына және қабілеттіліктеріне қарай спорт түрлеріне бөлу:
-
Жекелей, нәтиже тек бір спортшыға байланысты (жүгіріс, жүзу, секірулер, мәнерлеп сырғанаумен жеке ... Және т.б.)
-
Қосарлап, нәтиже екі және бірнеше қатысушылардың келісімімен – синхронды қимылдарды (енгізуде секірулер, синхронды жүзу, атты спорт, сәнді билер ... және т.б.)
-
Жеке топтар, жеке сайыстарда топпен орындау (көркем гимнастика, теннис ... және т.б.)
-
Спорттық командалық түрлер – барлығы үйлесімділікпенен, синхронды қимылмен командада дұрыс әркімнің өз орнында болуы (қорғаушы, бомбардир, қақпашы, сонымен қатар стратегиялардың және ойын тактикашылары.(Баскетбол, қол доп, футбол ... және т.б.)
Әдебиеттер
1. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998
2. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989
3. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984
4. Спорттық ойындар. Железняк В.И. М. 2001
Дәріс № 7
Тақырыбы: Таңдап алған спорт түрінің технико-тактикалық дайындық негіздерінің жалпы сипаттамасы. Негізгі түсініктер
Таңдап алған спорт түрінің технико-тактикалық дайындық негіздерін оқу барысында мынандай негізгі түсініктерді танып, түсіне білеміз: «Дене тәрбиесі», «Спорт», «Дене қуатының реабилитациясы», «Дене қуатының рекреациясы», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуатының жетілуі», «Дене дамуы».
Дене тәрбиесі- дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Дене қуаты дайындығы дегеніміз-әр түрлі әрекеттердің әскери, спорт, өнеркәсіп талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі.
Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді.
Жалпы дене қуаты дайындығы- жалпы әр түрлі әрекет түрлерінебағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз-арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Дене қуатының дамуы дегеніміз- адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әр түрлі арнаулы құрастылыған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.
Спорт дегеніміз-әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғарғы жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Спорт көпшілік спорт және жоғарғы көрсеткіштер спорты деп екіге бөлінеді. Жоғарғы жетістіктер спорты ол- жоғары көрсеткіштерге бағытталған жеңімпаздар, рекордсмендер спорты. Жоғарғы жетістіктер спорты әуесқой және кәсіпқой спорт деп бөлінеді. Әуесқой спортшылар көпшілік спортпен айналысады. Көпшілік спорт- ол барлық адамдар қатыса алатын, қатысушылар санына шек қойылмайтын спорт жаттығуларының түрі.
Дене қуатының рекреациясы- жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
Дене қуатының реабилитациясы-адам ағзасының жарақат алып ауырған жүйелерін жаттығулар, массаж, монша буы, су процедуралары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Дене қуатын жетілдіру-адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғарғы деңгейде жеткізу.
Дене қуаты білімі-адамды қозғалыс шеберлігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Әдебиеттер:
1.Теория и методика физического воспитания и спорта. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. М. 2001
2.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.
-
Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.
Дәріс № 8
Тақырыбы: Техникаға оқыту әдістемесі
Мақсаты: Студенттерді таңдалған спорт түрінің техникасын оқыту әдістемесімен таныстыру.
Таңдалған спорт түрінің техникасын оқыту әдістемесі екі кезеңге бөлінеді де, әр кезеңде өзіне тән дене тәрбиесі әдістері қолданылады.
Бірінші кезеңде тараған әдістер мыналар:
-
Қайталау әдәсә. Кенеттен болған дауысқа көп рет, әрбір ретте тезірек сезіну мүмкіншілігін жақсарту.
-
Ойын әдісі. Әр түрлі қозғалмалы ойындар. Спорттық ойындар (баскетбол, стол теннисі, волейбол т.б) ойнау немесе ойын элементтерін қолдану.
-
Жарыс әдісі. Дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушының басқаруымен жарыс, бәсеке түрінде берілетін әр түрлі эстафеталық сипаттағы жаттығулар.
Екінші кезеңде «сенсомоторлық» әдістеме қолданылады. Бұл әдістеме спортшының жылдам қозғалысы және сол жылдам қозғалған әрекетке жұмсаған аз уақыт аралығын айыра білу қабілеттілігіне негізделген. Іс жүзінде ол былай орындалады: спортшы жаттықтырушының жылдамдық уақыты туралы хабарын ала отырып сөрелік дыбысты өте тез сезуге бағалайды, жаттықтырушы сонан соң ғана уақыт ұзақтығын хабарлайды. Спортшы мен бапкердің уақыт ұзақтығын бағалауы бірдей болған кезде, беріледі. Ақырында спортшыда уақытты дәл қабылдау қабілеттілігі қалыптасады, ол сезіну жылдамдығының жақсаруын тездетеді.
Әдебиеттер:
1. Ашмарин Б.А.«Теория и методика физического воспитания» - М.,1990.
2. Донской Д.Д. Зациорский В.Н.- «Биомехника» М., «ФиС», 1979.
Дәріс № 9
Тақырыбы: Тактикаға оқыту әдістемесі
Денешынықтыру тәжірибесінде жаттығу термині 2 түрлі мағынада беріледі:
А) Денешынықтырудың құралы ретінде арнайы, жылжымалы әрекеттердің түрлері (биіктікке секіру, граната лақтыру, домалау т.б.)
Б) әдіс түріне яғни тәсілдерді қолдану әдістемесі арқылы, шындығында жылжымалы әрекеттерді әдейі қайталау арқылы қабілетін сапасын арттыруға, тәрбиелеуге апарады.
Бастысы, әдістемені меңгерудің де ең бастысы жаттығу толық үйренуі және жаттығуды жеке-жеке үйрену әдістемелері жатады.
-
Жаттығуды толықтай үйрену әдістемелері.
Бұл әдістеме барлық оқу этаптарында қолданылады және қозғалыс әдістемесін ең соңғы оқу жаттығуы ретінде көрсетеді.
Оқудың басқа этаптарында қолдануы мүмкн, егер оқушылардың дайындық дәрежесі биік болса және оқытылып жатқан жаттығу оңай болса. Ол соңғы этапта және әрекетті тексеру кезінде ылғи қолданылады. Барлық қозғалыс әрекеттерінің толықтай үйрену әдістемесі осы әдістің жақсы жағы болып келеді. Ал жетіспеушіліктеріне келетін болсақ- ол бір уақытта көп қозғалыс жаттығуларын шешу керек, сонымен өз ойын барлық техника бөлшектеріне жинақтау. Осыған байланысты әрдайым жатығу жасау жерінде, бөлек қозғалыстарды бөліп көрсетіп, өз көңілін жаттығу жасап жатқандарға бөледі.
-
Жаттығуды жеке-жеке үйрену әдістемесі.
Қиын жылжымалы әрекетті басында бөлшектейде де, сол бөлшектерді зерттейді, сосын бірге қосады. Басты мақсаты жаттығуды бөлшектеу емес. Ол басты этапта толық әрекетті игеруді жеңілдетеді. Көзқарасты әр бөлшекке аударуды, оқу уақытын қыстырылуы, оқу процесін әрбір сабақта тура өткізуі, оқушылардың сабаққа деген құлшынысын артыруы әдістеменің жағымды жақтарына жатқызуға болады.
Бір жайтты ұмытпау керек, жаттығудың жеке-жеке үйрену әдістемесінен жаттығудың толық әдістемесін үйренуі бір белгілі уақытта болуы керек. Өйткені кешіктелінген уақытта болған қосылыс бізге өте қиын жаттығу болуы мүмкін.
Дұрыс бөлшектемеген жағдайда жаттығудың жеке бөлшектері өзіне тән емес мінездемесі қосылуы мүмкін. Толықтай жаттығудың әдістемесін үйренгенде және жаттығудың жеке- жеке әдістемесін тәжірибеде қосымша әдістеме ретінде қолданғанда қорытынды жаттығу ретінде қолданады. Қорытынды жаттығу өз құрамы бойынша толық қозғалмалы әрекетке және жеке қозғалыстарына жауап беруі керек. Олар жеңіл қатынастардың жиылуына әкеліп соғады, солардың белгілі бір бейнесімен ьолық жаттығуы оны үйренуге көмектеседі.
Қорытынды жаттығу аяқталған түрде және балаларға түсінікті болуы керек. Жатығудың түрлілігі балалардың қозғалыс тәжірибесін толтырып, сабақтың жақсы өтуіне әсер етеді.
Бірақ қорытынды жаттығудың қолданылуы өзіндік мақсаты емес, сондықтан ол қатал өзіндік болуы керек. Жылжымалы қозғалыстың қиындығына байланысты әрбір оқушыға өзінің қорытынды жатттығуы керек, ол оқу алдында тұрған мақсатына жетуді тездетеді.
Негізгі әдебиет
1. Оқушылардың дене тәрбиесі негіздері. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989
2. Железняк Д.Д., Петров П.К. «Дене мәдениеті мен спортта ғылыми- әдістемелік іс- әрекеттің негіздері» 2002
Қосымша әдебиет:
1. Гимнастика. Палыга В.Д. М. 1982
2. Гимнастиканы оқыту теориясы мен әдістемесі. Филиппович В.И. М. 1971 Кнышев О.Р.
Дәріс № 10
Тақырыбы: Техниканы жетілдіру әдістемесі
Волейболдың ерекшелігі- әдістерді допқа қолды бір-ақ рет тигізіп орындау, допты соғу санының шектелуі, жағдайдың тез өзгеруі, ойыншылардың өзара қозғалыс бірлігі, ойын алаңының шектелуі т.б. жағдайларға байланысты. Әртүрлі жаттығуларды орындау, даярлыққа және екі жақты ойындарға қатысу маңызды қозғалыс қабілетін дамытуға, тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Волейболмен шұғылдану денсаулықты нығайтып, ойыншыларды жан-жақты шынықтырып, көпшілдікке тәрбиелейді. Сонымен қатар бұл кімді болса да қызықтыратын ойын.
Волейбол ойынының материалына құрылған сабақтардың басты бағыты-ойынның осы түрі арқылы оқушылардың дене тәрбиесін жақсарту, волейбол ойынына дағдылану және сабақтан тыс уақыттарда, тұрғылықты жерлерде өз беттерімен шұғылдануға және ойынға қажетті біліммен, шеберлікпен қаруландыру. Сабақтарда ойын әдістері мен тәсілдерін үйретуде волйболға тән қимыл-қозғалыстың жетілдірумен қатар оқу материлдарын игеру дәрежесі де дағдыланады. Орта білім беретін мектептерде спортшы-волейболшылар даярламайды, сондықтан секцияларда немесе арнаулы спорт мектептерінде волейбол ойынын игерген оқушыларға артықшылықтар берудің қажеті жоқ. Керісінше олар сабақтарды өткізу барысында оқытушыға көмекші болады.
Оқушыларды жапай қамти отырып, волейболдан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Атап айтқанда, ІҮ-ҮІ класс оқушылары үшін мини-волейбол ойынының әдістерін үйретіп, жарыстар өткізу, ҮІ-ҮІІ класс оқушыларын волейболға одан әрі дағдыландыру, сабақ арасындағы үзілістерде оқушылар шеңбер бойында тұрып тор арқылы ойнауға да болады.
Әр сабақта оқушылар өз бетімен волейбол ойнағанда барынша күш түсетін тірек-қимыл аппараты мен бұлшық еттер тобын (қол саусақтары, иық, тізе, тобық буындары) сондай-ақ шапшандық- күш, секіргіштік қабілеттерін т.б. жетілдіре түсуі қажет. Волейбол сабақтарын ойдағыдай өткізу үшін салмағы 1,5-2 кг. бітеу доптар резеңке бинттер, доп ұстағыштар, рәзеңке серппелі доптар қажет.
Әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.
2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990
Дәріс № 11
Тақырыбы: Тактиканы жетілдіру әдістемесі
Мақсаты: Волейбол ойынының тактаксын жетілдіру әдістемесін үйрету.
Ойын тактикасы- бұл қарсы жақты жеңіп шығу мақсатында барлық ойыншылардың қимыл-қозғалыс әрекетін ойластырып, дұрыс ұйымдастыру. Волейболшылардың бүкіл қимыл-қозғалыс әрекеті екі бағыттан тұрады: шабуыл мен қорғаныс әрекеті. Шабуыл мен қорғаныста жеке, топтық және командалық қозғалыс тәсілдері болады. Жалпы алғанда спорттық мектептер программасында 110 түрлі әдіс-тәсілдер енгізілген.
Ойынның мақсаты тек әдіс-тәсілдердің дұрыс жоспарлануы арқылы жүзеге асырылады. Бұл әсіресе жеке ойыншының қозғалысынан айқын байқалады. Мысалы, допты ойынға қосқанда қалай бағыттау-бұл әдіс-айла, ал допты сол нүктеге дәл түсіру дағдыланғандық шеберлікке байланысты. Бопты соғуға берерде шабуылшының қайсысы оңтайлы екені анықталады, қорғанысты допты қабылдау әдісі (жоғарыдан, төменнен) таңдап алынса, тосқауыл қоюда тордың үстіне шығару сәтін, доптың бағытын алдын ала білу қажет.
Топтық әдісте екі-төрт ойыншы ойнайды. Шабуыл әрекетін тордың жанындағы үш ойыншы, сондай-ақ 6-5 І-аймақтағы ойыншылар допты қабылдаған соң бірлесе отырып ойнайды. Осы бірлескен қозғалысты тәсілдік комбинация деп те атайды. Қорғаныс әрекеттеріне 3,4,2 аймақ ойыншыларының артқы шепті қорғауы, сондай-ақ тосқауыл қоюшылардың орнын қауіпсіздендіру қозғалыстары жатады.
Ойын кезінде командалық әдістерді қолдануға бүкіл команда мүшелері қатысады. Оны «ойын жүйесі» деп те атайды. Шабуыл да екі жүйеде болады: 3-2-4-аймақтардағы ойыншылардың бірі берген допты алдыңғы қатардағы ойыншылардың бірінің екінші берілістен кейін шабуылдай соғуы; екіншісі- артқы қатардан торға қарай шыққан ойыншының допты екінші берілістен шабуылдай соғуы. Екінші системаны негізінен тәжірибелі волейболшылар пайдаланады. Қорғаныста да екі жүйе бар: «Алдыңғы бұрыштан» - мұнда 6- аймақты ойыншысы шабуыл аймағына шығып, қорғанысқа тұрады, «артқы бұрыштан»- мұнда әлгі ойыншы алаңның артқы сызығына жақын орналасып, команданың қорғаныс позициясын күшейтеді.
1. Спорттық ойындар. Москва, 2001 Железняк Ю.Д.
2. Учебник тренера по волейболу Москва, 1996 Игнатева В.Я.
3. Уроки по волейболу. Башкин С.Г. 1966
Дәріс № 12
Тақырыбы: Техниканы оқыту құралдары
Мақсаты: Таңдап алынған спорт түрінің техникасын оқыту құралдарымен таныстыру. Толық мәлімет беру.
Ойын тәсіліне дағдылану процесінде оқушылар ойын әдісін үйренеді. Волейболдағы негізгі құралдар- доппен жаттығу, жұптасып ойнау және екі жақты ойын нәтижесі оқушылардың әдіс-тәсілдерін қалай меңгергеніне байланысты. Егер сол құралдардың әсері жақсы болса, ол жаттығуды немесе ойынды орындау уақытына байланысты. Ал әсері төмен болса, уақытты созудан нәтиже бермейді (ойыншылар босқа тұрады да ойынның қызығы кетіп, балалардың ынтасы қайтады).
Ойыншының айла-тәсілін жақсы меңгеруі үшін дене тәрбиесі пәні мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен сабақта оқушылардың ынта жігері мен ебекқорлығына байланысты. Сондай-ақ сабақтан тыс кезде өз бетімен даярлану және оқушылардың дене жағынан дамуына да байланысты.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Учебник тренера по волейболу Москва, 1996 Игнатева В.Я.
2. Уроки по волейболу. Башкин С.Г. 1966
Дәріс № 13
Тақырыбы: Тактиканы оқыту құралдары
Мақсаты: Таңдап алынған спорт түрінің тактикасын оқыту құралдарымен таныстыру. Толық мәлімет беру.
Тактиканы оқыту құралдарының негізі- арнаулы жаттығулар, жұптасып ойнау, екіжақты ойын нәтижелері.
Кең тараған жаттығулардың қатарына түрлі әдістермен орын ауыстыру, бір орында тұрып және қозғалып барып бір немесе екі аяқпен секіру, жоғары секіріп, секірген допты соғу, бір орыннан, секіріп барып бітеу допты кеудеден, желке тұстан лақтыру, допты беру, шабуылдай соғу жатады.
Ойынға дайындық, яғни денені қыздыру жалпы дамыту және арнайы даярлық жаттығуларынан (тез қозғалу, қуалай, домална, бір немесе екі аяқпен секіріп барып орын ауыстыру, шабуылдаушы соққыны, тосқауыл қою қозғалысын көрсету, қолдың қимылымен үйлестіре түрлі әдіспен орын ауыстыру т.б.) тұрады.
Арнаулы бөлімге жаттығу әдістері бойынша: допты жұптасып екі қолмен жоғарыдан беру және төменнен қабылдау, топ арқылы шабуылдай соғу, әріптесіне доп беру енгізілген. Жоғары разрядты командаларда жалпы дамыту жаттығуларын ойын функцияларына қарай (байланыстырушы және шабуылдаушы) енгізеді. Жалпы дамыту жаттығуларының уақыты-10-15 минут.
Жалпы дамыту жаттығулары міндетті түрде өткізіледі, денені қыздырып, жұмысқа дайындау. Әсіресе, бұл шабуылдаушы соққыға, тосқауыл қоюға және екі жақты ойын кезінде жарақаттан сақтандырады.
Әдебиеттер:
1. Максименко А.М. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі негіздері., 1999.
2. Матвеев Л.П. Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі. Дене шынықтыру институттарына арналаған оқулық
3. Оқушылардың дене тәрбиесі негіздері. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989
Дәріс № 14
Тақырыбы: Спорттық жаттықтырудың негізгі жақтары. Техникалық, тактикалық, психологиялық, денешынықтыру т.б.
ФИЗИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
Денешынықтыру дайындығы спорттық жаттықтырудың негізі болып таблады. Спортшының физикалық сапаларының қалыптасуына мақсатталған үрдіс. Бұл сапалар: күш, шыдамдылық, майысқақтық, жылдамдық қабілеттері.
Физикалық мәдениеттің негізгі қаржысының қозғалысы жаттығуының қозғалыс – ол физикалық трренировкасы. Жаттығудың мағынасы физиологиялық, биохимиялық, морфологиялық өзгерулердің дамуы, бірнеше қайталанатын жұмыстың әсерінен пайда болуынан немесе басқадай активті түрлеріне байланысты жәнеөзгерілетін жүктемесі, және функционалдық пен құрылымдық ресурстар бойынша.
Тренировканың барысында организмнің жұмыс қалыптасуының динамикасы болады, бірақта ол өзгеруін сипаттайды, жаттығу процесінде организмде өзгерістер және организмнің сапалы мұрагерлік организміне қайтару әдістері мен дамуы және жетілдіруі бойынша тренировка процесінің әр түрлі жолдары мен динамикасы.
2.Жеке тазалық өзінің құрамына орынды тәулік режимді еңгізеді, дене күтімін, киімнің және аяқ киімнің тазалығын, күн тәртібіне ерекше мән береді. Оны дұрыс және қатаң сақтағанда организнің қызмет етуіне дәл режим тудырады. Бұл өзінің кезегіне ерекше жағдай жасайды, жұмыс істеуіне қалпын келтіруіне, сонымен қоса денсаулықты сақту қабілеттілігін нығайтуға және еңбек өнімділігін арттыруға. Еңбек өнімділігі үздіксіз бұзылуы сабақтың, сергектенудің, ұйқының төмендеуіне және басқадай жарамсыздық оқиғаларға әкеледі. Оқушылардың басым көпшілігінде ең максималды жұмыс қабілеттілігі болуы үшін, бекітілген: сағат 10 – 12 және 16 – 18 аралығында. Дәл осы уақытта ең жоғарғы жұмысты аз шығынмен орындауға болады. Күн тәртіп кестесін құрастырғанда оның ерекше нұсқауларын сақтау қажет: белгіленген уақытта әртүрлі қызметтің түрлері бойынша орындалуы, жұмыс пен демалыс уақытының дұрыс алмасуы, уақтылы тамақтануы. Таңертеңгі уақытта сылббыр иінез көрсетеді, көбірек ұйқтағысы келеді, «Бозторғайлар» ерте жатып ұйқтағанды ұнатады. Олар ертемен есесіне аяғына нық тұрады және белсенді ақылды түрде еңбек етуге дайын.
Демалудың ең негізгі толық ұйқыға және еш нәрсемен айырбасталмайтын көңіл бөлу қажет. Тұрақты ұйқының қанбауы қауіпті: Себебі нерв жүйесін жүдетуге әкеледі, организмнің қорғаныс күшін әлсіретеді, жұмыс қабілеттілігінде төмендетеді, көңіл – күйін нашарлатады. Ұйқының ең кең таратылған бұзылуы – ол ұйқысыздық. Ол нерв жүйесінің тозуына байланысты болады, ұзақ мерзімді жұмыс қызуында, қобалжушылықта, шулы ойында және ұйықтар алдындағы оқудан. Ұйқысыздықтан ұйқтататын дәрілерді пайдалануға сенім дұрыс емес. Дұрыс уақтылы ұйқыны жасау үшін, ережелерді орындау қажет қажет. Біріншіден, белгіленген бір уақытта ұйықтау қажет, түнге қарай көп тамақтанбау және су ішпеу керек. Ұйықтар алдында өзіңіздің режиміңізге қыдыру – таза ауада демалуды енгізу қажет. Тыныш жағдайда (свет сөндірілген, радимен, телефонды) тұрақты қалыптасқан тәртіп бойынша ұйқыға дайындалу миды түнгі демалысқа жақсы дайындайды. Ауасы тазаланған бөлмеде міндетті түрде ұйықтаңыз, ашық форточкада ұйықтаған тіпті жақсы.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
Психологиялық дайындықтың мақсаты спортқа керекті спортшының психологиялық және тұлғалық сапасын қалыптастыру. Психологиялық дайындықтың үш түрі бар: жалпы дайындық, жарысқа арнайы дайындық, нақты бір қозғалмалы әрекетті орындауға арналған дайындық.
Жалпы психологиялық дайындық спортшының психологиялық функциялары мен біліктерін жетілдіруге бағытталған. Бұл дайындықтың түрі спортшының спорттық тәртіпті орындау есебінде ғана қалыптасады (жаттықтырудың уақытында өтілуі, тамақтану мен демалыстың қысқартылуы), сонымен қатар таңдап алған спорт түріндегі міндетті атрибуты болып саналатын жоғары психологиялық жүктемелерді орындауда.
Арнайы психологиялық дайындық спортшының белгілі бір мерзімге дайын болуына бағытталған (мәреге, жетістікке). Бұл дайындықтың түрі көп тәсілдер мен құралдар арқылы іске асыруға болады. Әр физикалық жаттығу мен әр дайындық түрінде белгілі психикалық мөлшері болады. Мысалы, жеңіл жүгіріс аз психткалық мөлшерлі, биік тауларға шығу- жоғары психикалық мөлшерлі. Сондықтан әр психикалық мөлшер өзінің деңгейіна қарай қиындық бағытына байланысты анықталады.
Техникалық дайындықтың үш кезеңге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |