«Тағам биотехнологиясы» пәні бойынша практикалық сабақтарға Әдістемелік нұСҚаулық



бет31/33
Дата06.12.2023
өлшемі306.12 Kb.
#485628
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Әдістемелік нұсқаулық Тағам бт

Практикалық сабақ №15
Тақырыбы: Қазіргі биотехнологиялық өндірістің биоқауіпсіздік мәселелер
Сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұны:

  1. Тағамдардың улылығы және олардан сақтану жолдары.

  2. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

  3. Генетикалық және модификацияланған өнімдер.

  4. Тағамдық қоспалардың гигиеналық систематикасы.

Тағам өнімдері – жүздеген химиялық қосылыстардан тұратын күрделі көп компонентті жүйені құрайды.
Тағам өнімдерінің жəне азық-түлік шикізатының негізгі ластану жолдары:

  • рұқсат етілмеген бояуыштарды, консерванттарды, тотығуға қарсы заттектерді қолдану немесе рұқсат етілген түрлерін жоғары дозада қолдану;

  • жаңа дəстүрлі емес тағам өнімдерінің технологиясын қолдану немесе жекелеген тағамдық заттарды, соның ішінде химиялық жəне микробиологиялық синтез жолымен алынған тағамдық зат-тарды қолдану;

  • өсімдік зиянкестерімен күресуде жəне жануар ауруларының алдын-алу мақсатында ветеринарлық тəжірибеде қолданылатын пестицидтермен ауылшаруашылық дақылдарының жəне мал- шаруашылығы өнімдерінің ластануы;

  • өсімдік шаруашылығында жəне малшаруашылығында тыңайтқыштарды, суландырғыш суды, өнеркəсіптік сұйық жəне қатты қалдықтарды, коммуналды жəне ағынды суларды жəне басқаларды қолданудағы гигиеналық тəжірибелерді бұзу;

  • малшаруашылығында жəне құс шаруашылығында рұқсат етілмеген жемдік қоспаларды, консерванттарды, өсу белсен- дендіргіштерін жəне емдік-профилактикалық препараттарды қолдану немесе рұқсат етілмеген қоспаларды жоғарғы дозада қолдану;

  • уытты заттардың тағамдық жабдықтардан, ыдыстан тағам өнімдеріне көшуі жəне рұқсат етілмеген полимерлік, резина жəне металдық материалдарды қолданудың нəтижесінде уытты заттардың тағам өнімдеріне көшуі;

  • жылулық əсер (қайнату, қуыру, сəулелендіру) жəне басқа да технологиялық өңдеу процесі нəтижесінде тағам өнімдерінде эндогенді уытты қосылыстардың түзілуі;

  • өндіріс технологиясы жəне тағам өнімдерін сақтау барысын- да санитарлық талаптарды сақтамау, бұл өз кезегінде бактериалды токсиндердің түзілуіне алып келеді (микотоксиндер, батулотоксин- дер жəне басқалар );

  • тағам өнімдеріне радионуклидтердің, қоршаған орта – атмосфералық ауадан, топырақтан, су қоймаларынан уытты заттардың түсуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет