Бақылау сұрақтары.
1. Крахмалдың классификациясын атаңыз.
2. Крахмалды алу технологиясын келтіріңіз.
3. Крахмал дәнінің құрамы.
4. Қытырлақтығының барын анықтауды қалай жүргізеді.
Зертханалық сабақ №9 (1 сағат)
Тақырыбы: Шарап технологиясын оқу.
Жұмыстың мақсаты :Шарап технологиясын зерттеу.
Тапсырма:
1. Қышқылдығы титрленген шараптың тығыздын анықтау.
2. Қант құрамын?шарап қышқылын,спиртті анықтау.
3. Микроағзалардың жалпы мөлшерін анықтау.
4. Зертханалық сабақтың нэтижесін есепке толтыру.
1. Физико - химиялық зерттеу әдісі.
1.1.Тығыздығын анықтау.
Таза құрғақ цилиндрге зерттелетін шарапты құяды және оған ареометрді салады.Бұл кезде ареометрді мойнынан ұстап тұрып жаймен салады,әйтпесе ол ең түбіне түсіп кетіп,төменгі тығыздықты көрсетеді.
Қаратүсті шарапты немесе шырындыкін зерттегенде санауды белгінің үстіңгі жағынан бастап санайды да, оған 0,002 қосады. Ареометр 20°С -ге градуирленген, сондықтан зерттелетінсұйықтықтың да темпереатурасы 20 °С температурада болуы қажет.
Тығыздығын анықтау алдында шараптағы көмірқышқыл газын жою қажет. Ол үшін шарапты колбаға құйып, түбіне дейін жететін шыны түтігі бар тығынмен жабу керек. Колбаны вакуум-сорғышқа салып ,10 күндей ауаны үрлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |