Майдың құрамын анықтау.
Ылғалды анықтағаннан кейін өлшенген сынаманы мөлшерлеп бюкске салып, 10-15 мл ерітіндімен ( этил спирті немесе петролейн эфирі) құяды. Майды экстрагирлеуді 3-4 минут 4-5 реттік қайталау арқылы жүргізеді. Процесс барысында өлшеніні шыны таяқшамен араластырып, ерітіні әр кез сайын алынған маймен құйып отырады. Соңғы құюдан кейін ерітіндінің қалдығын ауада булайды. Бюкстегі майсыздандырылған өлшендіні кептіргіш шкафта 105°С-де 10 минут аралығында кептіреді.
Майдың мөлшерін мына формуламен анықтайды:
Мұндағы: х2- майдың мөлшері, %;
m1- майсыздандырғанға дейін өлшенген бюкс массасы, г;
m2- майсыздандырғаннан кейінгі бюкс массасы, г;
m0- өлшенді массасы, г;
Достарыңызбен бөлісу: |