Ғалымдардың бұл сөздерін өздерін білім иелеріне жатқызатын кейбір надандардың біздің кезімізде джарх т.с.с. мәселелерімен мәжбүрлеп, істеп жатқан амалдарымен салыстырыңыздар. Сонда Әбу Синанның немесе әл-Фаузанның білім талап етуді енді бастағандар пәленнің пәлен туралы айтқан сөздерін жинап-термей және «джарх» деп аталатын құралды өмірдің мәніне және манһаждың
негізіне айналдырмай, пайда келтіретін нәрсемен және білім алумен айналысуы қажет деген сөздері түсініксіз болғаны ма?! Өйткені біздің кезіміздің жастары «джарх» деп атайтын бұл пәле іздеу мен егестер жаңадан білім іздеушілерді шынайы білім алудан назарын бұрады, ал олардың көбі бір-біріне теріске шығару және сақтандыру жасап жатқан шейхтарды ешқашан естімеген де, көрмеген де болуы мүмкін. Мұның үстіне, шейх әл-Фаузанның пікіріне сәйкес, қандай да бір дүние ісімен айналысу орыс (қазақ – ауд.) тілді мұсылмандарға дағуат етіліп және сұқпаланып жатқан нәрселермен айналысудан едәуір жақсырақ. Ал егер біз дін туралы қарапайым білімдерге де ие болмаған, бірақ шейхтардың арасында бүлік тасып жүрген орыс-қазақ мұсылмандарды сөз етіп тұрған болсақ, онда ғалымдар мұндайды тіпті білім талап етіп жүрген студенттер болып табылатын арабтардың өздеріне тыйым салатын!
Кейбір орыс (қазақ – ауд.) тілді мұсылмандардың айтқан сөздерінен «джарх мәселелері әрбір мұсылманның жеке парызы (фард ‘айн) болып табылады» деген қорытынды шығады, ал мұндайды ешбір ғалым ешқашан айтпаған! «Әл-джарх уа-тт’адиль» ғылымы – мақсат емес, дінді қорғаудың құралы және құрал ретінде де ол - фард кифая және әрбір мұсылман кім туралы кім не деп айтқанын, кім кімге джарх жасағанын т.с.с. жинап-теріп жүруге міндетті емес. Өйткені кейде бұл теріске шығарулардың соңы болмайды және адамдар осыған салынып, алыс (терең) кетіп қалады. Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад айтпақшы, біреу басқа біреуге теріске шығару жасаған болады, содан соң теріске шығарылған адам оны теріске шығарған адамның айтқандары мен жазғандарының барлығын ақтара бастайды да, содан соң айқын болмаған сөздерін немесе қателерін тауып алып, оларға теріске шығару жасайды. Кейін әлгі (бірінші) де солай істей бастайды және әрі қарай осылайша тағысын-тағы жалғаса береді.
Қалайша біреу көбі таухидтің және оны бұзатын нәрселердің түрлерін білмейтін орыс-қазақ мұсылмандардың осы барлық ұрыс-керістерді (салғыластарды) және өзара теріске шығаруларды аңдып отыруға, ал содан соң теріске шығарушылардың немесе сақтандырушылардың біреуін бірмағыналы түрде абзал көруге міндетті екенін айта алады?!
Қашан адамдар дінде құрал болған нәрсені мақсатқа айналдыра бастаса, бұл әрқашан адасушылыққа алып келеді!